ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 33
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Эссе
Бала танымын кеңейтіп,ой-өрісін өсіру
Педагогиканың маңызды мәселесі іс-әрекет. Оқушының іс-әрекет арқылы танымын жетілдіріп, тәжірибе мен адамгершілік құндылыққа ие болады. Оқушылардың ерекше қасиеттерінің бірі - үздіксіз дамуға бейімділігі мен жаңалыққа жаны құмарлығы болып келеді. Қызығу танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Оқушы оқып үйрену барысында қабілеті ашылып,дарыны ұшталады, өз күшіне сенімі, мүмкіндігіне сенім артады, жақсы мінезі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды. Таным қызыға оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек болып табылады. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне, материалды жадында сақтауға көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы оқушылар сабақтан гөрі ойынға қызығушылығы көбірек болады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана, әрі сапалы орындайды. Бала ойынсыз өсіп - өркендей алмайды.Мысалы: үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді. Ойын арқылы баланың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығы өзгереді, таным белсенділіктері қалыптасып, ақыл – ой процесі өсіп-жетіледі, түрлі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір – біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, достық, жолдастық ортаны сыйлау сезімдеріне тәрбиелеуге болады.
«Адам өркениетті болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалар еді», - деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой – дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей байланысты екенін атап көрсеткен. Ойын түрлері көп, соның ішінде маңызы – дидактикалық ойын. Мұнда басты элемент – дидактикалық тапсырмалар, қалған элементтер осы тапсырмаға және оның орындалуына көмектеседі. Тапсырмалар әр түрлі болады ( жоспар тақырыптарына сай). Ойын ережелерге сүйенеді. Ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жету жолдарын көрсетеді және ақыл – ой қабілеттерін дамытады, әсіресе кішкентай топтағы балалардың өзін - өзі ұстауға, өздерінің мінез - құлықтарын қадағалауға үйретеді.