ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 37
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Поэтикалық шығармашылыққа қабілеттілік туралы айта келе, əл-Фараби ақындарды үш топқа бөледі.
*Біріншісі, теориялық тұрғыдан бұл өнер негіздері жайлы білімнен ада болғанымен, поэзияның немесе барлық жанрларына табиғи қабілеті барлар. *Екінші топтағы ақындар, олар табиғи дарындарымен қатар, поэзия өнерінде де терең білгірлігімен сипатталады. Оларды «ойлаушылар» деп атауға тұрады.
*Үшіншісінде – шығармашылық төлтумалық пен өнер канондары туралы терең білім жоқ, алғашқы екі топтағы ақындарға еліктеушілер.
Фарабидің ойынша, нағыз көркемдік өнерді, білімді табиғи таланты зор ақындар туғызады.
*Бұл еңбекте əл-Фараби тұлғасы Аристотельдің еңбегін талдаушы немесе оған түсіндірме беруші ретінде емес, араб поэзиясының заңдылықтарын зерттеуші ретінде танылады...
Даңқты ұстаздың «Ғылымның пайда болуы туралы» трактатында поэзияның түрлерін жіктеп беруі
Əл-Фарабидің «Ғылымдар жүйесі» («Ғылымның пайда болуы туралы») кітабында көптеген ғылымдарға жекелеп тоқталып, оның философиялық негіздеріне түсініктер беріледі. Аталған еңбектің ғылымдардың барлық саласы үшін де ерекше маңызы бар. Соның ішінде «Тіл туралы ғылым», «Логика», т.б. тараулары біз үшін ескерерлік. Онда тілтану, грамматика мəселелері, логиканың сан алуан сипаттары таңғажайып талданған.
Ғұлама ғалым өзінің осы трактатында поэзияның түрлерін жіктеп берген. Ол поэзияны мазмұнына қарай мынадай жанрларға бөлген (сызбаны қараңыз):
Трагедия — бұл арнаулы мөлшері бар поэзиялық жанр. Трагедияда басқаларға үлгі етуге болатын жақсы іс-қимылдар мен мақтан етерлік істер еске алынады. Əдетте, музыканттар жеке дара билеп-төстеушінің алдында трагедияны ойнайды жəне билеуші өлгеннен кейін трагедияға қайтыс болған билеушіні еске алатын кейбір қосымша əуендерді қосады.
Дифирамб — көлемі трагедиядан екі есе үлкен поэзия жанры. Дифирамбта ешбір билеушіні немесе тұлғаны жеке мақтамайды, бүкіл адамзат баласына тəн жақсы істер, жалпы мақталатын ізгіліктер мен қайырымды жандар ғана бейнеленеді.
Ямб — арнаулы мөлшердегі поэзиялық жанр, онда мақал-мəтелдер сияқты жалпы жұртшылыққа белгілі жақсы немесе жаман істер туралы нақыл сөздер орын алады. Бұл жанр араздасулар мен соғыстар кезінде, ашу мен ыза кернегенде пайдаланылады.
Драма — ямбқа ұқсас жанр, өзгешелігі мұнда белгілі адамдарға арналған мəтелдер мен нақыл сөздер еске алынады.
Айнос — өзінің жоғары шеберлігіне байланысты немесе олардың тамашалығы жəне таңданыс туғызуы арқасында қанағат сезімін туғызатын пайымдаулары бар поэзиялық жанр.
Диаграмма — егер де адамдар тəртіпке бағынбаса жəне түзелмесе заң шығарушылар адамдардың көңілдері күтетін қорқынышты суреттерді бейнелеуге қолданатын поэзиялық жанр.
Эпос пен риториканы Əбу Насыр бұл жанрлар стилінің салтанаттылығымен жəне тақырыптарының ұқсастығымен ерекшеленетіндігінен жəне қоғамдық-тарихи оқиғаларды көрсететіндігінен бір айдардың астына қойды. Эпоста бұрын болған оқиғалар, ал риторикада жақында өткен оқиғалар суреттелді.
Сатира (лат. Satira) — өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, əжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тəсілі. Сатираның мысал, эпиграмма, памфлет, фельетон, пародия, шарж, карикатура, анекдот сияқты жанрлары бар.
Поэма — бұл артықшылық пен жамандық, дұрыстық пен қателік суреттелетін өлең түріндегі жанр.
Акустика — бұл оқушыларды музыка өнеріне үйреткенде пайдаланылатын поэзияның бір бөлімі.
Амфигенезис — бұл жаратылыстану ғылымдарын суреттеген жаратылыстанушы-ғалымдар жасаған жанр. Поэзия жанрларының ішіндегі поэзия өнерінен ең алшақ жатқан осы жанр.
«Риторика» трактаты, Əбу Насырдың риторикасы — шешендік өнер туралы ғылым ғана емес, сонымен қатар жалпы көркем сөз туралы ілім болғандықтан, барлық жағынан сендіру өнері болып табылады.
10.Әл Фараби және Абай
Ислам дәуірі әдебиеті мен қазақ ақын-жыраулары поэзиясы арасындағы көркемдік дәстүр жалғастығын сөз еткенде, мықтап ескеретін бір жәйт бар. Кез келген халық әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы сол қоғамдағы тарихи жалғастықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Ал тарихи жалғастық дегеніміздің өзі, ең алдымен ақыл-парасат жалғастығы екені белгілі. Мәселен, Әл-Фарабидің философиялық, әлеуметтік-этикалық ой-тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірлердегі ойшыл қаламгерлердің шығармаларынан өзінің дәстүрлі жалғастығын тапты. Ол өзінің «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» деп аталатын зерттеуінде адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келе, оны «потенциалды интеллект», «актуалды интеллект», «жүре келе дарыған инттелект», «әрекетшіл интеллект» сияқты философиялық категорияларға бөліп-бөліп талдайды. Әл-Фараби «жүре келе дарыған интеллект» туралы айта келіп, адам туғаннан ақылды, білімді
болып тумайтынын, интеллектің өзі жүре кел, естіп, көріп барып қана дамитынын ескертеді.
Әл-Фарабидің интеллект жөніндегі осы философиялық ой-тұжырымын араға тоғыз ғасырдай уақыт салып, қазақ қауымының жаңа тарихи жағдайында Абай Құнанбайұлы зор білгірлікпен жалғастыра түскен сияқты. Абай өзінің «Он тоғызыншы сөзінде»: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің сөзін естіп жүрген кісі өзі де есті болады. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады», – деп жазады. Сондай-ақ, Әл-Фарабидің ғылым-білімді меңгерудегі интеллект рөлі жайындағы философиялық тұжырымын Абай өзінің «Он тоғызыншы сөзінде» мейлінше айқындай түскен. Абай өз ойын: «ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады», – деп тұжырымдайды. Әл-Фараби өзінің жоғарыда аталған еңбегінде «жан қуаты» жөнінде қолданған ұғымдар мен термин сөздер сол қалпында Абай қара сөздерінде (7,17,27,38,43-сөздер) қайталануы кездейсоқ құбылыс емес, Әл-Фараби: «Ақыл-парасат күші – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш» деп көрсетеді.
Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты философиялық трактатында «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: «Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес», – дейді. Әл-Фарабидің «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» жөніндегі философиялық тұжырымы Абайдың «Он жетінші сөзінде» өзінің логикалық жалғасын тапқан сияқты. Абайдың осы сөзінде «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып, таласып, ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда «ғылым» бұл үшеуіңнің де айтқандарың рас, үшеуің де қажетсің: «Ей, Қайрат, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаталдығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман», – депті. Бұдан кейін «ғылым» өз шешімін «Ақылға» айтыпты: «Жаратқан тәңіріні де сен танытасың. Жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да – бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның – екеуінің де сүйенгені, сенгені – сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүресің, соның жаман », – депті. Бұдан кейін Абай осы үш категория жайында түйін жасап, Әл-Фарабидің жоғарыда айтылған пікірін өз оқырманының ұғымына лайықтап жеткізеді. Абай осы үшеуінің басында қос, бәрін де «Жүрекке» билет, – деп ұқтырып айтушының аты «ғылым» екен. – Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табыссаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен «Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы» – депті деген қорытындыға келеді