Файл: Мектеп малімі, малімдік мамандыты ерекшеліктері. Ксіптік зіреттілік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 94

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Педагогика ғылымы мектеп гигиенасымен тікелей байланысты. Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым. Оқушылардың денсаулығы әр түрлі факторларға байланысты. Мектеп ғимаратында, сынып бөлмелерінде ауаның жеткіліксіз болуы оқушыларды бас ауруына, жалпы әлсіздікке, демек түрлі сырқатқа ұшыратады. Жарықтың нашарлығы баланың көзіне әсер етіп, көру мүшесінің қызметін нашарлатады. Осылардың нәтижесінде балалар сабақ үстінде селқос, сылбыр болып, зейіні нашарлап, ойлау қабілеті төмендейді. Бұл жағдай үлгермеушілікті туғызады.

Педагогиканың методологиялық негізі және ғылыми педагогиканың зерттеу әдістері Методология - дүниені білу тәсілдері туралы ілім. Ғылымның методологиясы - ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін (зерттейтін жері) зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды. Әрбір ғылымның өзінің зерттейтін саласы, оған тән зерттеу әдістері бар. Оның сипаты зерттеу алдында тұрған міндеттерге байланысты.
Педагогиканың методологиясы дегеніміз - кез келген педагогикалық мәселені зерттеу негізіне жататын жалпыға ортақ ережелер, философия заңдары. Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып, өзіне тән әдістерін қолданады. "Даму" сөзі - философиянікі.
Ғылым өз пәнін үнемі зерттеп отырмайынша дами алмайды. Педагогика ғылымы да өзінің күш-жігерін, тәрбие, білім беру, оқыту мәселелерін зерттеуге бағыттайды. Педагогикалық зерттеу әдістері - педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді талдаудық негізгі тәсілдері. Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді. Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; индукция; дедукция; жіктеу; аналогия; салыстыру. Эмпирикалық әдістер: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу; математикалық, статистикалық, графикалық, кесте; баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент). Зерттеулерде мына әдістер пайдаланады.
Педагогикалық бақылау.
Бақылау баланың мінез-құлқын әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді.
Бақылау арқылы мұғалім өте құнды материалдар алады. Байқағыштық - педагогикалық біліктіліктің көрсеткіші.

Л.Н. Толстой "Мұғалім баланы үнемі бақылап, ол туралы көзқарасын өзгерту үшін қайта бақылау керек", - деген.
Бақылау нәтижелерінің дұрыс болуы оған сезім мүшелерінің бәрінің қатысуына байланысты.
Күрделі бақылау - зерттеу жұмысында қолданылатын бақылау.
Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс мақсатты түрде бақыланып, ол туралы фактілер жиналады.
Бақылау - еңбек операциясының, іс-әрекеттің құрамдас бөлігі. Алынған мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудық негізгі қызметі - зерттелетін процесс туралы материалдарды талдау, оларға баға беру. Ол танымның бас кезінде жүргізіледі. "Нақты пайымдау" ой елегінен өткізумен байланысты, аталған әдіс арқылы күрделі педагогикалық құбылыс, процестердің байланысы ашылып, ғылымда белгілі құбылыстарға түзетулер енгізіледі.
Бақылау тиімді болу үшін басқа әдістермен байланыста қолдану керек. Мысалы, эксперимент барысын және нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес.
Зерттеушінің зерттеу объектісімен байланысына қарай тікелей, жанама, ашық, жабық бақылаулар болады.
Бақылаудық бағдарламасы жасалып, болған фактілерді тіркеу әдістері белгіленеді.
Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады. Жанама бақылау зерттеушінің тапсырмасымен жүргізіледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының ойындарын, жоғары сынып оқушыларына бақылаттыруға болады. Ол үшін зерттеуші нақты нұсқаулар береді, бақылаудық табыстылығы, зерттеушінің дайындығына байланысты.
Ұжым болып бақылау кезінде біріншісі - зерттеуші мұғалімнің іс-әрекетін, екіншісі - оқушылардың, үшіншісі - жекелеген оқушылардың іс-әрекетін белгілейді.
Зерттелетін педагогикалық құбылыстардың жасырын жерлеріне енуге мүмкіндік беретін өзін-өзі бақылау. Мысалы: бастауыш сынып оқушылары зерттеушінің сұрауымен өздік жұмысты орындауға кеткен уақытты, үй тапсырмасын қалай орындап жүргендерін жазады. Бақылау нәтижелерінің дұрыстығы педагогикалық процестің табиғилығына байланысты.
Адамның жеке өзі қалғандағы және біреу қарап тұрғандағы мінезі түрліше болады. Сондықтан бұлтартпас дәлелдер алу үшін ашық бақылау жеткіліксіз. Сондықтан жабық бақылау педагогикалық процестің нақты көрінісін береді.
Ашық және жасырын бақылау көмегімен алынған мәліметтер оқиғаның толық суретін береді.


Үздіксіз бақылау педагогикалық процесті басынан аяғына дейін толық жүргізу. Мысалы: сабақ, тәрбиелік іс-шара, т.б. объектілер үзіліссіз қаралады.
Монографиялық бақылау арқылы алуан түрлі педагогикалық құбылыстар бақыланады. Мысалы: биыл бірінші сыныпқа ңа-былданған оқушыларды зерттеу. Объектілері - оқушының мәдениеттілігі, ой-өрісі, мінезі, т.б. Әңгіме Бақылау және экспериментпен ұштасса, нәтижелі болады.
Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындағы негізгі әдіс. Эксперимент - оқыту және тәрбиенің қандай да бір әдісін, тәсілін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу. Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеті - педагогикалық ықпал мен оның нәтижелері арасында байланыс орнату. Эксперимент өткізер алдында белгілі бір педагогикалық әдіс-тәсілдің тиімділігі туралы ғылыми гипотеза айтылады. Ғылымға сүйеніп жасалған, алдын-ала айтылған ой - гипотеза деп аталады.
Көлемді экспериментке көп оқушылар қатысады. Жергілікті, микроэксперименттерге аз оқушы қатысады. Кең көлемді, ірі эксперименттерді мемлекеттік, ғылыми мекемелер және білім беруді басқару органдары өткізеді. Мысалы, XX ғасырдық 60-жылдарында балаға алты жастан бастап жалпы білім беру үлгісі тексеріліп, оған көп оқушылар қатысқан эксперимент өтті. Нәтижелері жақсы болған соң балалар алты жастан бастап білім алуға көшті.
Ойдағы эксперимент - іс-әрекетті санада жасау. Жасанды жағдай - бір не бірнеше оқушыны ұжымнан бөлу. Эксперимент педагогикалық жұмыстың қандай да бір әдісінің тиімділігі туралы қорытынды болғанда өткізіледі.


Мұғалімнің сабаққа әзірлігі. Сабақты жоспарлауы. мұғалімнің сабаққа әзірлігі, сабақ жоспарлауы. Мұғалім ең алдымен өз пәнінің оқу жоспары бағдарламасымен танысып, әр жылға күнтізбелік жұмыс жоспарын жасайды, әр сабақтың тақырыптық жоспарын, конспектісін дайындайды. Онда ол пәнаралық байланысты, әр сабақтың мақсат-міндеттерін, өздік жұмыстардың көлемін, оқыту әдістерін, көрнекі, техникалық құралдарды анықтайды. Сабаққа дайындық мазмұны: 1. сабақты жоспарлау, жұмыс бағдарламасын жасау. 2. жеке сабақтарды жоспарлау. 3. сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау. 4. сабақтың типі мен құрылысын белгілеу. 5. сабақ мазмұнын анықтау. 6. білім беру әдістерін белгілеу. 7. сабаққа керекті оқу құралдарымен көрнекі және техникалық құралдарды дайындау. 8. сабақ кезеңдерінің әрқайсысына жұмыс түрлерін, оны орындауға уақыт бөлу. 9. бекіту жаттығуларын дайындау. 10. оқушылардың білімін тексеру және бағалау әдістерін анықтау. 11. үй тапсырмасын түсіндіру. 12. сабақтың жоспар конпектісін жасау. Сабақ жоспарында жазылатындар: 1. күні, айы, жылы. 2. сыныбы. 3. тақырыбы. 4. мақсаты. 5. сабақ типі, құрылысы. 6. оқыту әдіс-тәсілдері. 7. көрнекі құралдар. 8. өздік жұмыстар. 9. тексеріп, бағаланатын оқушылардың аты-жөні. 10. қойылатын сұрақтар. 11. үй тапсырмасы. Жоспарлау – сабаққа әзірліктің соңғы кезеңі. Оның нәтижесі – сабақ жоспары.жас мұғалім сабақ жоспарын, конспектісін толық жазуы керек.
Сабақ жоспарының үлгісі: Сабақтың өтетін уақыты, тақырыптық жоспардағы нөмірі.
* сабақтың тақырыбы, сабақ өтетін сынып.
* оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттері.
* сабақтың құрылымы, оның кезеңдері, әр кезеңге кететін уақытты бөлу.
* оқу материалының мазмұны.
* әрбір сабақтың бөлігіндегі жұмыстың әдістері және тәсілдері.
* сабақ өткізуге керекті оқу жабдықтары.
* үйге тапсырма

Экологиялық тәрбие. Еңбек тәрбие. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:
•  қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
•  жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;

•  қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
•  экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.

Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
•  өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;
•  табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;
•  мектепте экологиялық білім және тәрбие қорамын ұйымдастыру;
Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру қажет.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр.

Еңбек тәрбиесі - тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілеттерінеңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оның өнімдеріне жауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті. Еңбек тәрбиесі — жасөспірімдерді еңбекқорлыққа , еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы. Е. т. барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Мыс., қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулынған әрбір жас сәби “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген (қ. Халықтық педагогика). 

Еліміздегі білім беру жүйесінің тарихы. ҚР «Білім туралы» Заңы. Қазақстан Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі. Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық жерлерде мектепте молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылдаған. Бұл оқу орындарында заңтану, тарих, логика, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. пәндер енгізілген. Патша үкіметінің 150 жылға созылған отарлау саясаты халқымыздық егемендік жолындағы ғасырлар бойғы күресіне зор нұқсан келтіргенімен, Батыс пен Шығыстың рухани өмірдегі қарым-қатынасына жол ашты. Мысалы, Змеиногорскіде (Шығыс Қазақстан) қорғасын-мырыш кен орнында 1761 жылы тау-кен жұмысшыларының