Файл: Кркем ебек Мектеп Кксйек жалпы орта мектебі Педагогті атыжні М. Бименова Блім.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 26
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Көркем еңбек | Мектеп: Көксәйек жалпы орта мектебі Педагогтің аты-жөні: М.Бименова | |||||||||
Бөлім: | Атақты тұлғалар | |||||||||
Сынып: Күні: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақтың тақырыбы | Атақты тұлғаның портретіне жақтау жасаймыз. Таныстыру, талдау жəне бағалау. | |||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 3.2.2.1 – аса күрделі əдістер мен тəсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи жəне жасанды) жəне құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу; 3.3.1.1– өз жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясын жəне процесін арнайы терминологияларды пайдаланып, таныстыру. | |||||||||
Сабақтың барысы. | ||||||||||
Сабақтың кезең | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||
Басы 5-7 мин | Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында бірінші және екінші сыныптағы портрет туралы білгендерін еске түсіреді. Өткен материалды қысқаша қайталайды. Тапқырлығың мен ой ұшқырлығыңды таныта оты- рып, өз қолыңмен қандай да бір бұйым жасау қызықты жұмыс. Біз атақты тұлғалар туралы көп нәрсе білдік, көпшілігің өз кумирлеріңнің портреті үйлеріңде ілініп тұрғанын қалайтын боларсыңдар? Сендер достарыңның немесе туыстарыңның кумирлерін білсеңдер, өздерін шабыттандыратын тұлғаның портретін оларға сыйласаң риза болып қалар еді. Біз бүгін атақты тұлғаның жақтауын жасап, оны кейін әшекейлеп, үйге қоямыз не достарымызға сыйлаймыз Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау | Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару. Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды. | ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. | Психологиялық ахуал. Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары. | ||||||
Ортасы 8-32 мин | Мұғалім жақтауды қалай жасау керегін түсіндіреді. Жақтаулардың үлгісін, сызбасын тақтаға сызып көрсетеді. Оқушылар бірінші сыныпта портретке жақтау жасаған болатын. Қалай жасағандарын естеріне түсірсін. Алайда ол кезде жақтауды қатырма қағаздан жасап, әртүрлі материалдармен безендірді де, суретке арналған әдемі жақтау жасады. Енді жұмыс күрделенді, жақтауды нақты бір адамға арнап жасап, оның жетістіктері ескеріліп, ол адамның мамандығын, қызығушылығын, оның көрерменге кім екенін танытатындай етіп жасау керек. Оқушылармен бірге спортшының жақтауына (спортшы шұғылданатын құрылғылар, медальдар, кубок, басқа да белгілерді), ғалымның портретіне (оның саласына байланысты, мысалы, егер ол Оқулық. №2 қосымшадағы материалдар. ботаник, өсімдіктерді зерттеуші болса, онда кепкен өсімдіктерді, егер зоолог болса, жануарларды мүсіндеуге болады) нені бейнелейтін ақылдасады. Оқушылармен бірге әрбір мамандықты талқылау керек. Әрине, кез келген тұлғаның өзіне тән ерекшеліктері бар, оларды мүмкіндігінше ескеру керек. Жақтау жасайтын материалдарды талқыласын, оқулықта екі нұсқасы берілген (қатырма қағаздан және полимер балшықтан жасалған), алайда оны басқа материалдардан да жасауға болады. Жақтаудың өлшемі сурет пен фотосуреттің өлшеміне байланысты. Оқушылармен бірге үйлерінде немесе бөлмелерінде кімнің портретін көргісі келетіндерін шешіп алады. Оқушылар альбомдарына қарындаш не фломастер- мен жақтаудың нобайын жасайды. Келесі сабақта оқушылар дайын нобайға қарап, өздері таңдаған материалдардан алдын ала салған портреттеріне не фотосуреттеріне жақтау жасайды. Мұғалім жеке-дара ұсыныстар айтып, керек жерінде көмек береді. Сабақтың соңында жұмыс- тарын таныстырады. Қалай таныстыратындарын ойланады, жасаған жақтауларын көрсетіп қана қоймай, нақты бір тұлға туралы әңгімелейді. | Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды. Белсенді оқу тапсырмалар Leonning.app платформасындағы тапсырмаларды орындайды. | ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. | Оқылым, жазылым тапсырмалары. Leonning.app сайты арқылы тапсырмалар | ||||||
Соңы 33-43мин | Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Топтық жұмыс. «Галереяда ой шарлау» Оқушылар әртүрлі жақтауларды талқылауға қатысады, қызықты жақтау жасау жолдарын ортаға салады. Жақтау жасайды. Өз жұмыстарын таныстырып, басқа жұмыстарды талқылауға қатысады. Оқушылар жақтау қалай жасалатынын, ол үшін нені білу керегін, жақтауда нені көрсетуге болатынын білді. Белгілі бір идеяны ортаға салып және әртүрлі материалдары қолдана отырып, жақтау жасап үйренді. | Оқулықтағы қосымша тапсырмалар. | ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. | Топтық тапсырмалар. | ||||||
Кері байланыс 2 мин | «Рефлексия» кері байланыс. | Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады | Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру. | «Ашық микрофон» кері байланыс парағы | ||||||
| Әрбір мұ- ғалім таныстырылым жұмысын қалай жүргізетінін өзі ұсына алады. | | ||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі еліміздің аума- ғындағы негізгі сәулет ескерткіштері туралы білді. Мұғалімнің және оқу- лықтағы сұрақтарға жауап беріп, жұ- мыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындай алды. Оқушылардың көпшілігі үлгіге қарап бұйым жасап, жұмыс барысын сипаттай алды. Кейбір оқушылар өз беттерінше шығармашылық жұмыс жасап, жасаған жұмысының идеясын түсіндіре алды. | Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз?
| АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұ- ғалім СD-дискідегі мате- риалдарды, сондай-ақ ин- тербелсенді тақтаны да қол- дана алады. Мұғалім өздік жұмыстың басында қауіпсіздік ере- жесін сақтауды оқушылар- дың есіне салады. | ||||||||
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақ- тарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысан- дарын жақсы суреттейсің (суретші- лер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б. | Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау:
3) жұмыс дәптерінде орындалған тапсыр- малар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз). | Құндылықтармен байланыс Адамгершіліктік-құндылық- тық қасиеттерін қалыптас- тыратын пейзаж жанрын- дағы әлем мәдениеті жау- һарлары, еліміздің табиғат көрінісі мен сәулет ескерт- кіштерінің фотосуреттері. | ||||||||
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды»!, «Мен бәрін орын- дап үлгермедім!» 1. жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемді аяқтауы тиіс. Мен бүгін ... білдім. ... қызықты болды. ... қиын болды. Мен ... тапсырманы орындадым. Мен ... түсіндім. Енді мен ... аламын. Мен ... сездім. Мен ... жинақтадым. Мен ... үйрендім. Мен ... жасай алдым. Менің ... қолымнан келді. Мен ... жасап көремін. Мен ... таңғалдым. Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі. Мен ... жасағым келді. Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді. |