Файл: Жаратылыстану тіршілік туралы ылым таырыбында ткен апталыты есебі. Апан айыны 12 16 аралыында ткен Жаратылыстану тіршілік туралы ылым.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2017 – 2018 оқу жылы

«Жаратылыстану» пәндері бойынша «Жаратылыстану – тіршілік туралы ғылым» тақырыбында

өткен апталықтың есебі.
Ақпан айының 12 - 16 аралығында өткен «Жаратылыстану – тіршілік туралы ғылым» тақырыбында жаратылыстану ӘБ пәндерінің апталығы өтті. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.

Апталықтың мақсаты: Оқушылардың зерттеушілік ойлау қабілеттерін дамытып, химия, биология, география пәндеріне қызығушылықтарын арттыру.

Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, кештер, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс- шаралар. Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда Г.У.Танашева апталықта болатын іс-шаралардың өтілу барысымен таныстырып, оқушылардың белсене араласуын сұрап апталықты ашты. Сонымен қатар жиынға жиналған оқушылармен «Не? Қайда? Қашан?» интелектуалды ойыны өткізілді.

Апталық аясында өткізілген «Жаратылыстану – тіршілік туралы ғылым» стенді оқушылар үшін қызықты мәліметтерге толы болды.

Сейсенбі күні биология пәндерінің мұғалімдері Г.У.Танашвеа, А.С.Муканова оқушылар менSPARK, PACKO құрылғыларымен практикалық жұмыс жүргізді. Атап айтсақ датчиктердің көмегімен Оқушылардың жүрек соғу жиіліктерін анықтап, күштерін тексерді. Ш.М.Кожакова электрондық микроскоптың көмегімен микропрепараттарды қарап, оқушыларға таныстырды.

Сәрсенбі күні география пәнінің мұғалімі Г.Х.Бержанова оқушыларға географиялық ашылуларды атап кетті. Бейсенбі күні химия пәндерінің мұғалімдері Г.Е.Куянбаева, Ш.М.Кожакованың ұйымдастыруымен жоғары сыныптың оқушылары қызықты химиялық эксперименттер көрсетті.

Апталық барысында өткен ашық сабақтар: биология пәнінен Ш.М.Кожакова 7а класында «Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері», химия пәнінен Г.Е.Куянбаева 7б класында «Естественные семейства химических элементов и их свойства», биология пәнінен Г.У.Танашева 9а класында "Бейімділік. Бейімділіктің салыстырмалы сипаты",
география пәнінен Г.Х.Бержанова 10а класында «Көлік және байланыс географиясы», биология пәнінен А.С.Муканова «Раушангүлділер тұқымдасы» тақырыбында ашық сабақтарды өткізді.

Апталық барысында өткен ашық сабақтар оқушылардың логикалық ақыл-ойын, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатымен білім беру жүйесінің жаңа әдісі-тәсілдері арқылы жоспарланды. Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу – оқушылардың білім сапасын арттырып, сабаққа қызығушылығын оятып, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып отырады. Пән мұғалімдері оқушыларға бағыт – бағдар бере отырып оқушыларға тең серіктес болып, бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап, өз ойын ашық айтуға, сөйлеуге қолдау көрсетіп отырды.

Апталық барысында өткен ашық іс-шаралар: Пән мұғалімдері Г.У.Танашева, Г.Е.Куянбаева, Ш.М.Кожакова, Г.Х.Бержанова, А.С.Муканова «Био Спорт», «Қызықты география», «Жаратылыстану – тіршілік туралы ғылым» презентация кеші, «Биология әлемі», «Қызық екен...» тақырыптарында ашық іс-шаралар, спорттық сайыс, жоба қорғау, зияткерлік сайыстар өткізді.

Аталған іс-шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін, логика мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша да білім алды. 

Сонымен қатар мұғалімдермен оқушылар арасында "Қызық екен..." сайысы өте қызық өтті. Сайысқа белсене қатысып қызық ойын көрсеткен ИФМ, Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, және жеңіске жеткен Бастауыш ӘБ мұғалімдері марапатталды.

Апталықтың соңғы күні өткізілген іс-шаралардың қорытындысы шығарылып, Барлық өткен әс-шаралар легі Фейсбук желісіндегі Ақкемер орта мектеп парақшасына салынып отырды. Белсенділік танытқан оқушылар мен әр түрлі сайысқа қатысып, жеңімпаз болған оқушыларды марапаттаумен жабылды.

Әдістемелік апталықтың қорытындысы:

Жоспарланған жұмыстар толық жүзеге асты;

Пән мұғалімдері ашық сабақтар мен ашық іс шаралар өткізді;

Ашық іс- шараға ӘБ мұғалімдері, оқушылар белсене қатысты.

Ұсыныстар:

Пән мұғалімдердің өзіндік талдауын жетілдіру;

Ашық іс-шара беру кезінде уақытты үнемдеу;


ӘБ жетекшісі: Танашева Г.У
АПТАЛЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗ,

БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТҚАН ОҚУШЫЛАР.

«Жаратылыстану – тіршілік туралы ғылым» апталығына белсене қатысқан оқушылар:

Сертификат

11а кл Бержанова Данагүл

11а кл Елібай Темірлан

11а кл Нурлаев Бекзат

10а кл Абдрахман Амина

10а кл Зәкіржанова Анар

10а кл Қарынбаева Хиуа

10б кл Щук Виктория

9а кл Алмагамбетова Аида

8а кл Ұзақбай Ақторғын

7б кл оқушылары белсенділік танытқаны үшін марапатталады

«Не? Қайда? Қашан?» Интелектуальды ойынында білімімен көзге түскен

Жақсыбаев Ислам, Уразбаева Жайна, Амангелді Рамазан, Мәжит Мади, Алтыбаева Ұлпан, Идресова Айслу, Курманшина Томирис, Мырзаш Санжар, Сақтағанов Әділет, Мухамбедияров Жарасқан, сертификатталады.

«Bio Sport» спорттық сайысында көрсеткен жылдамдығы мен алғырлық танытқан топтар марапатталады.

«Жас қыран» тобы ІІІ орын

Абдрахман Амина ,Зәкіржанова Анар, Жұмағұл Дана, Жангозина Ира, Щук Виктория.

«Олимп» тобы ІІ орын

Алмагамбетова Аида, Хабибуллаева Әсемгуль, Уразбаева Жайна, Шабарова Мейрамгуль, Қуанов Сәбит.

«Сұңқар» тобы І орын

Абаев Бекет, Жұмағұл Дана, Асанова Бейбіт, Ұзақбай Ақторғын. Амангелді Рамазан.

тобы марапатталады:

«Жаратылыстану – тіршілік туралы ғылым» апталығы аясында өткізілген 5-7 кл арасында «Қызықты география» сайысында белсенділік танытқан топтар

«Қызыл жұлдыздар» тобы 1 орын

«Жасыл жұлдыздар» тобы 2 орын

«Bio Sport» спорттық сайысында көрсеткен жылдамдығы мен алғырлық танытқан топтар марапатталады.

«Жас қыран» тобы ІІІ орын

Жарылқағанова Қамажай, Конаева Асем, Әділ Мадина, Ілескен Дилнара, Жундикбаева Раушан.

«Жұлдыздар» тобы ІІ орын

Бердіғалиұлы Нұрасыл, Жаныкулов Манас, Дамирұлы Ерасыл, Кавкаева Алмагуль,Әбжәлиев Жақсыбек.

«Қырандар» тобы І орын


Асанова Сабрина, Мырзағалиева Ақкүміс, Сайран, Оразғалиев Азамат, Әбдібаев Арсен.

«Жаратылыстану – тіршілік туралы ғылым» Презентация қорғау кешіне белсене қатысып жақсы білім көрсеткені үшін

10а кл Абдрахман Амина І орын

9а кл Идресова Айслу ІІ орын

8а кл Ұзақбай Ақторғын ІІІ орын

«Биология әлемі» сайысына белсенділік танытқан 6а кл «Ботаниктер», 6ә кл «Жас биологтар» тобы мараппаталады.
"Қызық екен..." сайысына белсене қатысып қызық ойын көрсеткен ИФМ, Қазақ тілі мен әдебиеті,тарих, және жеңіске жеткен Бастауыш ӘБ мұғалімдері марапатталды. Сонымен қатар 10а кл Тілектес Ералхан, 9а кл Уразбаева Жайна, Хаусова Шолпан мақтау қағазымен марапатталады.

2017 - 2018 оқу жылы

 
Мұғалжар ауданы Ақкемер орта мектебі

«Өзін-өзі тану пәні: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты

өзін-өзі тану және психология онкүндігінің

анықтамасы
2018 жылдың 02-12 ақпан аралығында өзін-өзі тану пәні бойынша "Өзін-өзі тану пәні: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты өзін-өзі тану және психология онкүндігі өткізілді. Бұл онкүндіктің мақсаттары мен міндеттері оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту арқылы олардың рухани-адамгершілік деңгейін көтеру, өзін-өзі және тұлғалық қасиеттерін көрсетуге ынталандыру. Өткізілген іс-шаралар мейірімділікке, адамгершілікке, адамдарға махаббат пен қуаныш әкелуге  бағытталған. «Өзінді - өзің танып жүрсең - баршада ашық түсті, әсемді, мейірімді болады, әр күнің бақытты болады» деген ұранмен оқушылар мектептегі іс-шараларға белсене қатысты.

Онкүндіктің басталуы мен ашылуының өзі ерекше өтті. Ашылуында Г.У.Танашева және мектеп психологі Н.Х.Бержанова оқушылармен «Жүректен-жүрекке» шеңберінде «Өзіме де, өзгеге де тілеймін...» атты тренингісін өткізіп ашты. «Мейірім төгетін ана» тақырыбында Сара Алпысқызына арналған кітап көрмесі және танымдық сабақтар өтті. Оқушылар өздерінің жүрекжарды тілектерін, ашық хаттар жазды. Оқушылардың ой-санасын тазарту мақсатында «Ән - көңілдің ажары» атты карокемен ән айту шарасы өткізілді.

Үшінші күн достыққа арналды, бұл күні оқушылар басқа сыныптың оқушыларымен достасу мақсатында «Дос іздеу» хабарландыруын жазып, бір – бірімен достық қарым – қатынас орнатты. Ол күні барлық оқушылардың көңілі қуанышқа толы болды. Бір-біріне жақсылық жасап «Құпия дос» болды. Төртінші күн мақсат, арман – тілектерге арналды. Бастауыш сыныптың оқушылары тілек гүліне армандарын, тілектерін жазса, жоғары сыныптың оқушылары мақсат ағашын толтырды. Ұстаздармен «Құндылықтар – өмір негізі» семинар - тренинг өткізіліп, өзін – өзі тану пәнінің ерекшелігі туралы ой бөлісті. Семинар өте қызықты, шығармашылық түрде жүргізіліп, өзін – өзі тану пәнінің барлық әдіс-тәсілдер қолданылды.


Бастауыш сыныптар арасында «Өнегелі отбасы» тақырыбында отбасылық сайысы өткізілді. Ата-аналар сайысқа белсене қатысып, әр түрлі номинациялармен марапатталды. «Жүректен-жүрекке» атты қайырымдылық іс – шарасы ұйымдастырылды. Оқушылар ән айтып, би билеп, жақсы тілектер білдіріп, көпшілік көңілінен шыға білді. Мерекелік кешке ата-аналар да қатысты. Онкүндік ішінде оқушылар бір-бірімен мейірімді  көңілмен, бір – бірімен қарым – қатынас мәдениеттіліктерін арттыруға тырысты. Жалпы он күн бойы мерекеге мектептің барлық оқушылары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілер белсенді ат салысты.

Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі: Г.У.Танашева