Файл: Бекітемін Самау мектебіні директоры Жолдасова Г. Т.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 30
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітемін ___________
«Самғау» мектебінің
директоры Жолдасова Г.Т.
Бөлім: | Болашаққа саяхат | |
Мұғалімнің аты-жөні | Әбділдақызы Қарақат | |
Күні:18.05.2023ж . | | |
Сынып: 4 | Қатысушылар саны:15 | Қатыспағандар саны:0 |
Сабақтың тақырыбы | Еліктеу сөздер | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.2.5.1* дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау 4.4.2.8* сөйлемде одағай, еліктеуіш сөздерді ажырату және қолдану | |
Сабақтың мақсаты | дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табады; кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылайды, бағалайды; сөйлемде еліктеуіш сөздерді ажыратады және қолданады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру 10 мин | Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді. 1. «Санау» әдісімен топқа бөліп отырғызу. - Топқа ат қойыңдар. - Топ басшысын сайлап, топ ережесін еске түсіріңдер. Өткен сабаққа шолу: А)Үй тапсырмасын тексеру. -Бүгінгі сабақта еліктеу сөздертақырыбына арналған тапсырмалар орындаймыз. Сабақ мақсатын хабарлау. | Жаттығу жасайды. Саналады. Топқа бірігеді. Топ басшысын сайлайды. Топ ережесін еске түсіреді. Тапсырма тексертеді. Тақырыпты, сабақ мақсатын анықтайды. | «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! | |
Жаңа білім 15 мин 2 мин 15 мин | Жаңа сабақ (Ұ) 1-тапсырма - «Ашық микрофон» әдісі. 47-жаттығу. Жұмбақтардың шешуін табыңдар. Тоқылдақ, сағат. Қарамен жазылған сөздердің жазылуына назар аударыңдар. Анықтамамен жұмыс. 48-жаттығу. Артық сөзді табыңдар. Ж:1)балпаң-балпаң. 2)желп-желп. 3) сатыр-сұтыр. Тапқан сөздермен сөйлем құрап айтыңдар. Үйректің балапандары балпаң-балпаң басып өзенге кетіп барады. Ағаштың жапырақтар желден желп-желп етіп қозғалып тұр. Найзағай сатыр-сұтыр ете қалғанда зәрем ұшты. Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: - Еліктеу сөздерге мысалдар келтір. Сергіту сәті: «Қаражорға» биі. (Т) 2-тапсырма - «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі. 50-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жазыңдар. Еліктеу сөзді тауып, түріне ажыратыңдар. Шаңқ-шаңқ-еліктеуіш сөз. 51-жаттығу. Мәтінді оқыңдар. Мәтіндегі құйын, айран-асыр, ағыл-тегіл сөздерінің мағынасын анықтаңдар. Қарамен жазылған сөйлемдерді еліктеу сөздері бар сөйлемдерге айналдырып жазыңдар. Құйын алай-түлей соғып өтті. Алғашқы ауыр тамшылар да тырс-тырс сіркіреді. Найзағай жарқ-жұрқ етіп, күн күркіреді. | Тапсырмаменжұмыс жасайды. Билеп сергиді. Тапсырма орындайды. Пікірін дәлелдейді. | Дескриптор: Жұмбақтардың шешуін табады-2балл. Мәтіндегі сөздердің мағынасын ашады-1балл. Артық сөзді табады-1балл. Тапқан сөздермен сөйлем құрап айтады-1балл. Жаңылтпашты оқып, жатқа жазады-1балл. Еліктеу сөзді тауып, түріне ажыратады-1балл. Мәтіндегі құйын, айран-асыр, ағыл-тегіл сөздерінің мағынасын анықтайды-1балл. Қарамен жазылған сөйлемдерді еліктеу сөздері бар сөйлемдерге айналдырып жазады-2балл. | Қазақ тілі 4 сынып оқулығы 2-бөлім |
Қорытынды 5 мин | Кері байланыс - «Нысана» әдісі. - Сабақтан алған білімдерің жайлы пікірлерін жазыңдар. - - Бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді бағалаңдар. Үй тапсырмасы: анықтаманы жаттау, 49-жаттығу. | Өзінің жұмысын бағалайды. Жазады. | ҚБ қойылады. | Интербел-сенді тақта |
Бекітемін ___________
«Самғау» мектебінің
директоры Жолдасова Г.Т.
Бөлім: | Болашаққа саяхат | |
Мұғалімнің аты-жөні | Әбділдақызы Қарақат | |
Күні:15.05.2023ж. | | |
Сынып: 4 | Қатысушылар саны:15 | Қатыспағандар саны:0 |
Сабақтың тақырыбы | Дыбыс және әріп | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту | |
Сабақтың мақсаты | тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алады және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айтады |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру 8 мин | Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді. 2. «Санау» әдісімен топқа бөліп отырғызу. - Топқа ат қойыңдар. - Топ басшысын сайлап, топ ережесін еске түсіріңдер. Өткен сабаққа шолу: А)Үй тапсырмасын тексеру. -Бүгінгі сабақта дыбыс және әріптақырыбына арналған тапсырмалар орындаймыз. Сабақ мақсатын хабарлау. | Жаттығу жасайды. Саналады. Топқа бірігеді. Топ басшысын сайлайды. Топ ережесін еске түсіреді. Тапсырма тексертеді. Тақырыпты, сабақ мақсатын анықтайды. | «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! | |
Жаңа білім 15 мин 2 мин 15 мин | Жаңа сабақ (Ұ) 1-тапсырма - «Ашық микрофон» әдісі. 63-жаттығу. Мәтінді тыңдаңдар. Тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алыңдар және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айтыңдар. Бала бидің сұрағына қалай жауап берер едіңдер? Дәлел келтіріңдер. 64-жаттығу. Дереккөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап жазыңдар. Сергіту сәті: «Қаражорға» биі. (Т) 2-тапсырма - «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі. 65-жаттығу. Әр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар? Мұхит-5 әріп, 5 дыбыс. Саяхат-6 әріп, 7 дыбыс. Болашақ-7 әріп, 7 дыбыс. Сыйлық -6 әріп, 6 дыбыс. Ирек-4 әріп, 4 дыбыс. Қосаяқ-6 әріп, 7 дыбыс. Ою-2 әріп, 3 дыбыс. Шие -3 әріп, 3 дыбыс. 66-жаттығу. Мәтелді түсініп оқыңдар. Жатқа жазыңдар. Сәуір болса, күн күркірер, Күн күркіресе көк дүркірер. 67-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа айтыңдар. Анау-құла ат екен, Мынау-ала құла ат екен. Қарамен жазылған сөз тіркестерінің аралығында айтылуда қандай өзгеріс болғанын түсіндіріңдер. | Тапсырмаменжұмыс жасайды. Билеп сергиді. Тапсырма орындайды. Пікірін дәлелдейді. | Дескриптор: Тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алады және солардың негізінде мәтіннің мазмұнынайтады-2балл. Бала бидің сұрағына жауап береді, дәлелдейді-2балл. Дереккөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап жазады-1балл. Сөздердегі әріп, дыбыс санын анықтайды -1балл. Мәтелді жатқа жазады-2балл. Жаңылтпашты оқып, жатқа айтады-1балл. сөз тіркестерінің аралығында айтылуда қандай өзгеріс болғанын түсіндіреді-1балл. | Қазақ тілі 4 сынып оқулығы 2-бөлім |
Қорытынды 5 мин | Кері байланыс - «Нысана» әдісі. - Сабақтан алған білімдерің жайлы пікірлерін жазыңдар. - - Бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді бағалаңдар. Үй тапсырмасы: 68-жаттығу. | Өзінің жұмысын бағалайды. Жазады. | ҚБ қойылады. | Интербел-сенді тақта |