Файл: Трбие саатыны таырыбы Жас ландар матанышы елімні! Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 13

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

№26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп

Сынып сағат

Тақырыбы:

« Жас ұландар -  мақтанышы елімнің!»

3 «Ә»сынып жетекшісі:Айымбетова Р.

2016 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Жас ұландар -  мақтанышы елімнің!

Мақсаты: Оқушыларға сарбаздар, Отан қорғаушылар жайында әңгімелеп беру. Дүниетанымдарын кеңейту. Ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыстануға баулу.Әр оқушының жетістігін көре білу, өнерлі, ақылды, білімді, ұйымшыл болуға баулу.

Көрнекілігі:  суреттер, портрет, сынып бөлмесін мерекеге сай безендіру.

Барысы: І Ұйымдастыру. «Атамекен» әнімен бастаймын

ІІ.Кіріспе. Армысыздар,мұғалімдер әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би де билеп , ән де бүгін шырқалар.

Ізгілікті өн бойына жинаған,
Бөбегіне жан жылуын сыйлаған,
Қалап берген ірге тасын өмірдің,
Хош келіпсіз,ата-ана,сыйлаған.

Құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар!Бүгін 3-ші ә сынып оқушыларының дайындаған «Жас ұландар-мақтанышы елімнің!» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер! 

1 -оқушы:Сарбаздар жыры

Жас ұланбыз жаны жарқын,

Қайрат-күші құрыш мығым,

Тамылжыған жаны алтын,

Қорғаймыз ел тыныштығын.

Сарбаздармыз саптағы біз,

Қатарымыз сөгілмеген.

Туған елдің мақтанымыз,

Адымдаймыз сенім менен.

Желбіреген жалауымыз,

Ұлы Отанның ұланымыз.

Бейбітшілік қалауымыз,

Асқақтаған жыр-әніміз.

7-мамыр –ҚР Қарулы күштерінің Отанды қорғау күні.

Қарулы Күштердің Бас Қолбасшысы –Н.Ә.Назарбаев.

18 жасқа толған әр ер азамат Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылады.

36-бапта «ҚР-сын қорғау   - оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы» деп

көрсетілген.

2-оқушы:Б.Момышұлы: «Әрбір азамат өз ұлтын сүюі тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі

мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды да сүйе білуге тиіс.»

3-оқушы:М.Жұмабаев: « Елге ер қымбат, елге ердің адал жүрегі қымбат».

4-оқушы:М.Әуезов: « Жүрген жақсы, көп дүниені көрген жақсы. Бірақ соның бәрінен де тағы бір жақсы бар: көре біліп, жүре-жүре келіп,Отаныңа қайтқан сәт бәрінен де жақсы».


Сайысқа қош келдіңіз, бәріңіз де,

Дос, тума, ұстаз, ата-ана, кәріңіз де.

Елімнің жас ұланы алдыңызда

Тамашалап қол соғып көріңіздер!

Сайыс кезеңдері:

Күш-білімде... (Сұрақтар)

1. Қазақ халқының тарихында қандай батырлар өткен? (Сыпатай, Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Кенесары, Есет, Қайдауыл, т. б)
2. Үш жүзді атаңыз? (ұлы, орта, кіші жүз)
3. Үш дауасызды атаңыз? ( мінез, кәрілік, ажал)
4. Бес дұшпанды атаңыз? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
5. Ұлттық ойын түрлерін атаңыз? (ақсүйек, арқан тарту, сақина салу, көкпар, қыз қуу, бәйге)
6. Жігіттің үш жақын жұртын атаңыз? (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
7. Лейтенанттан кіші, старшинадан үлкен әскери атақ? (прапорщик)
8. Бес қаруды атаңыз? (мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)

1. Қазақстан Республикасының әскери анты қашан бекітілді? (1992)
2. Қазақ халқының тарихында қандай билер өткен? (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)
3. Бес асылды атаңыз? (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым)
4. Үш арсызды атаңыз? (ұйқы, тамақ, күлкі)
5. Аттың ер – тұрмандарына нелер жатады? (жүген, желдік, ер – тоқым, құйысқан, өмілдірік, үзеңгі, аткөрпе, тартпа)
6. Төрт түліктің пірін атаңыз? ( түйе пірі – Ойсылқара, жылқы пірі – Қамбар ата, сиыр пірі – Зеңгі баба, қой пірі – Шопан ата, ешкі пірі – Сексек ата)
7. Жеті қазынаны атаңыз? (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл – білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
8. Жеті жоқты атаңыз? (жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ)


1) Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айт.

2)Қазақстан мемлекеті тәуелсіздікті қашан алды?(1991ж 16 желтоқсан)

3)Отанымыздың рәміздерін ата.(Ту ,Елтаңба,Әнұран)

4)7 мамыр қандай мереке?(Отан қорғаушылар)

5)Тәуелсіздік күні қашан тойланады?(16 желтоқсан)

6)Шығыстың қос шынары атанған кімдер?(Алия Маншук)

7)Ұлы Отан соғысының батырларын ата.

Өнерлі өрге жүзер...

Өнер менен білімде,

Әркімнің өз жолы бар.

Шеберлік жарыста бүгінгі

Өзіндік менің үнім бар-дегендей, әр ұлан өзінің өнерін көрсетеді. «Шекарашы сарбаздар» әні

Ойын: «Кім тапқыр?»



Берілген сұрақтарға қолдарыңыздағы әріптен басталатын сөздер айтып жауап бересіздер.

( Б, С, Д, Ж, Н, О, Қ, А, М)

1. Сіздің есіміңіз кім?

2. Сіз неше жастасыз?

3. Қандай ойынды ұнатасыз?

4. Сіздің сүйікті тағамыңыз?

5. Сіздің досыңыз кім?

6. Сізге қай әнші ұнайды?

7. Мерекелік тілегіңіз...

« Ойымды жалғастыр».

Мақал-мәтелдерді толықтырып айту.

1)Білекті бірді жығады, ( білімді мыңды жығады) .

2) Бес саусақ жиналса , ( жұдырық болады) .

3) Досыңды үш күн сынама, ( үш жыл сына).

4) Бір кісі қазған құдықтан,( мың кісі су ішеді).

5) Білгенің бір тоғыз, ( Білмегенің тоқсан тоғыз).

Тақпақтары:5-оқушы

Достарым, түсініңдер сөздің нарқын
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын,
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.


6- оқушы:Жаса елім,жаса достық,бірлікпен,
Көштен қалма,қалма және тірліктен.
Елім менің-Қазақстан,Отаным,
Алға өрле үшінші мыңжылдыққа


7- оқушы;Мен қазақпын ,ұланымын елімнің,
Мен қазақпын тірегімін жерімнің .
Ұланымын туын көкке көтерген,
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.


8- оқушы:Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орманы,тауы,өзені,көлі бар.
Қазағымның жерін,елін қарғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар,елі бар.


9- оқушы :Қырандай түлеп ұшқан арманымыз

Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз.

Ант алып ар алдында сапқа тұрып,

Қорғаймыз туған жердің ар-намысын.

10-оқушы: Алға бас, қарышта, жас ұлан,

Қанаты талмайтын, жас қыран.

Жастықтың жігері бойында,

Өзендей күші бар тасыған.

11-оұушы: Көк байрақ арайлаған нұр таңымыз,

Жігіттің сынға түскен сұлтанымыз.

Дұшпанға қатал болған, досқа берік,

Жаужүрек Бауыржанның ұрпағымыз.

Отан ,туған жер туралы мақал-мәтелдер:

Қорытынды.

Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орман, тауы, өзені, көлі бар.

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.

Міне, осындай егеменді еліміз,

Кең жазира, ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

Ән: «Сарбаздар әні!








Достарым, түсініңдер сөздің нарқын
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын,
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.