Файл: Блімза мерзімді жоспар блімі 4с екі айнымалысы бар сызыты тедеулер жне оларды жйелері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 25
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім:Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері | | |
Педагогтің Т.А.Ә. | Еркін Г. | |
Күні: | 23.05.2023 | |
Сынып: 6 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 6.2.1.13 сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану; 6.5.1.7 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу; | |
Сабақтың мақсаты | сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану; мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу; |
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 5мин | Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Психологиялық ахуал тудыру. Үй тапсырмасын тексеру. Бір – бірінің дәптерлерін тексеру | Оқушылар сәлемдеседі,түгенденеді,жаңа сабаққа көңіл күйлерін көтереді. Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды. Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. Бір, екі, үш, Сыныптың іші тып-тыныш. Жалқаулықты тастаймыз. Сабақты біз бастаймыз. | | Оқулық, жұмыс дәптерлері. |
Сабақтың ортасы 35 мин | Сандармен байланысты мәтінді есептер берілгенде, сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу қолданылады.Цифрларды әр түрлі айнымалылармен белгілейміз. Мысалы, 568 = 5 100 + 6 10 + 8; 73 = 7 10 + 3. Екі таңбалы сан = 10 х + у, үш таңбалы сан = 100x + 10y +z түрінде жазуға болады. Мысал. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 12-ге тең. Егер осы санның цифрларын орындарымен ауыстырсақ берілген саннан 54-ке артық сан шығады. Берілген санды тап. Шешуі. = 10 х + у берілген екі таңбалы сан болсын. Орындарын ауыстырсақ, = 10 у + х. Есеп шарты бойынша, теңдеулер жүйесін құрастырамыз: Алмастыру тәсілін қолданып, екінші теңдеуді бір айнымалысы бар теңдеуге түрлендірдік. 18у – 108 = 54, у = 9. х = 12 – 9 = 3 Жауабы: 39 Мысал. Оқушы дүкеннен 20 дәптер және бір кітап сатып алып, 125 теңге төледі. Егер бір кітап пен бір дәптерді сатып алу үшін 30 теңге төлеу қажет болса, онда кітап пен дәптердің әрқайсысының бағасы қандай? Шешуі. Дәптердің бағасы – х тг, ал кітаптың бағасы – у тг деп белгілесек, есеп шартына сай 20х + у = 125 және х + у= 30 теңдеулері алынды. Теңдеулер жүйесіне біріктіреміз: қосу тәсілін пайдаланып шешеміз. х =5 жәнеу =25 табылады. | Топтық жұмыс тапсырмалары №1. Егер екі еселенген бірінші мен үш еселенген екінші санның қосындысы 23, ал төрт еселенген екінші сан – үш еселенген біріншісінен 8 – ге артық болса, онда әрбір сан қаншаға тең? Жауабы: 4 және 5. №2. Құны 225 мың теңгелік екі бағалы тері халықаралық аукционда 40% пайдамен сатылды. Егер бірінші теріден 25%, екіншісінен 50% пайда түскен болса, әр терінің жеке бағасы қанша? Жауабы: 135 мың тг; 90 мың тг №3. Үштаңбалы сан 3 цифрымен аяқталады. Егер осы цифрды солға, яғни басына апарып қойса, онда 3 еселенген саннан 1-і артық болатын жаңа сан шығады. Санды тап. Жауабы: 103 Көзге жаттығу Оқушыларға ұсыныс беріңіз, жұппен жұмыс жасаймыз. Жұпқа өздерің бірігіңдер. Кімге тақырып бойынша көмек қажет, кімнен көмек алғың келеді; кімге өз еркіңмен көмек жасап, түсіндіргің келеді, сол оқушымен жұпта жұмыстан. Оқушылар жұпқп біріккен соң, үлестірмелерді таратыңыз. Түсіндірме жұптық жұмыс. №4. Сауыншы бірінші жылы екі сиырдан барлығы 8100л сүт сауып алды. Келесі жылы бірінші сиырдан алынатын сүттің мөлшері 15%, ал екінші сиырдан сауып алынатын сүттің мөлшері 10%-ке артты. Сондықтан сауыншы екінші жылы осы екі сиырдан 9100л сүт сауып алды. Бірінші жылы сауыншы әр сиырдан неше литрден сүт сауып алды? Жауабы: 3800 л; 4300 л. №5. Арақашықтығы 2200 км болатын А және В аэродромдарынан бір уақытта екі ұшақ шығып, олар 2 сағаттан соң кездесті. Біріншісі В пунктіне екіншісі А пунктіне жетуіне қарағанда 4 сағат 35 минут бұрын жетті. Ұшақтардың жылдамдықтарын анықтаңыздар. Жауабы: 800 км/сағ; 300 км/сағ. №6. Қоймадағы ұнның 40%-ін нан зауытына, ал қалғанын 0,3 : 2,5 : 0,8 қатынасымен 3 дүкенге бөлді. Бірінші дүкенге екіншіге қарағанда 40 т ұн кем түсірді. Әуелдегі қоймадағы ұнның массасы қандай? Жауабы: 480 т. | Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | http://www.mathematics-repetition.com/6-klass-mathematics/6-3-3-delenie-ratsionalynh-tchisel.html |
Сабақтың соңы 5 мин | «Жалғасын тап» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын: Үйге тапсырма беру: Тапсырмалар. Бір сан екіншісінен 1,5 есе артық, ал олардың арифметикалық ортасы 37. Үлкен санды табыңыз. Жауабы: 29,6.Рефлексия | «Сөйлемді жалғастыр» (дәптерге жазады).
… мағанқызықболды? Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау. Тиімділігі:Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады. Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрініс табады. | Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. | |