ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 76
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Зерттеудің жаңа бағыты 15 жастағы оқушылардың креативті ойлауына арналған. Мұндай таңдау неге байланысты? Джой Пол Гилфорд (Guilford J.P., 1967) пен Элис Пол Торренстің (Torrance E.Р., 1964,1965) креативтілік тұжырымдамасында баланың өзін белгілі бір шектеулермен тежемей өмір сүретін «бастапқы креативтілік» кезеңіне (3-5 жас) назар аударылады. Жасөспірім шақта байқалатын «қайталама креативтілік» кезеңінде бала өзінің дербестігін, басқаларға ұқсамайтын ерекшелігін сезінеді, оның креативтілігі белгілі бір жаңа нәрсені саналы түрде ойлап шығару қабілеттілігі арқылы көрініс табады.
-
Пәндік саладағы дайындық шығармашылық жұмысты сәтті жүргізу және креативті жұмысты табысты орындау үшін адамға пәндік сала бойынша белгілі бір деңгейдегі білім мен тәжірибенің қажеттігін білдіреді (Baer, 2016[56]). Бұл тұжырым адам неғұрлым білімді болса және пәндік саладағы мағлұматтар арасындағы өзара байланысты жақсы түсінсе, онда креативті идеялар пайда болу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады деген болжамды айқындайды.
-
«Менталды карта» - адам бойындағы шығармашылық және интеллектуалдық потенциалды қолдана отырып ой қозғауға, мәліметтерді құрылымдау мен өңдеуге мүмкіндік беретін құрал болып табылады.
-
Негізгі түсінікті парақтың ортасына қанық фломастермен жазып, айналасын қоршап қойыңыз. -
Негізгі түсініктен қанша жауап болатынын жоспарлаңыз. -
Негізгі түсініктен шыққан әр сызыққа тек бір жауапты жазыңыз. -
Түсініктерді безендіріңіз.
«Менталды карта» әдісі берілген материалдардың үлкен көлемін жалпылап, жүйеге келтіруге көмек береді, сонымен қатар, шығармашылық және аналитикалық қабілеттің дамуына, логикалық ойлаудың дамуына ықпал етеді.