Файл: Жргізуші Армысыздар, рметті стаздар жне адірменді білім алушылар! Бгінгі Туелсіздігімізді 31 жылдыына арналан Туелсіздік азаттыым, ба кнім! атты мерекелік тарихидеби кешімізге ош келдііздер! Жргізуші1.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 15

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар және қадірменді білім алушылар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған «Тәуелсіздік азаттығым, бақ күнім!» атты мерекелік тарихи-әдеби кешімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші1:

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 31 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Дүниені дүрсілкіндіріп, Қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.

Жүргізуші 2:Біз тәуелсіздік туын, қазақтың көкбайрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүниежүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүрсінкілдірген Желтоқсан оқиғасына биыл 31 жыл толып отыр.

«Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын, азаттық аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын-сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні-қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

Күй:Баймахан Нұрсұлтан Ән:Уалханова Анель

Жүргізуші1:Тәуелсіздіктің түптамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі тәуелсіздіктің түптамыры сонау бабалар ар-намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі  қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан-жарасы жаңғырып, кайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?

Жүргізуші2:

Ия, тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің арамыздан кете барды. Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттер «контрреволюционерлер емес» еді.


Тәуелсіз мемлекет болуымызға шырылдап жанын қиған Сабира Мұхамеджанова, Лаззат Асанова, Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлбековтар еді.

Көрініс: 

Жүргізуші1:«Қайраттың жан азабы» соттан қағаз келді, ата-анасы хатты оқып отырғанда шофердің өліміне кінәлі деп ұстап алып кетеді. Ата-анасы бауыры шулап қала береді.

Анасы: Жан балам, сенің кінәсіздігіне күмәнім жоқ.

Інісі: Апа, ағам ақталып шығады күмәнім жоқ. Уайымдамашы, — деп жұбатады.

(Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып, түрме жыры өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап былай дейді)

Кайрат: Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!

Кезекші: Заключенный Рысқұлбеков, на допрос! Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкелді.

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков! Сен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көрейін?

Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір. Бұл өтірік жала!

Тергеуші: Ах, ты декабрист несчастный! Я тебе покожу өтірікті жала дейді еще. (Ұрып соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады.

Тергеуші: Эй, Рысқұлбеков! Сен Савицкиді өлтірдім деп мойныңа ала сал. Сонда сенің жазаң жеңілденеді.
19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйек пен миынан жарақаттанған энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.
Ләззат: Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз, армансыз тапталған ар-намысты нышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай.

Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазағынның мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосар едің-ау.
Сабира Мұхамеджанова  бар жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен педучилищесінің 1 курс студенті Сәбира Мұхамеджанова жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді.

Еліңнің сен намысы үшін

Құрбан еттің жанынды

Мазақ етіп қорлай алмас

Ешкім сенің арыңды.

Жүргізуші:2


Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сабира, Ләззат, Ерболға “Ақтау жөніндегі анықтама” қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды барынша, ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мухтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.

Жүргізуші1: «Тәуелсіздік-тұғырым» өз шығармашылығынан өлең жолдары

Жүргізуші2: «Желтоқсан желі»-бүкіл группамен