Файл: азастан халытар достыыны мекені атты мерекелік концертті сценариі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 22
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күніне орай «Қазақстан – халықтар достығының мекені» атты мерекелік концерттің сценариі
Өткізілетін күні: 28.04.23
Өткізілетін уақыты: 12:00
Өткізілетін орны: Егіндібұлақ ЖОББМ акт залы
Жүргізуші: Қабдолла Нарқыз
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып, сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.
Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер
(сахнада экранда ұлттар туралы сурет тұрады.
Фанфар ойналып жүргізуші ортаға шығады)
Жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар! Құрметті қонақтар мен оқушылар!
Қазақстан Республикасын мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Қазақстан – халықтар достығының мекені» тақырыбындағы мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!!!
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі.
Жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен.
Кең байтақ елімізді президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Дастан Алтынбекұлы. Ендеше, Дастан мұғалім көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.
Ж
үргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне берейік. Ұлттық би. Бірінші сынып
(1 сыныптың өнері)
Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі кешімізде біз онға жуық ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.
Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, орыс халқын тамашалауға шақырамыз. «Солнечный круг». Орындайтындар 2 сынып оқушылары. Қошеметпен қарсы алыңыздар!!
(2 сыныптың өнері)
Жүргізуші: Бүгін біздің кешімізге өзбек ұлтының өкілі келіп отыр. Олай болса, келесі кезекте өзбек биін. Тамашалаңыздар!
(3 сыныптың өнері)
Жүргізуші: Республикам менің,
Республикам менің,
Айбатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!
Сахнамыздың төріне үнді биін орындау үшін 4 сыныптың оқушыларын шақырамыз. Тамашалаңыздар!!!
(4 сыныптың өнері)
Жүргізуші: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып, түрік халқының өнерін тамашалауға 5 сыныптың оқушыларын ортаға шақырамыз.
(5 сыныптың өнері)
Жүргізуші: Келесі кезекті бүгінгі кеште қонақ болып отырған бауырлас ел, қырғыз ұлтына берейік.
(6 сыныптың өнері
)
Жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
Келесі кезекте сыған ұлты. Осы сыған халқы туралы шамалы қызықты дерек айтып өтейін, білгенге маржан. Сығандар - тарихы өте қиын халық, бұл халықты бүкіл әлем біледі. Сонымен қатар, сығандар керемет мәдениеті мен әдет-ғұрыптарымен мақтана алады. Сығандар жер шарының көп жеріне таралған. Сығандар өздері тұрып жатқан мемлекеттің дінін қабылдай салады, қоныс аударғанда қажет болса дінін де жиі өзгертіп отырады екен. Сығандардың көбісі музыка, би, түрлі қолөнер, киім-кешек, тамақ, гүл сатудан ақша табады. Көпшілігі білім алмаған екен. Олай болса ортада сыған халқы. Қарсы алыңыздар!!!
(7 сыныптың өнері)
Сахнаға
Жүргізуші: келесі кезекті Украин халқына берейік!!! Қарсы алыңыздар!!!
(8 сыныптың өнері)
Жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан болған ақ бесік Атамекені бар, сол мененде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!
Олай болса ортада «Бір атаның балалары» атты шағын қойылым. (9-10 сыныптың оқушылары)
Жүргізуші: Біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
Ортада Базарбай Әсел «Достығымыз жарасқан» әнімен. Қошеметтеп отырайық!!!
Жүргізуші: Хор «Атамекен»
Жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз мектебіміздің тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Ырысты Жақсыбайқызына беріледі.
Жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
Ынтымақтастық жасасын!
Қазақстан жасасын!
Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
Сау-саламатта болыңыздар!