Файл: Таырып азастан Республикасыны геосаяси ауіпсіздігіне сер ететін факторлар і лтты ауіпсіздік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырып Қазақстан Республикасының геосаяси қауіпсіздігіне әсер ететін факторлар

І Ұлттық қауіпсіздік. Қазіргі кезде көпполюсті әлемнің қалыптасуы жүріп жатыр. Бұл жағдайда әр мемлекеттің мүдделері оның халықаралық деңгейдегі сыртқы саясатын анықтап береді. Қазақстанның ұлттық мүдделері, ең алдымен, мемлекеттің аумақтық біртұтастығын, саяси тәуелсіздігі мен басқару жүйесін сақтауды қамтиды. Сонымен қатар шетелдерде ел азаматтарының қауіпсіздігін қорғау, мемлекеттің беделін қолдау да ұлттық мүдделер қатарына жатады.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне ықпал ететін ең басты сыртқы фактор – үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі. Аймақта ірі жанжал бола қалса, екі ірі ядролық мемлекет (Ресей, Қытай) аралығында жатуы Қазақстан үшін қолайсыз салдарларға алып келуі мүмкін. Орталық Азияның саяси жағдайы тұрақсыз аумақтармен (Ауғанстан) шектесуі мемлекет аумағын лаңкестерден, есірткі саудасынан, діни экстремизмнен қорғауды қажет етеді.

Аймақ елдері арасындағы даму деңгейлерінің алшақтығы, экономикалық көші-қонның арту салдарлары да сыртқы қауіп-қатерге жатады. Дүниежүзі бойынша байқалатын Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің қарама-қайшылықтары аймақтық денгейде де өзіндік көрініс табады. Сыртқы қауіп-қатерлердін, Қазақстанның, ұлттық мүдделеріне тікелей қатысы болмауы да мүмкін, бірақ, оларды ескермеу елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетіне әсер етеді.

Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігі. Мемлекеттің геосаяси қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің бөлігі болып табылады. Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігіне сыртқы және ішкі факторлар ықпал етеді (55-сызбанұсқа)



Геосаяси қауіпсіздікті сақтаудың басты мақсаты – мемлекеттің геосаяси мүдделерін (аумағы, саяси, экономикалық және ақпараттық кеңістігі) қорғауды қамтамасыз ету. Геосаяси қауіпсіздіктің нысандары 56-сызбанұсқада көрсетілген. 56-сызбанұсқа



Қазақстанның ұлттық және геосаяси қауіпсіздігі заңнамалық негізде бекітілген. 2012 жылы 6 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заң, еліміздің, ұлттық қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді.


Қазақстан және лаңкестік қауіп-қатері. Еліміздің, геосаяси қауіпсіздігін қамтамасыз етуде лаңкестікке қарсы тұру басым бағыттардың бірі болып саналады. Қазақстан лаңкестіктің, барлық түрлері мен көріністерін қатаң айыптайды және лаңкестікпен күресте әлемдік қауымдастықтың бірлесе әрекет етуін қолдайды. Еліміз лаңкестікпен күрес туралы барлық халықаралық конвенцияларға қосылған (24-кесте).

24-кесте

Лаңкестікпен күрес туралы халықаралық конвенциялар (ҚР Сыртқы істер министрлігінің деректері бойынша)



Қазақстан лаңкестікке қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық халықаралық құқықтың барлық нормаларына сай жүзеге асырылуы тиіс деп санайды. Қазақстан лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды көздейді. Қазақстан ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы сияқты аймақтық ұйымдардың мүшесі болып табылады. 2003 жылы ҚР Президентінің бұйрығымен лаңкестікпен, діни экстремизммен күресте барлық күштер құрылымының тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Лаңкестікке қарсы орталық құрылды. Бұл орталыққа барлық арнайы, құқық қорғау және басқа да мекемелердің лаңкестікпен күрес сияқты жұмысын үйлестіру міндеті жүктеліп отыр. Халықаралық лаңкестік және экстремизммен күрес мемлекеттердің барлық деңгейдегі әрекеттестігін талап ететіндігін ескере отырып, Қазақстан аталмыш салада бірқатар халықаралық және мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге қол қойды.

Сонымен қатар Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінің саяси шешімі Азиядағы әрекеттестік пен сенім шаралары кеңесін (АӨСШК) шақыру туралы Қазақстанның бастамасымен байланысты. Оның саммиттері 2002 және 2006 жылдары Алматы қаласында өтті. АӨСШК шеңберінде өткен жоғары деңгейдегі кездесулер Азиядағы қауіпсіздіктің тиімді механизмін құруда маңызды қадам болды. 2002 жылы «Лаңкестікті жою және өркениеттер арасындағы диалогке жәрдем беру туралы» Декларациясының және 2004 жылы «Сенім шаралары каталогінің» қабылдануымен осы саладағы ынтымақтастық одан әрі тереңдетілген және жүйелік сипатқа ие болуда. Біздің еліміз халықаралық қауымдастықтың лаңкестікке қарсы күрестегі жігерін іс жүзінде қолдайды және көпжақты ынтымақтастық пен әрекеттестікті дамытады.



ІІ Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар

1. Көпполюсті әлем жағдайында ұлттық мүдделерді сақтаудың қандай маңызы бар?

2. Аймақтағы мемлекеттердің экономикалық даму деңгейлерінің өркелкі болуы жанжалдарға алып келуі мүмкін бе?

3. 55-сызбанұсқаны талдау негізінде Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігіне әсер ететін факторлардың әрқайсысының мағынасын талдап, нақты мысалдар келтіріңдер.

4. 56-сызбанұсқадағы геосаяси қауіпсіздік нысандарының бірін таңдап алып, оны қорғаудың қаншалықты маңызды екенін нақты мысалдармен дәлелдеуге тырысыңдар.

5. Ежелден келе жатқан нақыл сөзде «Кімде-кім ашу-ызамен жауап бермесе, өзін де, басқаны да құтқарады» деген Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты осы нақыл сөзбен қаншалықты байланысады?

ІІІ Рефлекция «Қазақстанда лаңкестік қауіп-қатерімен күрес және оның алдын алу шаралары» тақырыбында эссе дайында.

ІҮ Үй тапсырмасы Бекіту сұрақтары мен тапсырмаларды орындау