Файл: Алтын жапыра тккен кз кзгі бал кешіні сценарийі (8 10 сыныптар аралыы) Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 88

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Алтын жапырақ төккен күз» күзгі бал кешінің сценарийі (8 – 10 сыныптар аралығы)Мақсаты: Оқушылардың әртістік қабілетін дамыту, еңбексүйгіштікке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, ауызбіршілікке бейімдеу.Көрнекілігі: Билбордтар, шарлар, плакаттар.(Сахна сыртында «Сары ала күз…»атты өлең оқылады.)(Фанфар) Жүргізуші шығады.1-жүргізуші Кәусар:Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!2-жүргізуші Нұрсұлтан:Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз – жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз – байлық, молшылық.3-жүргізуші Балнұр:Қош келдіңіз көрермен,«Күзгі балдың» кешіне.Отырыңыз қол соғып,Шат күлкіге бөлене.Көбейді құт – береке,Астық толы қоймамыз.Құтты болсын мереке,«Алтын күзді» тойлаймыз.1-жүргізуші Кәусар:Ендеше, бүгінгі алтын күзге қатысушы топтарымызды ортаға шақырайық.2-жүргізуші Нұрсұлтан: 8 А сынып оқушылары Қанатұлы Мади мен Қазыбек Альбина3-жүргізуші Балнұр: 9 А сынып оқушылары Нурбаев Адиль мен Сатан Марал1-жүргізуші Кәусар: 9 Ә сынып оқушылары Бектұрған Бағлан мен Мұхамедиярова Аяжан 2-жүргізуші Нұрсұлтан: 10 Ә сынып оқушылары Ерболұлы Салман мен Оринбаева Айгерім3-Жүргізуші Балнұр:Күз мейрамы құтты болсын баршаға,Күздің сәні келіп қапты ортаға.Әділқазы алқасымен таныстырып,Кетейінші осы отырған баршаңа.Бүгінгі сайысымыздың сарапшылары:1-жүргізуші Кәусар: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Найзабекова Жаухар СәбитқызыБастауыш сынып мұғалімі: Ыбырайқызы СандуғашҚазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Отарбай Балнұр Дүйсенқызы Математика пәні мұғалімі: Маңғыбаева Жансая3-Жүргізуші Балнұр:Бүгінгі сайысымыздың ережелерімен таныстырып өтейік:

  • «Тегімді менің сұрасаң..» (таныстыру) 3 минут

  • «Өнерің өрге жүзсін» (ән, би, күй, әзіл-сықақ) 4 минут

  • Күз сыйы (күзгі дақылдардан қолөнер, экибана жасау, таныстыру) 1 минут

  • Күз ханзадасы мен күз ханшайымының күзгі сән киім үлгісі, балдық биі.

Ескерту: регламент сақталуы міндетті1-жүргізуші Кәусар:Ендеше, дайын болсақ бірінші сайысымыз таныстыруды бастаймыз.(әр топ өздерін таныстырады, регламент 3 минут)Ортада 1жұп 8 А сынып оқушылары Қанатұлы Мади мен Қазыбек АльбинаКелесі өнер көрсететін 2-жұп 9 А сынып оқушылары Нурбаев Адиль мен Сатан МаралАлдарыңызда 3 жұп 9 Ә сынып оқушылары Бектұрған Бағлан мен Мұхамедиярова Аяжан 4-жұпты қарсы алыңыздар Ерболұлы Салман мен Оринбаева Айгерім2-жүргізуші Нұрсұлтан:
Асыл тастан, өнер жастан,Шығады деп дарынды.Халық айтса, қалт айтпас,Әрқашанда нанымды3-жүргізуші Балнұр:Сол шындықты күнделікті,Көріп жүрміз өмірденӨнерімен танысайық,Тілекші боп көңілден.2-жүргізуші Нұрсұлтан:Олай болса сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық.Ортада 1жұп 8 А сынып оқушылары Қанатұлы Мади мен Қазыбек АльбинаКелесі өнер көрсететін 2-жұп 9 А сынып оқушылары Нурбаев Адиль мен Сатан МаралАлдарыңызда 3 жұп 9 Ә сынып оқушылары Бектұрған Бағлан мен Мұхамедиярова Аяжан 4-жұпты қарсы алыңыздар Ерболұлы Салман мен Оринбаева Айгерім1-жүргізуші Кәусар:Сайысымыздың келесі бөлімі «Күз сыйына да» келіп жеттік. Қатысушыларымызға күзгі дақылдардан қолөнер, экибана жасап әкелуге тапсырма берген болатынбыз. Олай болса, қолдарынан бал тамған сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Сайыскерлеріміз өздерінің жасаған жұмыстарын таныстырып өтсін.3-жүргізуші БалнұрОртада 1жұп 8 А сынып оқушылары Қанатұлы Мади мен Қазыбек АльбинаКелесі өнер көрсететін 2-жұп 9 А сынып оқушылары Нурбаев Адиль мен Сатан МаралАлдарыңызда 3 жұп 9 Ә сынып оқушылары Бектұрған Бағлан мен Мұхамедиярова Аяжан

4-жұпты қарсы алыңыздар Ерболұлы Салман мен Оринбаева Айгерім1-Жүргізуші Кәусар:
Сайысымыздың келесі бөлімі «Күз ханзадасы мен күз ханшайымының күзгі сәнді киім үлгісі мен балдық биін» тамашалайық2-жүргізуші Нұрсұлтан:Достарым неткен сымбатты,Ғажайып нұрға бөленген.Алтын күзге үн қаттыСәнді киім түрімен,- деп сайысымыздың соңғы кезеңіне де келіп жеттік.3-жүргізуші Балнұр: Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді. Бұл сайысымыздың ерекшелігі, жұптар күзгі вальс билейді. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық!1-жұп Қанатұлы Мади мен Қазыбек Альбина 8 А сынып2-жүргізуші Нұрсұлтан:2-жұп Нурбаев Адиль мен Сатан Марал 9 А сынып3-жүргізуші Балнұр: 3-жұп Бектұрған Бағлан мен Мұхамедиярова Аяжан 9 Ә сынып1-жүргізуші Кәусар:4-жұп Ерболұлы Салман мен Оринбаева Айгерім 10 Ә сынып (Сахнада сайыскерлеріміз күздік киім үлгілерін көрсетеді және балдық би билейді)2-жүргізушіНұрсұлтан: Әділ қазы алқалары жеңімпазды анықтағанша ортада 1-жүргізуші Кәусар:Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз,Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,Әдебі мен тәлімі үндесетін,Жастарды болашаққа жетелейміз.2-жүргізуші Нұрсұлтан:Жеңістер мен жеңілістен тұратынӨмір – күрес, жеткізе ме мұратын.Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.3-жүргізуші Балнұр:Қош демейміз, әлі талай сайыстар барӨнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,Ойлы орта кеңейсін күннен – күнгеӨскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей келе бүгінгі сайсымызды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау үшін сөз кезегі әділқазыларға беріледі!(Әділқазылар жеңімпаздарды анықтап, марапаттайды)2-жүргізуші Нұрсұлтан:Құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі «Алтын жапырақ төккен күз» атты күзгі бал кешіміз осымен тәмамдалды.Жеңісті күндерде кездескенше, сау – саламатта болыңыздар!