ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 86
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ: МӘТІНМЕН ЖҰМЫС |
Р.С.Қуанаева, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, ИТжҒЖ(Г)ПОӘ кафедрасының аға оқытушысы, Орал қаласы. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысымен бекітілген «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде қабылданды. Елбасының ұлттық жоспарды қабылдауға қойған міндеті: - Қазақстанның елу елдің қатарына кіруі; - Тұлғаның ең басты функциялық сапаларының қалыптасуы; - Белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлауы; - Шешім қабылдай алуы; - Кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік; - Өмір бойы білім алуға дайын тұруы. Ұлттық жоспардың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамытуға жағдай жасау. Ұлттық жоспардың міндеттері: Мектеп оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу; Функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау; Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары; Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу; Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту; Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту. [1] Мектептік білім беру жүйесін жаңа уақыт талабына орай жетілдіру білім беру жүйесін өзіміздің ұлттық болмысымызға, негізге алынған ұстанымдарымызға сай құруды қажет етеді. Осыған орай мектептегі берілетін білімді шынайы өмірмен ұштастырып, мектепті бітіруші түлектерді үлкен өмірге дайындау қажеттігі туындайды. Сонымен, функционалдық сауаттылық – жеке тұлғаның әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесе отырып, меңгерген білімді тұрмыс тіршілікте қолдана алуы мен жетілдіре отыруы. Сонда, функционалдық сауаттылық ұғымына келесі анықтаманы беруге болады: адамның мамандығына, жасына қарамастан меңгерген білімді сауатты қолдана алуы мен үнемі білімін жетілдіріп отыру процесі. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б., яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның өзгермелі әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төмендегідей негізгі тетіктерін бөліп көрсетеді. - білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, бағдарламалар); - оқыту нысандары мен әдістері; - білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі; - мектептен тыс қосымша білім беру бағдарламалары; - мектепті басқару моделі; - барлық мүдделі әріптестікке негізделген тараптармен достық қалыптағы білім беру ортасының болуы. Ұлттық жоспардың жоғарыда аталған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктері мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады. Оның алғашқысы – оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту, яғни мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жалпы білім беретін орта мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңартудан бастау алуға тиіс. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар: - басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті); - ақпараттық (өз бетінше ақпарат көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау); - коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау); - әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті); - тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу); - азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі); технологиялық (әр азамат өз мамандығына қарай ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы) [2] Білім алушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс. Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген танымал халықаралық зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programme for International Student Assessment)- (Международная программа по оценке образовательных достижений учащихся) PISA болып табылады. PISA-15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды, бұл жаста көптеген елдерде оқушылар мектеп бітіреді. ЭЫДҰ PISA бойынша жұмыс істеуді 1990 жылдардың ортасынан бастады. PISA өзінің ресми қызметін 1997 жылы бастады. РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және ғылыми жаратылыстану сауаттылық. Зерттеудің әрбір кезеңінде үш зерттеу бағыттарының біріне ерекше көңіл (тест тапсырмасының үштен екі бөлігі бөлінеді). 2000 жылы зерттеудің негізгі бағыты «оқу сауаттылығы», 2003 жылы – «математикалық сауаттылық», 2006 жылы- «жаратылыстану сауаттылығы», 2009 жылы– «оқу сауаттылығы» және 2012 жылы - білім жетістіктерін бағалаудың негізгі аймағы «математикалық сауаттылығы» болды. РІSА зерттеуінің кезекті 2015 жылы «жаратылыстану сауаттылығы» бағытына басым көңіл бөлінеді. Оқу сауаттылығы. PISA зерттеуінде оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы. Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. Мысалы: 1. Түстен кейін Болат пен Қайрат Стамбулдан Сакарияға дейінгі пойыздар жөнінде білмекші болды. Оларға қай нөмір бойынша телефон соғу керек еді? 2. Болат сөмкеден заттарын шығарып болған соң Қайратпен тамақтануға бару үшін оған телефон соқты. Қайрат 328-ші нөмірде орналасты. Болат қандай нөмірді теру керек? [3] Қазіргі мектептерде оқушылардың бойындағы функционалдық сауаттылық пен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамытуға басты назар аударыла бастады. Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең талаптарына сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс. "Сауатты оқу – бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, қоғамға қатысу үшін жазбаша мәтінді түсіну, пайдалану, көрсету және жұмыс жасау". (PISA, 2009). Оқу сауаттылығының 3 құрамдауышы бар,олар: жағдай, мәтін, аспект. 1-құрамдауыш, Жағдай: Жағдайдың санаттары: жеке пайдаланым үшін оқу, көпшілік пайдалану үшін оқу (қоғамдық), жұмыс жасау үшін оқу және оқыту үшін оқу. 2-құрамдауыш, Мәтін: Мәтін формасы: тұтас және жадағай. Мәтін типі: сипаттама, мазмұндау, мазмұндама, аргументациялау, нұсқау, келісім. 3-құрамдауыш, Аспект: Аспектілер – бұл оқырман мәтінде, мәтін айналасында және мәтін арасында аталған тәсілдерді келісу үшін пайдаланатын психологиялық стратегиялар, тәсілдер және тапсырмалар. Оқу сауаттылығы тапсырмаларын әзірлеумен айналысатын бес аспект: • ақпарат іздеу, қол жеткізу және алу; • кеңінен түсінуді қалыптастыру; • интерпретациялауды дамыту; • мәтін мазмұнын көрсету және бағалау; • мәтін нысанын көрсету және бағалау. [4-5] 2012 жылы РІSА халықаралық зерттеуіне Батыс Қазақстан облысы бойынша 8 білім беру ұйымы қатысқан, оның ішінде 3 қалалық мектеп, 4 ауылдық мектеп, 1 колледж. Барлық қатысушылар саны 218, оның 128-і оқыту тілі қазақша, 90-ы орыс тілінде білім беретін мектептер. Осы 2012 жылғы PISA тапсырмасы бойынша мынадай 1 мысал келтіре кетейін. Мәтін «Печенье» деп аталады. Бір қыз бала орталық вокзалда пойыздың келуін күтіп отырды. Уақытты қысқарту үшін ол кітап сатып алуды ұйғарды. Содан соң ол күту залынан тыныш қана отырып, кітап оқитын орын тауып алды. Қораптағы печенье газет оқып отырған ер адам мен екеуінің ортасында тұрды. Ол бір печенье алған кезде ер адам да біреуін алды. Ер адамның бұл әрекетіне ол қатты таңырқады, бірақ ештеңе айтпастан кітап оқуын жалғастыра берді. Өзі іштей: «Сене алар емеспін! Мен батылдау адам болсам, міндетті түрде қарсы бірдеңе айтқан болар едім» деп ойлады. Ол әлсін-әлсін қораптан бір печенье алған сайын ер адам да соны қайталады. Осы іс-әрекет бір ғана печенье қалғанша жалғасты. Қыз бала ер адам қандай әрекет жасар екен деп қарап отырды. Ер адам болса соңғы печеньені алды да, ортасынан тең бөліп, бір жартысын қызға берді. Қатты ашуланған қыз кітабын сөмкесіне тоғытты да, бұл жерден кеткенше асықты. Ашуын басу үшін ол залдың басқа бір жеріне барып отырды. Ашуы тарқағаннан кейін ол кітап алу мақсатымен сөмкесіне қолын салды. Сонда ғана ол сөмкесінде қорабы ашылмаған өз печеньесін көрді. Сұрақ 1. Әңгіменің басында қыз бала не істеді? А) Ол вокзалда пойыз күтіп отырды В) Ол вокзалды тастап шығып кеткісі келді С) Ол вокзалда ер адаммен сөйлесті Д) Вокзалдан газет сатып алды Сұрақ 2. Әңгіменің ортасында қыз: «Сене алар емеспін!» деп ойлады. Қыз бала неге сене алмайды? Сұрақ 3. Көз алдыңызға елестетіңізші, әңгімеде сөз болған қыз бен ер адам әңгіме аяқталғаннан кейін бірнеше минуттан кейін кездескен болса, қыз бала ер адамға не айтар еді? Бұл мәтінде 1-сұрақ жабық сұраққа жатады, себебі оқушы дайын жауаптан белгілейді. 2-3-сұрақтар ашық сұраққа жатады, себебі мәтіннен алатын дайын жауап жоқ, оқушы өзінше ой қорытып, тапсырманы өз бетінше орындайды, яғни интерпретациялауды дамытубойынша жұмыстанады. Интерпретация дегеніміз – қызығушылық тудыратын ерекше дағдылар, көзқарастар немесе кейде логикалық қорытынды деп те аталады. [7] 3-сұрақта оқушы мәтінді өзі аяқтайды, өмірлік жағдайлармен байланыстыра отырып, зерделейді. Осы тапсырманың талдауына келсек, оқу сауаттылығының аспектқұрамдауышы бойынша 1-жабық сұраққа қатысушылардың 90%-ы дұрыс жауап берген, ал 2-сұраққа, яғни аспект құрамдауышының «ақпарат іздеу, қол жеткізу және алу» тапсырмасы бойынша оқушылардың 54%-ы дұрыс орындаған. 3-сұрақ аспектқұрамдауышының «мәтін мазмұнын көрсету және бағалау» бойынша 70%-ы дұрыс орындаған. Оқушылардың тапсырманы орындау пайызы Әр оқушы оқу сауаттылығының 3 құрамдауышы: Мәтін, Жағдай, Аспект түсініктерін күнделікті сабақта оқып, түсініп, тапсырмаларын мұқият орындауы шарт, ал мұндай тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру жауапкершілігі мұғалімге жүктелетіні сөзсіз. Әдебиеттер
– 79 б.
|
Төлеби ауданы Қайнар жалпы орта мектебі
Оқушылардың оқу сауаттылығын
арттырудағы мәтін сұрақтарын
шешудің тиімді жолдары
Орындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Сытышев Ертуған
21.04.2018
Оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудағы мәтін сұрақтарын
шешудің тиімді жолдары
Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген
біздің мемлекетіміз үшін қазіргі заман талаптарына байланысты өзіндік
көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу
қажеттігі туындап отырғаны сөзсіз.
Қазіргі заман балалардың функционалды сауатты болуын талап етсе, соның
бірі оқу сауаттылығы.
Оқу сауаттылығы:
Ақпаратты табу;
Мәтінді интерпретациялау;
Рефлексия және бағалаудан тұрады.
Оқу сауаттылығы дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда бала өзі оқып
отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін ала білуі
Оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін қазіргі кезде түрлі технологияларды
пайдалануға болады. Сондай технологиялардың бірі – оқу және жазу арқылы
оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы болса, сонымен
қатар білім беру мен білім алудағы жаңа әдістер болып табылады. Сын
тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының негізгі ұстанымдары топтық
жұмысқа, еркін ойлауға, жазбаша, ауызша ой алмасуға, мәтін мәнін ашуға,
автор іріктеген сөздер мен сөз тіркестерінде жатқан ұғымдарды түсінуге,
әрекеттестікке негізделген. Оқу сауаттылығы түсініп оқудан басталып, сөздер
мағынасына, грамматика және тілдік, мәтіндік құрылымдарға талдау жасауды
қамтиды. Оқу сауаттылығы бойынша оқушылар мектеп аясында және
мектептен тыс уақытта нені оқитынын, қандай мақсатпен оқитынын білуі
қажет.
Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға, соның ішінде мәтінмен
сауатты жұмыс жүргізе білуге үйрететін бірденбір құрал –түрлі жаңа
технологиялар, әдістер мен тәсілдер. Біз бұл жұмысымызда оқушылардың оқу
сауаттылықтарын қалыптастырудағы белсенді оқыту әдістерінің рөлі мен
маңызын ашып көрсетпекпіз.
«Бірге жиналу – бұл бастама, бірге қалу – бұл алға жылжу, ал бірге жұмыстану
– бұл жетістік» деп Генри Форд атап көрсеткендей,
оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы тиімді
белсенді оқыту әдістерін анықтау бағытында 11 сыныпта қазақ, орыс, ағылшын
тілі пәні мұғалімдерінің бірлескен түрде Lesson Study зерттеуін жүргіздік.
Lesson Study мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге
бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл
Алдымен зерттеу тобы құрылып, жоспар жасақталып, сыныпқа психолог
көмегімен сауалнама өткізіліп, «Білім беру мен білім алудағы интербелсенді
оқыту әдістері арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру» зерттеу
тақырыбы анықталып, күтілетін нәтижелер белгіленді.
С деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл сұрақтар құрап ,жауап бере
алады.
В деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл және күрделі сұрақтар
құрастырып, жауап бере алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай
алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, рефлексия жасай
алады.
А деңгейі мәтінді түсінеді, жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бере алады,
мәтін бойынша жеңіл және күрделі сұрақтар құрастыра алады, мәтіннен алған
жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана
алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой
қорытады.
Зерттеудің екінші сатысы үш сабақ циклынан тұрды. Әр сабақты пән иелері
бірге жоспарлап, талқылап, тиімді әдістерді анықтап, келесі сабақ жоспарын
құруға ұсыныстар беріліп отырды. Мысалы , алғашқы сабақ ағылшын тілі
пәнінен «Education: the purpose of school» тақырыбында болды.
Сабақтың келесідей мақсаты мен міндеттері белгіленді:
Мектептің оқыту мақсатына тоқтала отырып, ойларын айта білуге
жетелеу.
Мәтінмен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Мәтінге сұрақ қоя білуге үйрету.
Берілген жоғарытөмен дәрежелі сұрақтарға жауап беру.
Мәтіннен негізгі идеяны таба білу.
Мәтінге сүйеніп диалог құрастыра білуге дағдыландыру.
Мәтіннен түсінгеніне сүйеніп, ой қорыта білуге дағдыландыру.
Сабақтың пән бойынша мақсаты айқындалғаннан кейін үш деңгейлі оқушыдан
күтілетін нәтиже және оқушылар белгіленді.
С деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл сұрақтар құрап , жауап бере
алады.
В деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл және күрделі сұрақтар
құрастырып, жауап бере алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай
алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, рефлексия жасай
алады
А деңгейі мәтінді түсінеді, жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бере алады,
мәтін бойынша жеңіл және күрделі сұрақтар құрастыра алады, мәтіннен алған
жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана
алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой
қорытады
Lesson Study жүргізудің негізгі мақсаты оқушылардың оқу сауаттылығын
арттыру болғандықтан, сабақта негізінен мәтінмен жұмыс жүргізілді. Оқу
сауаттылығын интербелсенді әдістәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асыру
жоспарланғандықтан, сабақ жоспарында балалардың пән бойынша деңгейлері
ескеріліп, тапсырмалар дайындалып, әдістері таңдап алынды.
ББЖӘТ: диалогтік әдіс, жұптық, топтық жұмыстар, сәйкестендіру
СТОҮ: Кластер әдісі, Эссе, «Жуанжіңішке сұрақтар»;
ДБЖ: А,В,С деңгейлік тапсырмалар.
Осы сабақта байқалғаны, аталған әдістәсілдердің ішінде ой қозғау,
оқушылардың ойына түрткі болу мақсатында «Кластер» әдісі, ал мәтінмен
жұмыс, мәтіндегі негізгі ойды түсіну деңгейін анықтауда «Жуанжіңішке
сұрақтар» әдісі тиімді болды.
Ал сабақты қорытындылауда топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы мәтіннен
алған түсініктерін ортаға салып талқылау, ойларын қорыту үшін өте тиімді
әдіс екені аңғарылды.
Қорытындылай келе, келесі зерттеу сабағына фокус топ мәтінмен жұмыс
барысында белсенді оқыту әдістерін түрлендіріп, күрделендіріп беру туралы
ұсыныс жасады.
Lesson Study зерттеу жұмысының 2зерттеу сабағы қазақ әдебиеті пәнінен
Абай Құнанбайұлының «Он жетінші қара сөзі» бойынша өткізілді.
Алдыңғы сабақ нәтижесінде берілген ұсыныстарды ескере отырып, осы
сабақтың мақсатміндеттері белгіленді.
Абай Құнанбайұлының «Он жетінші қара сөзінің» мазмұнын меңгерту,
идеясын ашу;
Абайдың қара сөздерін оқыту арқылы ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның
адам өмірінде алатын орнын түсінуге бағыттау ;
Өзінің ішкі жан дүниесіне үңілту арқылы өмірмен байланыстыра
талдату;
Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап
алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу ;
Мәтіннен оқыптүйгендері жайлы ой қорытуға бағыттау;
Жұпта, топта жұмыстану арқылы жақын арада даму аймағын
қалыптастыру;
Күтілетін нәтиже:
С деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл сұрақтар құрап , жауап бере
алады.
В деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл және күрделі сұрақтар
құрастырып, жауап бере алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай
алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, рефлексия жасай
алады.
А деңгейі мәтінді түсінеді, жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бере алады,
мәтін бойынша жеңіл және күрделі сұрақтар құрастыра алады, мәтіннен алған
жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана
алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой
қорытады.
Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға, негізгі проблеманы шешуге
бағытталған келесідей әдістәсілдер жоспарланып, тапсырмалар дайындалды:
СТОҮ: Кластер әдісі, «Қар үйіндісі», «Егер, онда, өйткені...», «Фишбоун»,
Эссе, «Синквейн», «Жуанжіңішке сұрақтар»;
ДБЖ: А,В,С деңгейлік тапсырмалар
Бұл сабақтың барысында келесі интербелсенді оқыту әдістерінің тиімділігі
анықталды. Мәтіннен алған түсінігін жинақтау, өзге оқушылардың пікірін
тыңдау және есте сақтау дағдыларын жетілдіруде «Қар кесегі» әдісі өте тиімді
болды. Қар кесегі берілген оқушылар қолындағы қар кесегін келесі оқушыға
ұсына отырып қара сөз мазмұнын айтуды бір сөйлеммен бастады, екінші
оқушы алғашқыны қайталап, өзі бір сөйлеммен жалғады. Осылайша
қайталанып, мазмұны қар кесектерінің үйіндісі арқылы құралды. Келесі бір
стратегия «Егер, онда, өйткені» әдісі. Мұндағы мақсат –оқушыларды
мәтіндегі негізгі ойды өз пікірімен сабақтастыра алуына, ой қорытуына жағдай
жасау. Кейіпкерлер Қайрат, Ақыл, Жүрек, Ғылымның ісәрекетін талдау
арқылы олардың өмірде алатын орнын анықтады. Мысалы, В деңгейлі оқушы
Диас «Егер Қайрат билесе, онда әділдік болмайтын еді, өйткені, күшқайратты
адамдар әділетсіз, жаман әрекеттерді іске асыруға пайдалануы мүмкін еді»
деп жауап берді. Демек , оқушы мәтінде берілген ойды сұрыптап, қорыта алды.
Жалпы осы әдісті қолдану барысында оқушылардың белсенділігі жоғары екені
байқалды.
Сондайақ, мәтіннен алған түсінігін қорыту, өмірмен байланыстыру,
дәлелдеуді қажет ететін «Фишбоун» әдісімен жұмыстануда оқушылар
берілген балық қаңқасына қара сөзден проблеманы , оның туындау себептерін
анықтады, дәлелдерін келтірді, қорытынды жасады. Негізгі проблема мен
қорытындыны оқушылар топта бірлесіп анықтады. Мысалы, оқушылар «Ақыл
басқарғысы келді, себебі ол өмірдегі барлық нәрсені білетін де, ойлап табатын