Файл: Таырыбы рашан кн снбесін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 15

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «Әрқашан күн сөнбесін»

Қатысқандар: Мектеп оқушылары

Өткізген: Мектеп психолгы

Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі ұстай білуге, кез келген кедергіден шыға білуге, бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайтып көмек көрсуге шақыру мақсатында жүргізіледі.

Құрал –жабдық: қағаз, қалам, түрлі-түсті қарындаштар.

Ұйымдастыру кезеңі: -Оқушылармен сәлемдесу;-Көңіл-күйлерін сұрау;-екі топқа стол дайындау.

Барысы:• Барлық оқушыларды дөңгелетіп тұрғызамыз,бүгінгі біздің тренингіміздің тақырыбы : «Әр қашан күн сөнбесін» деп аталады. Оқушыларға қағаз таратылады, бүгінгі тренингтен не күтесіндер? оқушылар қағазға жазып, тақтаға жапсырады• Тренинг ережесімен таныстырамыз.• Таныстырған ережелерді тақтаға ілеміз.

Тренинг ережесі:- бір-бірін тыңдау;- уақыт үнемдеу;- белсенділік таныту;- достық қарым-қатынас;- жағымды эмоция тудыру.

1. «Ну ормандағы жаңбыр» Нұсқау: Қанекей, бір - біріңізбен тығыз тұрыңыздар. Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа - райы алдымен күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Міне, кішкене жел тұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасында қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдам бола түседі. Дауыл басталады, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды (жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде қағасыз). Міне, нөсер басталды (саусақтарымен қимылдар жасап, алақанмен жоғары - төмен жүргізесіз). Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басталды. Сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Ал, енді 180 айналып, ойынды жалғастырыңыздар. Талдау: Сіздер осындай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз? Жағымды болды ма? Әлде, тек әрекеттерді ғана орындау қажет болды ма? 2.«Автопортрет» жаттығуы. Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді. Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б... Портретте кімнің ерекшелегі екендігін басқалар табуы қажет. 3.«Сенімділік» жаттығуы.

Мақсаты: оқушыны стресстік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету.


Шарты: оқушыларға бос парақ таратылады. Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1, 2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін, ал екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазады, ортасы екіге жыртылып алынады. Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыздарын қатты мыжып, қоқыс жәшігіне салады. 4.« Суреттерді аяқтайық » жаттығуы

Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту. Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады. Оқушылардың көздері шарфпен байланады да, олар кезек-кезекпен шығып, бірі денесін, бірі басын, бірі аяғын салады, осылайша жалғаса береді.

5.«Түрлі –түсті доптар» жаттығуы

Мақсаты : оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту

Нұсқау: Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп, қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал, ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал.

Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Қателіктерін айтады.

Тренинг туралы өз ойларын стикерге жазып тақтаға іледі. Тренинг аяқталды, тренингтің жақсы өтуіне ат салысқандарыңызға рахмет.