ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 71
Скачиваний: 2
,
Бар тіршілік тек Наурыздан басталған!Ендеше «Мың бұралған бишілерімізді Әсем бимен» қарсы алыңыздар.(Кішкентай қыздар)
1- жүргізуші: Қасиетті соқпағы бар, жолы бар
Дәстүр салтын сезінген жан сағынар.
Тыңдай алсаң, ұға білсең егер де,
Әр әулеттің өзіне тән әні бар-дей келе ортаға Асхатұлы Мирасты «Ауылым» әнімен қарсы алыңыздар!
Ән орындалады.
2-жүргізуші:Тереземді ашайын - шуақ кірсін.
Ойым, санам әлемге құлақ түрсін!
Қайырлы таң, дүние, қайырлы таң,
Тұңғиық көк, менен не сұрап тұрсың!Алдарыңызда бүлдіршіндердің орындауында «Би»Қарсы алыңыздар
1 - жүргізуші:Қазақтың халық әні!
Қазынамсың!
Адамзат қазынаңнан азық алсын.
Үйреткен
Даналыққа, адалдыққа
Сен деген —
Жігерлі де нәзік әнсің!
Алдарыңызда Тапай Аминаның орындауында «Наурыз Көктем әні»
2 - жүргізуші:
Екі ішектің бірін қатты,
бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Ортаға ауылымыздың Боз баласы ,күйшісі Хасен Жарасты «Еркесылқым» күйімен шақырамыз.
1 - жүргізуші: Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,- Алдарыңызда «әжелерәміздің көрінісін» Қарсы алыңыздар
Көрініс:
2-жүргізуші:Күз аспаны қайта-қайта түнеріп,
Кербез дала кемеліне түр еніп.
Ақ қалпағын шекесіне қондырған,
Алатауым ат үстінен шіреніп-дей келе алдарыңызда Күләй Апа мен Амангүл апаның Орындауында «Аманба»әнін қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі - жасың.Ортада «бүлдіршіндердің орындауында Би».Тамашалаңыздар!
2 - жүргізуші: Қонақтарымыз ағылсын,
Ортамыздан табылсын.
Барлық тілек құдайдың,
Құлағына шалынсын! Ортаға «Құрманғазы атамызды Әсем күйімен» шақырамыз.
2 - жүргізуші:
Бойыңа бар сұлулық жиылғандай,
Ақбалтыр ақ мәрмәрден құйылғандай
Жарқ етіп шыға келдің жұрт алдына,
Биші қыз, ғажап еді биің қандай.
1-жүргізуші:
Аққудай өрнек салған көл бетіне,
Биші қыз, билеп кеттің тербетіле.
Бұралып тал шыбықтай тұла бойың,
Шаттық пен күлкі үйрілді келбетіңе.– дей келе келесі кезекте «Қыздардын биін» тамашалаңыздар! (Үлкен қыздар)
Би
І жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
ІІ жүргізуші:Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,Билейік, жыр жырлайық ән салайық.ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!І жүргізуші:Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,Қосылып жасқа жасың, басқа басың.Барайық келер жылға төрт көз түгел,Аман боп алыс, жақын, кәрі - жасың.ІІ жүргізуші:Ұлыс күні қазан толса,Ол жылы ақ мол болар,Ұлы кісіден бата алса,Сонда олжалы жол болар.- деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.І жүргізуші:Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.ІІ жүргізуші:Ата салтын бабамның,Алып келді ұлыс күн.Бір анадан туғандай,Бір ұядан ұшқандай.Бір аспанның астында,Бір дастархан басында.Береке - бірлік болсын деп,Көп көжеден дәм татып,Күшейтейік бірлікті.І жүргізуші: Барлықтарыңыздың наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз! Мереке құтты болсынҚұ