ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 36
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
6.Қорқыт ата кітабы. Нұсқалары.зерттелуі
Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз. Қоркыт ата ҮШ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген тарихи тұлға, аңызға айналған күйші-сазгер, мәшһүр жырау, кемеңгер философ. Қорқыт ата адамзат баласына өлмейтін өмір, мәңгілік тіршілік іздеуші аңыз кейіпкері.
“Қорқыт ата кітабы”- оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші.
“Қорқыт ата кітабы” - бүкіл түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, әдеп-ғұрпын, салт-санасын, көркемсөз өнерін танытатын эпикалық, әрі тарихи мұра.
“ “Қорқыт ата кітабын” зерттеуші, тәржімалаушы Еуропа және орыс ғалымдары (Этторе Росси, Г.Ф.Диц, Теодор Нельдеке, В.В.Бартольд, Х.Г.Көроглы, т.б.).
“Қорқыт ата кітабы” он екі жырдан яки он екі оғыз-намеден тұрады:
1. Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр.
2. Салар Қазанның үйін жау шапқаны жайындағы жыр.
3. Қам-Бураұлы Бамсы-Бейрек жөніндегі жыр.
4. Қазанбектің баласы Оразбектің тұтқынға түскені туралы жыр.
5. Доқа-Қожаұлы ер Домрул туралы жыр.
6. Қаңлы-қожаұлы Қан-Тұралы жайындағы жыр.
7. Қазылық-қожаұлы Жүгенек туралы жыр.
8. Бисаттың Төбекөзді өлтіргені туралы жыр.
9. Бегілұлы Әмрен жөніндегі жыр.
10. Үйсін-қожаұлы Секрек туралы жыр.
11. Салар Қазанның тұтқынға түсуі және оны ұлы Ораздың босатуы туралы жыр.
12. Сыртқы оғыздардың ішкі оғыздарға қарсы шығуы және Бамсы-Бейректің өлімі туралы жыр.
ҚОРҚЫТ - «хұр» және «құт» сөзінен шыққан. «Құт» түркілерге тән сөз. «Құт әкелуші кісі» деген мағынаны білдіреді.
**Қорқыт ата кітабының 2 нұсқасы бар.
Біріншісі Германиядағы Дрезден қаласында сақталған және ол 12 жырдан жырдан тұрады.
Бұл нұсқаны неміс ғалымы Генрих Фридрих Дитц тауып, жария еткен Дрезден нұсқасы.
Екінші нұсқасы Ватикандағы (Италия) Аристолика кітапханасында, 6 жырдан құралған. Екінші нұсқаны итальян ғалымы Э.Росси Ватикан кітапханасынан табады. Бұл нұсқадағы дастандарды Э.Росси 1952 жылдан бастап түсініктеме бере отырып аударып, жариялай бастайды.
*Т.Нёльдеке «Қорқыт ата кітабының» Дрезден нұсқасын неміс тіліне аудара бастады. Бірақ ол бұл жұмысты аяқтай алмай, өзінің жинаған материалдарын шығыстанушы академик В.В.Бартольдқа береді
*Бартольд бұл жұмысты әрі қарай жалғастырып, 1894-1904 жылдары бұл эпостың төрт тарауын орыс тіліне аударады. Сөйтіп, 18 жылдан кейін В.В.Бартольд эпостың бұл нұсқасын толықтай аударып бітеді.
*итальян тіліне тұңғыш Этторе Росси аударған.
*Неміс тіліне Г.Ф.Диц пен Теодор Нельдеке аударған.
*1922 жылы тұңғыш орыс тіліне В.В.Бартольд аударған.
*«Қорқыт ата кітабын» А.Н.Самойлович, В.В.Вельяминов-Зернов, К.А.Иностранцев, А.Ю.Якубовский, Ә.Диваев сынды ғалымдар зерттеген.
*Қорқыт ата кітабын” зерттеуші, тәржімалаушы Еуропа және орыс ғалымдары (Этторе Росси, Г.Ф.Диц, Теодор Нельдеке, В.В.Бартольд, Х.Г.Көроглы, т.б.).
*«Қорқыт ата кітабын» Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Б.Ысқақов, М.Байділдаев, Ш.Ибраев сынды Қазақстан ғалымдары зерттеген.
Бұл еңбекті кешенді түрде, толығымен Х.Г.Көроғлы зерттеді.
Еңбектің толық мәтінін латын әрпімен Стамбул университетінің профессоры Эргин Мухаррем транскрипциялаған
7. Оғыз-қыпшақ дәуірінің эпикалық туындыларындағы тарихи шындық пен аңызға айналған бейнелер. «Оғыз-наме» эпосы. Оғыз қаған жайлы шежіре-аңыздарда айтылатын тайпалар тарихы.
Оғыз қаған - ғүндардың көсемі Мөденің әдеби бейнесі деуге болады. Сол себепті Мөденің тарихи тұлғасы туралы бірер сөз айта кетейік. Мөде – ғұндардың атақты билеушісі, патшасы, тәңір құты. Әкесі Тұман б. з. б. 206 жылы қайтыс болғаннан кейін патша тағына отырады. Мөденің билік жүргізген кезеңі ғұндар мемлекетінің алтын дәуірі саналады. Бұл кезде ғұндар Хань (Қытай) әскерін күйрете жеңіп, оларды «тыныштық және туыстық туралы шартқа» қол қоюға мәжбүр етеді. Бұл шарт бойынша олар енді ғұндарға көп салық төлеуге мәжбүр болды.. Қытай өзінің «үлы қорғанын» осы Мөде әскерінен қорғану үшін салған болатын. Алайда «ұлы қорған» ғұндардың тегеурініне төтеп бере алмады.
Сонымен, Мөденің әдеби бейнесіне - Оғыз қағанға оралайық. Ол үшін «Оғыз-қаған» дастанына назар аударайық. Бұл дастан Мөденің көптеген өлкелерге жасаған жауынгерлік жорықтарынан елес береді.
Оғыз қағанның анасы - Ай-қаған бейнесін ғалымдар көбінесе дерлік от басының қамқоршысы Ұмай-ана бейнесімен байланысты түрде алып қарастырады.
«Оғыз-наме» эпосының қаһармандары-Оғыз қаған, оның балалары, Ұлы Түрік, Алтын Қаған, Урум қаған, Урус бек, Сақлаб, Ұлы Орда бек, Қағарлық ер, Темір Қағұл Жосун ер, Көк Бөрі, т.б.
«Оғыз-наме» эпосының нұсқалары. Ұйғыр әрпімен және араб әрпімен жазылған нұсқалары.
«Оғыз қаған» еңбегін қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан тұңғыш зерттеуші Қ.Өмірәлиевтің ғылыми еңбектері. «Оғыз-наме» эпосы мен және қазақ әдебиеті. «Оғыз қаған» эпосы мен «Қобланды батыр» жырындағы ұқсас көріністер.
8. «Оғыз-наме» эпосы және қазақ әдебиеті.
Оғыз-намада» көне эпостарға тән үйлену салтына байланысты тұрақты сарындар орын алған. Бұл да түркі халықтар әдебиетінде көнеден ұқсас көріністедің бірі болып табылады. Мысалы эпостағы Қаңлы Қожа ұлы Торалының хикаясы осыны сипаттайды. Үйленбек болып қыз іздеген Торалы асқан сұлуды кәпір елінен кездестіреді. Бірақ қыздың қоятын шарты ауыр: ол арыстанды, бұқаны, бураны жеңген батырға ған тимек. Торалы осы шарттың бәрін орындап, қызды алатын болады. Қыз Торалымен күш сынасып та байқайды. Сынасу кезінде жеңіске жеткеніне күйеуге шығамын деп нақты шарт қоятын ару талабы қыпшақтармен қатар оғыз жырларының да дәстүрге айналған көрінісі. Бұндай қыздың жігітке «шарт» мотиві ықылым заманнан бері келе жатқан аса мол таралған мотивтердің бірі. Бұл мотив шығыстық көне ертегілерден бастап көптеген ғашықтық жырларда кездеседі. Тіпті «шарт» қою мотивін ХХ ғасыр басындағы қазақ поэмаларынан да кездестіруге болады. Мысалы кеңес дәуірінің ақиық ақыны Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы асқан сұлу қалмақ қызының ерлерді сынамаққа қойған үш шарты болғанын және оны Адақ батырдың шешкені есімізге түседі.
«Оғыз-нама» эпосында аса көп қолданылған мотивтердің бірі – түс көру мотиві. Шығарма сюжетінде түс көрудің мотиві әсіресе эпикалық шығармаларда жиі кездеседі. «Жалпы түске сену - түркі-моңғол фольклорындағы өте көне ұғым көрінісі. Оның арғы түбірі бір есептен ескі анимистік түсініктерге де алып баратынын көреміз» – деп, түс көру мен түс жоруға ежелгі заман адамдарының зор мән бергеніне тоқталады.
9. Әбу-Насыр әл-Фараби - ақын, әдебиеттанушы ғалым. Әл-Фарабидің қоғамдық, әлеуметтік және этикалық мәселелер туралы зерттеулері.
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)
Толық аты-жөні: Әбу Наср Мұхаммад ибнТархан ибн Узлағәл-Фараби
Әбу Насыр әл-Фараби - энциклопедист-ғалым, философ, математик, музыка теоретигі, әдебиет зерттеушісі, ақын.
Кезінде оны ғылыми қауым «екінші ұстаз» («Муаллим ассоний») деп те атаған. Дүние жүзілік ғылым мен мәдениеттің Аристотельден кейінгі екінші ғұламасы саналған.
Әл-Фараби 870 жылы Қыпшақ даласындағы Отырар қаласында әскери қызметкердің отбасында өмірге келген. Жастайынан зерек, оқу-білімге мейлінше құштар болып өскен Әл-Фараби алғашқы білімін Отырарда қыпшақ тілінде алады.
Отырар медресесін бітірген соң Әл-Фараби өз білімін арттыра түсу мақсатымен Шам (Бағдат) шаһарына аттанады.
*Осы сапарында ол Шаш (Ташкент), Самарқан, Исфақан, Хамадан қалаларында болып. Кейінірек ол Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо) шаһарларымен де танысады.
Ғұлама ғалым шығармашылығындағы тіл мəселесінің терең зерттелуі
əл-Фарабидің «Əріптер кітабы» трактатының көмегімен жауап беруге болады. Нақ осы трактатта қызықтыратыны, тілдің философиялық проблематикасы туралы материалды қамтитындығы.
-
Тілдің пайда болуы мəселесі тілді зерттеудегі ең маңызды мəселелердің бірі болып табылады. Бұл мəселені əл-Фараби келісімді теорияны ұстанған Аристотель жолымен шешеді. Бұл теорияға сəйкес, қоғамдағы білімді адамдар ішінде жекелеген «атауларды белгілеушілер» (ономатеттер) болады. Олар өзара келісіп, заттарды белгілейтін сөздерді тұрмыста қолдануға енгізеді. Соңынан бұл сөздерді, атауларды барлық адамдар пайдаланады.
-
Тілдің пайда болуын түсіндіргенде əл-Фараби тіл элементтері қалай қалыптасатынынан бастайды. Олардың эволюциясы мен толық жетілуі қарапайымнан күрделіге үдемелі түрде болады: əуелі адам ым меп ишара сияқты белгілерді пайдаланады, содан кейін ол əріп болатын, əріптен сөзге айналатын дыбыстарын пайдаланады. -
Əл-Фараби тілдер арасындағы ерекшеліктер туралы сұрақты қозғайды жəне оны қандай да бір географиялық ортада жинақы қоныстанған халықтардың əрқайсысының өзіндік ортақ дене бітімі мен өздеріне тəн əдеті бар екендігімен түсіндіреді. -
Əр түрлі тілдердің болу себебін ғұлама ғалым дыбыстар құрылуындағы өзгешеліктерден көреді. Өйткені бір халықтар дыбыстар артикуляциясындағы тілі мен еріндерінің қимылдары өзгеше, басқалар үшін — басқа. Біреу үшін дағдылы нəрсе, басқалар үшін мүлде тосын.
Ғалымның кейбір трактаттарында («Риторика», «Бақытқа апаратын жол» т.б.) тіл білімі мен əдебиет тану ғылымының бірқыдыру маңызды мəселелері қарастырылған.
Тіл туралы ғылымды əл-Фараби екі бөлімге — лексикология жəне грамматика бөлімдеріне — ажыратып қарастырады. «Мұның біріншісі (лексикология) қайсыбір халықтың тіліндегі сөздерді еске сақтау жəне оның əрқайсысының мағынасын білумен шұғылданады».
Тіл туралы ғылымның екінші бөлімін, яғни грамматиканы, əл-Фараби тілдегі сөздерді меңгеретін, бағындырып ұйыстыратын бөлім ретінде қарастырған.
Шығыстың ұлы ғалымы тіл туралы ғылым жеті тараудан тұрады деп есептеген:
а) «жалаң сөздер туралы ғылымды» ғалым өзара бір-бірінен тек жəне түр жағынан ажыратылатын сөздер туралы білімнің жиынтығы деп түсінеді;
ə) «сөз тіркестері туралы ғылымды» Фараби халықтың мақалдары мен мəтелдері туралы, атақты шешендер, ақындар мен риторлар жасаған афоризмдер мен қанатты сөздер туралы білім деп есептейді;
б) фонетика мен морфологияны ол «жалаң сөздердің заңдары туралы ғылымның» бөлімдері ретінде қарастырады;
в) «сөз тіркестерінің заңдары туралы ғылымды» əл-Фараби екі бөлімнен тұрады деп есептейді. Бірінші бөлім есімдер мен етістіктерді құрап тіркестіруде «соңындағылардың» (яғни аффикстердің) ережелерін жасайды. Екінші бөлім бұлардың құралу жəне тіркесу шарттары туралы ережелері жөнінде білім береді;
г) орфографияны Фараби тіл білімінің дербес бөлімі ретінде қарайды. Оның пікірінше, орфография тіл дыбыстарын, ең алдымен, жолға жазылмайтын жəне жолға жазылатын дыбыстар деп ажыратады. Мұнан соң бұл ғылым жолға жазылатындар қайсылар жəне оның жазылу əдісі қандай екенін түсіндіреді;
д) орфоэпияны ғұлама «дұрыс оқу заңдары туралы ғылым» деп таниды;
е) тіл білімінің соңғы, жетінші тарауы ретінде ғалым өлең құрастыру ережелерін — поэтиканы атайды.
Əл-Фараби поэтиканы үш жағынан қарастырған.
Біріншіден, ол тілтанумен дəл келуі ретінде түсіндіріледі. Жəне шынында да, қазіргі зерттеушілер көрсеткендей, поэзия тіл ретіндегі тіл мүмкіндіктерін максималды түрде толық тауысады.
Екіншіден, поэтика логикаға оны құрамдас бөлігі ретінде, риторика, софистика, диалектика жəне анодейктикамен қатар енеді.
Үшіншіден, эстетикалық жағынан поэтика теориялық музыканың негізі ретінде қарастырылады.
Əл-Фарабидің əдебиет мəселелеріне, соның ішінде поэтикаға арналған зерттеулері
Ғалымның «Поэзия өнерінің қағидалары» атты трактаты Аристотельдің «Поэзия өнері жайлы» еңбегін талдауға арналған туынды. Əл-Фараби бұл туындысында өзі «хакім» деп атаған Аристотельдің поэтика бойынша тұжырымдары мен ілімін түсіндіреді.