Файл: Презентациялар Педагогты атыжні Кунапьянова Айдана Беимбеккызы Кні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 29

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Презентациялар

Педагогтың аты-жөні

Кунапьянова Айдана Беимбеккызы

Күні




Сынып: 4м,в,г,ж,а

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Презентациядағы анимация

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.3.2 презентациялардағы нысандардың анимациясын келтіру;

4.2.1.2 құжатқа сурет енгізу;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

«Анимация» ұғымына анықтама береді

Көптеген оқушылар:

презентацияға анимациялық әсерлерді қосады

Кейбір оқушылар:

слайдтар арасындағы ауысуларды қолданады


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

I.Қызығушылықты ояту

Сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі…….»

Үй жұмысын тексеру 104 бет «Үйде орындайық»
Өткенді қайталау.

«Сұрақ жауап» әдісі.

1.Презентацияға видеоны қалай кірістіреміз?

2.Видео пішімі батырмасымен қандай әрекеттерді орындауға болады?

3. Не себепті қажетті видео презентациямен бірге бір бумада сақталуы керек?



1.Мұғаліммен амандасады.

Оқушылар өздерінің қасындағы оқушылардың жақсы жақтарын айтады.

Жағымды ахуал қалыптастырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп өз ойларын айтады.


«Мадақтау сөз»әдісі




Жаңа сабақ

7 мин

Жаңа сабақтың мақсатын анықтау үшін

«Миға шабул» әдісін пайдаланамын

1.Анимация дегенді қалай түсінесің? 2.Анимацияны не үшін қолданады?
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Біз қарапайым презентацияның қозғалыссыз слайдтардың жиынынан тұратынын білеміз. Бір слайдтан екінші сладйқа көшкенде слайдтар тек бірінің орнын бірі ауыстырады. Дегенмен, біз осы презентацияларға қозғалыс түрлерін енгізіп, жандандыра аламыз. Ол үшін пайдаланылатын әсерлер:

-слайдтар арасындағы ауысулар;

-анимациялар.

Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

Сабақтың мақсаттарымен танысады




Слайд

Анимация

Сабақтың ортасы

28 мин

II. Мағына ашу

Жұптық жұмыс. 1-тапсырма.

Жай параққа жазылған ақпаратпен презентация арқылы жасалған ақпаратты салыстыр. Қай тәсілмен берілген ақпарат есте қалады деп ойлайсың? Неліктен?


Оқушылар өз ойларын жұппен талқылап дәптерге жазады


Дескриптор:

Жай параққа жазылған ақпаратпен презентация арқылы жасалған ақпаратты салыстыр.

- Қай тәсілмен берілген ақпарат есте қалады себебін анықтап дәптерге жаз



Жұмыс дәптері





2-тапсырма.Жеке жұмыс
«Құстар – біздің досымыз» деген тақырыпқа презентация жаса. Төмендегідей суреттер

қойып, әртүрлі анимациялық әсерлерді пайдалан. Презентацияны өз қалауыңша безендір.




Дескриптор:

-«Құстар – біздің досымыз» деген тақырыпқа презентация жасайды;

-Берілген суреттерді қойып презентацияға анимациялық әсерлерді қосады;

компьютер





3- тапсырма

«Сұрақ жауап» әдісі

1.Анимациялық әсерлерді қалай қосамыз?

2. Анимациялық әсердің қандай түрлері бар? 3. Анимацияның көмегімен суретті көрсетілген бағыт бойынша қалай жылжы туға болады?

Оқушылар берілген сұрақтардың жауабын дәптерге жазады

«Мадақтау» әдісі

Жақсы!

Тамаша!

Керемет!

Талпын!

Дескриптор: 1.Анимациялық әсерлерді қалай қосатының

2.Анимациялық әсердің қандай түрлері бар екенін

3.Анимацияның көмегімен суретті көрсетілген бағыт бойынша қалай жылжы туға болатының дәптерге жауаптарын жазады


Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс:



Өзін-өзі бағалау.







Үй тапсырмасы

110 бет «Үйде орындайық» тапсырмасы














Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырма ұсынасыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережесін сақтау.