ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 111
Скачиваний: 1
-
Мұғалімнің имиджі -
Мұғалімнің сыртқы мәдениеті -
Педагогтың этикасы
-
Қазіргі кезде мұғалімнің кәсіби имиджі жайлы өте көп айтылуда, имиджді қалыптастыру процесі кімге байланысты және педогогикалық іс-әрекеттің табыстылығына қалай әсер етеді? Мұғалім бейнесі оқушылар есінде ең әсерлі сәттермен сақталып қалады. Өскелең жас ұрпақтың сезім, жігерінің қуатты күші болатын, адам қызықты, жан-дүниесі бай болуы керек. Мұғалім имиджін қалыптасыру үшін өзімен жан-жақты жұмыс жасауы керек. Имидж – ағылшын тілінен аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағынаны береді. Оқушы өмірінің көп бөлігі оларға білім ғана беріп қоймай, сонымен қатар оларды тәрбиелейтін және жеке тұлға ретінде қалыптастыратын мектептің оқу тәрбие үрдісінде өтеді. Әлеуметтік және балалық шақтан алған әр-түрлі әсерлер мен тәжірибелер үлкен өмірге өтуіне әсер етеді. Мұғалімнің жеке басы оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Ақпараттың басым бөлігін біз көру арқылы аламыз, сондықтан да біздің тартымды бейнеміз өте маңызды. Оған ұқыптылық, іскерлік стиль, мәнер, әдеп, күлкі жатады. Сонымен қатар ойлау, іс-әрекет бейнесі, сөйлеу мәнері және тыңдай білу де басты болып табылады. Оқушылары мен әріптестерінің алдында өзін-өзі ұстай білуі мұғалім имиджі болып саналады. Егерде оқушы мұғалімнің жеке тұлғасына қызықпаса пәнге деген қызығушылығы да болмауы мүмкін. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің ерекшелігі оның қоғамдық мақсатында. Мұғалім оқушылар мен ата-аналар үшін басты тұлға болғандықтан, оған қойылатын талапта әрқашан жоғары.
-
Айналасындағы адамдардың көңілін таба білу кепілі. -
Кез келген жұмыста жетістікке жетудің негізгі шарты. -
Қандай да бір жағдайда шешім таба білуі.
-
сыртқы бейне; -
вербалды және вербалды емес қарым-қатынасты пайдалану құралы; -
ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі.
Айналаңыздағы адамның санасындағы сіздің бейнеңіз туралы көзқарас қандай. Ол сізбен жүздесуден соң сыртқы кейпіңіз бен өз-өзіңізді ұстауыңыздың тәрбиелік мәні мен сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптасады. Әрине сыртқы бейнеміздің үйлесімді әсер қалдыру үшін вербалды және вербалды емес қатынас қажет:
-
Мәнерлі сөйлеу -
Көндіре білу -
Стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу -
Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу -
Шыдамдылық -
Көргіштік -
Сезе білу
-
Өте ауыр еңбек-ой еңбегі, оның өкілі –мұғалім. Мұғалім мектептегі басты тұлға. Мұғалімнің өмір тұрмысы, отбасы жағдайы, демалуы, тамақтануы, киінуі-оның нәтижелі жұмыс жасауының кепілі. Өз басының қамы ойдағыдай шешілмеген, жатса-тұрса ойында отбасының, бала-шағасының мұқтажы тұратын болса, онда ұстаздың еңбегінен жеміс болмайды, одан жұмы талап ету де орнысыз. Ұстаз да адам, олай болса, өмірінде кездесетін басапнасыздық, еңьекақының төмендігі, киер киімінің тапшылығы, ашқарындық оны аздырып жібереді. Еңбектің салмағына, нәтижесіне қарай бағалануы, еңбегіне қарай жалақы мөлшерінің тиімді коэффициентке сай болуы – жұмыстың жемісті болуының кепілі. «Бір күн аштыққа ұшырағаннан қырық күн бойы ақыл сұрама» дейді халық даналығы. Ата-аналармен қарым-қатынаста білімдарлық таныту – ұстаздың ішкі мәдениетінің көрінісі.
наша пайдаланбай, құмар ақгалы ойынбен әуестенбеу – мұғалім үшін басты шарт. Мұндай улы заттар мұғалімнің миын уландырады да, оның басындағы білім қорын аздырады. Оқушылар ондайларды тез айыра алады. Лебінен ішімдік иісі аңқыған, демінен темекінің күмүлжі иісі бас қатыратын мұғалімді ешкім де қадірлемейлі. Улы заттардан уланған мұғалімнің дұрыс білім беруі де екіталай. Мұғалімнің мәдениетсіздік көрінісі оқушылардың психикасын бұзады; теріс әсер етеді, ұнамсыз эмоция туғызады.
Ұлы ұстазымыз Ыбырай Алтынсарин мұғалімдерге темекі шегуге, насыбай атуға, ішімдік ішуге, құмар ойындар ойнауға тыйым салған. Ұлы ұстаздың осы ұстанымын қазыір өмірге ендіру – міндет әрі парыз.
-
Педагогикалық этика педагогикалық мораль мен моральдік құндылықтардың негізгі санаттарының түпкілікті мәнін қарастырады. Адамдардың адамгершілік қасиеттері мен мінез –құлқына, іс қимылына және өмірлік алуан түрлі құбылыстарға т.с.с. өзіндік баға беретін мейірімділік пен зұлымдық, адалдық пен ар-намыс туралы түсініктер жүйесін моральдік құндылықтар деп атауға болады.
Педагогтың кәсіби тәртіп кодексі педагогикалық ұстанымдар мен моральдан туындайтын адамгершілік талаптар үйлесімін анықтайды және оның педагогикалық қызмет үдерісіндегі ара-қатынас жүйесі мен тәртібін реттейді. Педагогтың кәсіби тәртіп кодексінің басты мақсаты мұғалімнің өз-өзіне , педагогикалық еңбекке , оқушылар мен мұғалімдер ұжымына деген ара-қатынасын анықтайтын негізгі талаптарды белгілеу болып табылады.Педагог тәртібі оның педагогикалық әрекеттеріне адамгершілік тұрғыдан реттейді. барынша толыққанды кәсіби- этикалық сипаты мен мақсатқа сәйкестігі педагогикалық тәртіптің келесі сипаттарында ( мінез- құлықта) ұсынылған:
-
талапшылдық , жеке бастың қасиетін қорламау, түртпектей бермеуінде; -
қарым-қатынас барысында табиғилық, қарапайымдылық танытып, мәймөңкелік пен өрескелдікке жол бермеуінде; -
бірбеткейліксіз ұстанымшылдығы және табандылығында; -
аса дабыраламайтын зеректік пен сезімталдығында; -
тұлғаның жеке басын қорламайтын әзіл-сықақ қолдана білуінде.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Астана-2004 -
Андреева Г.М. Психология социального познания. М., 2000. -
Громкова М.Т, Психология и педагогика профессиональной деятельности: Учеб. пособие для вузов. М., 2003. -
Зязюн И.А, Основы педагогического мастерства. Киев, 1987. -
Ильин Е.Н, Искусство общения. М., 1982.