Файл: Бекітемін директорды оу ісі жніндегі орынбасары А. Р. аратаева.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ү29.5-ҮК 4-басылым 2 парақтыңбеті
БЕКІТЕМІН
директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
__________ А.Р. Қаратаева
«___»______________2023 ж.
Оқу сабағының жоспары №9-10
Модуль /пән атауы: БМ2.Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану
Топ | | | | |
Сабақтың өтілген күні | | | | |
Сабақтың құрылымы
Уақыты (мин.) | 5 | 10 | 15 | 20 | 25 | 30 | 35 | 40 | 45 | 50 | 55 | 60 | 65 | 70 | 7 5 | 80 | 85 | 9 0 |
| | | | | | | | | | | | | | | | | | |
№ элементтің | І | II | ІІІ | ІV | V |
Сабақтың тақырыбы: | ЗТЖ№5. Электрондық үкімет порталында азаматтарға арналған бөліммен танысу |
Сабақ барысында қол жеткізілетін оқытудың мақсаттары |
|
Білімгерлерден күтілетін оқыту нәтижесі | 1. «Электрондық үкімет» не екенін біледі; 2. «Электрондық үкімет порталында танымал қызметтерді» негізгі жұмыс істеу қағидаларын салыстырады 3. «Электрондық үкімет» болашағын талқылайды |
Сабақты өткізу түрі: | Зертханалық сабақ |
Сабақтың көрнекілігі ОТҚ. | Компьютер, проектор, интерактивті тақта, оқу бейнеролигі, презентация (слайд). |
Пайдаланылған әдебиеттер: |
https://egov.kz/cms/ru |
Таратпа материалдар: | Оқулықтар, сұлбалар, зертханалық материалдар. |
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ | | ||
I. Ұйымдастыру бөлімі: | а) Топтың сабаққа қатысуын тексеру. б) Білім алушылардың киім үлгісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру. в) Сабақтың мақсатын, тақырыбын және жоспарын түсіндіру. | | |
II. Өтілген оқу материалын қайталау: |
| | |
III. Жаңа сабақты түсіндіру: | «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірге бала туу туралы қызметтерді де проактивті форматта көрсету жөнінде пилоттық жобаны іске қосты. Ақпараттық жүйелердің интеграциялануы нәтижесінде жаңа азаматтардың тууын тіркеуге берілген өтініш автоматты түрде түсетін болады. Бала туғаннан кейін оның ата-анасының ұялы телефонына нәрестенің тууын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу туралы ұсыныс бірден келіп түседі. Барлық мәліметтерді электрондық үкімет порталы әр түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйлерінен тартады, ал жетіспейтіндерін – қызмет алушыдан SMS-хабарламалар арқылы сұратады. Баланың тууын тіркеумен байланысты проактивті қызметтерді көрсету жөніндегі пилоттық жоба Қазақстанның барлық облыстарында әрекет етеді. Телефон арқылы тек баланың тегін, атын және әкесінің атын ғана емес, туу бойынша жәрдемақыны рәсімдеуге арналған есепшот нөмірін және балабақшаға кезекке қою үшін деректерді жіберуге болады. Проактивті форматтағы мемлекеттік қызметтерді алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы міндетті болып табылады. Бұл үшін www.egov.kz сайтындағы жеке кабинетте мобильді телефон нөмірін ЖСН-не байланыстыру қажет. Жобаны іске қосқан сәттен бастап 100 мың адам мемлекеттік қызметті проактивті режимде алуға ниет білдірген. Мобильді азаматтар базасында тіркелу қазақстандықтар үшін зор мүмкіндіктер ашады. Мобильді азаматтар базасының пайдаланушыларына мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта алу қолжетімді болып табылады. Олар egov.kz сайтында ЭСҚ-сыз, бір реттік sms-құпия сөздің көмегімен 40-тан астам мемлекеттік қызметке қол жеткізе алады. Сонымен қатар, өзіне қатысты анықтамаларды үшінші тұлғаларға алу құқығын бере алады. Телеграмм-бот арқылы анықтамалар алып, қызметтерді пайдалана алады. Бүгінде Қазақстанда 5 млн-нан астам тұрғын мобильді азаматтар базасында тіркелген. Күн сайын портал арқылы 100 мыңнан астам қызмет көрсетіледі. Жоба іске қосылған сәттен бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ азаматтар үйден шықпай-ақ ала алатын қызметтер мен сервис тізімін арттыру жөніндегі жұмысын жалғастырып келеді. Осылайша, ұсынылатын қызметтер мен сервистердің саны 12 жыл ішінде 235-ке дейін артқан, композиттік қызметтер пайда болды, 44-тен астам қызмет бір реттік смс-құпия сөздің көмегімен қолжетімді болды, төлемдердің 38 түрі авторланудан өтпеген қолданушылар үшін онлайн режимге көшірілді және де «анықтамасыз қызметтер» сервисі ең көп қолданатын анықтамаларға үшінші тұлғалардың сұратуына рұқсат беру автоматтандырылған. Бүгінде « Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның eGov.kz порталының құрамына 150-ден астам ақпараттық жүйе мен деректер базасы интеграцияланған, осының арқасында пайдаланушы бірнеше ведомствоға бармай-ақ, бір сұрату арқылы «бір терезе» қағидасы бойынша кешенді қызметтер көрсетуге көшуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қызметтер мен сервистердің қолжетімділігі дамып, сонымен бірге, тіркелген қолданушылар саны да арта бастады. ЭСҚ-ны қолданбай-ақ @EgovKzBot – Телеграм мессенджері арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады. EgovKzBot арқылы 15 мемлекеттік қызмет пен сервисті – әлеуметтік мәртебені тексеру және негізгі зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратты алу, ересектер мен балаларды емханаға тіркеу, дәрігердің қабылдауына жазылу және дәрігерді үйге шақырту, ХҚКО-ға баратын кезде кезекті брондау, жұмыс және қызметкерлер іздеу, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы алу, мекенжай анықтамасы және т.б. алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді телеграм-бот арқылы алу үшін «Мобильді азаматтар базасында» тіркелу қажет. Бұл өз телефон нөміріңізді eGov.kz порталындағы Жеке кабинетте байланыстырып, өз гаджетіңіздің Telegram мессенджеріндегі ботты іске қосу керек деген сөз. Содан кейін алдын ала белгіленген командаларды жіберу және SMS-коды арқылы растау арқылы анықтамалар мен сервис ақпаратын сұратуға және оларды пайдаланушының электрондық почтасына қайта жіберуге болады. Жақында «Касса24» төлем терминалдарында ел халқының азаматтарына арналған көпшілік пайдаланатын мемлекеттік қызметтердің 5-еуі қолжетімді болады:
Қолданушы анықтамаларды алғанын бір реттік құпия сөз (one time password) арқылы растайды. Бұл үшін азамат Мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс. Яғни, ЭСҚ алған кезде азаматтар eGov.kz порталының жеке кабинетінде мобильді телефон нөмірін тіркейді, бұл нөмір мобильді азаматтар базасына енгізіледі. Сондай-ақ анықтамаларды Касса24 көмегімен басып шығару мүмкіндігі қарастырылуда. Бүгінде Қазақстанның мемлекеттік қызметтер тізілімі 741 қызмет көрсетуден тұрады. Олардың 598-ін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 454-ін электрондық үкімет порталында алуға мүмкіндік бар. Ағымдағы жылы 9 айдың ішінде мемлекеттік корпорация 25 миллионнан астам қызмет көрсеткен. Солардың ішінде 13 миллионнан астамы – электрондық қызметтер, ал 9 миллионнан астам мемлекеттік қызметті азаматтар фронт-кеңселердегі өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы өз бетінше алған. Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация алдында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша тапсырма тұр. Қарауына Мемлекеттік корпорация енетін Ақпарат және коммуникация министрлігі өкілетті мемлекеттік органдармен бірге мемлекеттік қызметтерді азаматтарға және бизнес үшін көрсету процестерін мейлінше оңтайландыруды жүргізіп жатыр. Цифрландыру мемлекеттік органдарға өз өнімділіктерін арттыруға мүмкіндік береді. | | |
ӨТІЛГЕН ОҚУ МАТЕРИАЛЫН БЕКІТУ | |||
IV. Бағалау критерийлері | Студенттерге оқытылған материалды меңгеруін келесі сұрақтар бойынша тексеру:
| ||
Студенттердің жаңа материалды дұрыс түсінгендігі жөнінде бір-біріне сұрақтар қою. | |||
Қорытынды жасау, журналға баға қою |
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ | |
V. Қорытынды | Жаңа сабақты конспект бойынша, сондай-ақ негізгі және қосымша әдебиет бойынша бекіту. |
Құрастырған оқытушы ________________ Г.С.Шаймерденова
Электрондық үкімет порталында азаматтарға арналған бөліммен танысу
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірге бала туу туралы қызметтерді де проактивті форматта көрсету жөнінде пилоттық жобаны іске қосты. Ақпараттық жүйелердің интеграциялануы нәтижесінде жаңа азаматтардың тууын тіркеуге берілген өтініш автоматты түрде түсетін болады.
Бала туғаннан кейін оның ата-анасының ұялы телефонына нәрестенің тууын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу туралы ұсыныс бірден келіп түседі. Барлық мәліметтерді электрондық үкімет порталы әр түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйлерінен тартады, ал жетіспейтіндерін – қызмет алушыдан SMS-хабарламалар арқылы сұратады. Баланың тууын тіркеумен байланысты проактивті қызметтерді көрсету жөніндегі пилоттық жоба Қазақстанның барлық облыстарында әрекет етеді.
Телефон арқылы тек баланың тегін, атын және әкесінің атын ғана емес, туу бойынша жәрдемақыны рәсімдеуге арналған есепшот нөмірін және балабақшаға кезекке қою үшін деректерді жіберуге болады.
Проактивті форматтағы мемлекеттік қызметтерді алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы міндетті болып табылады. Бұл үшін www.egov.kz сайтындағы жеке кабинетте мобильді телефон нөмірін ЖСН-не байланыстыру қажет.
Жобаны іске қосқан сәттен бастап 100 мың адам мемлекеттік қызметті проактивті режимде алуға ниет білдірген.
Мобильді азаматтар базасында тіркелу қазақстандықтар үшін зор мүмкіндіктер ашады. Мобильді азаматтар базасының пайдаланушыларына мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта алу қолжетімді болып табылады. Олар egov.kz сайтында ЭСҚ-сыз, бір реттік sms-құпия сөздің көмегімен 40-тан астам мемлекеттік қызметке қол жеткізе алады. Сонымен қатар, өзіне қатысты анықтамаларды үшінші тұлғаларға алу құқығын бере алады. Телеграмм-бот арқылы анықтамалар алып, қызметтерді пайдалана алады. Бүгінде Қазақстанда 5 млн-нан астам тұрғын мобильді азаматтар базасында тіркелген.
Күн сайын портал арқылы 100 мыңнан астам қызмет көрсетіледі.
Жоба іске қосылған сәттен бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ азаматтар үйден шықпай-ақ ала алатын қызметтер мен сервис тізімін арттыру жөніндегі жұмысын жалғастырып келеді. Осылайша, ұсынылатын қызметтер мен сервистердің саны 12 жыл ішінде 235-ке дейін артқан, композиттік қызметтер пайда болды, 44-тен астам қызмет бір реттік смс-құпия сөздің көмегімен қолжетімді болды, төлемдердің 38 түрі авторланудан өтпеген қолданушылар үшін онлайн режимге көшірілді және де «анықтамасыз қызметтер» сервисі ең көп қолданатын анықтамаларға үшінші тұлғалардың сұратуына рұқсат беру автоматтандырылған.
Бүгінде « Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның eGov.kz порталының құрамына 150-ден астам ақпараттық жүйе мен деректер базасы интеграцияланған, осының арқасында пайдаланушы бірнеше ведомствоға бармай-ақ, бір сұрату арқылы «бір терезе» қағидасы бойынша кешенді қызметтер көрсетуге көшуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда қызметтер мен сервистердің қолжетімділігі дамып, сонымен бірге, тіркелген қолданушылар саны да арта бастады.
ЭСҚ-ны қолданбай-ақ @EgovKzBot – Телеграм мессенджері арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады.
EgovKzBot арқылы 15 мемлекеттік қызмет пен сервисті – әлеуметтік мәртебені тексеру және негізгі зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратты алу, ересектер мен балаларды емханаға тіркеу, дәрігердің қабылдауына жазылу және дәрігерді үйге шақырту, ХҚКО-ға баратын кезде кезекті брондау, жұмыс және қызметкерлер іздеу, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы алу, мекенжай анықтамасы және т.б. алуға болады.
Мемлекеттік қызметтерді телеграм-бот арқылы алу үшін «Мобильді азаматтар базасында» тіркелу қажет. Бұл өз телефон нөміріңізді eGov.kz порталындағы Жеке кабинетте байланыстырып, өз гаджетіңіздің Telegram мессенджеріндегі ботты іске қосу керек деген сөз.
Содан кейін алдын ала белгіленген командаларды жіберу және SMS-коды арқылы растау арқылы анықтамалар мен сервис ақпаратын сұратуға және оларды пайдаланушының электрондық почтасына қайта жіберуге болады.
Жақында «Касса24» төлем терминалдарында ел халқының азаматтарына арналған көпшілік пайдаланатын мемлекеттік қызметтердің 5-еуі қолжетімді болады:
-
Мекенжай анықтамасы; -
Жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анқытама; -
Сотталмағандығы туралы анықтама; -
Зейнетақы аударымдары туралы анықтама; -
Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама.
Қолданушы анықтамаларды алғанын бір реттік құпия сөз (one time password) арқылы растайды. Бұл үшін азамат Мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс. Яғни, ЭСҚ алған кезде азаматтар eGov.kz порталының жеке кабинетінде мобильді телефон нөмірін тіркейді, бұл нөмір мобильді азаматтар базасына енгізіледі.
Сондай-ақ анықтамаларды Касса24 көмегімен басып шығару мүмкіндігі қарастырылуда.
Бүгінде Қазақстанның мемлекеттік қызметтер тізілімі 741 қызмет көрсетуден тұрады. Олардың 598-ін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 454-ін электрондық үкімет порталында алуға мүмкіндік бар.
Ағымдағы жылы 9 айдың ішінде мемлекеттік корпорация 25 миллионнан астам қызмет көрсеткен. Солардың ішінде 13 миллионнан астамы – электрондық қызметтер, ал 9 миллионнан астам мемлекеттік қызметті азаматтар фронт-кеңселердегі өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы өз бетінше алған.
Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация алдында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша тапсырма тұр. Қарауына Мемлекеттік корпорация енетін Ақпарат және коммуникация министрлігі өкілетті мемлекеттік органдармен бірге мемлекеттік қызметтерді азаматтарға және бизнес үшін көрсету процестерін мейлінше оңтайландыруды жүргізіп жатыр. Цифрландыру мемлекеттік органдарға өз өнімділіктерін арттыруға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:
-
«Азаматтарға арналған үкімет» дегеніміз не? -
Ұлттық ақпараттық технологиялар дегеніміз не? -
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімді түрлері қандай?