ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат Күні: 29.09.2021ж. Сынып: 1 Сабақтың тақырыбы | Мектеп: Flagman school Мұғалімнің аты-жөні: Мадиева Т.А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Мынау-мектеп | ||||||
Оқу мақсаты | 1.2.1.1* сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін, сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдану; 1.2.6.1* мұғалімнің қолдауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ дыбыстарын артикуляциялау; 1.5.1.4 сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін мұғалімнің қолдауымен дұрыс қолдану. | ||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылардың барлығы: өзінің мектебі қандай екенін айта алады, үлкен,кішкентайсөздерін орынды қолдана ала ды. Оқушылардың көпшілігі: сұрақ қою үлгілерін қолдана алады, сұрақтарға дұрыс жауап бере алады, сөйлесу жағдаятында өзін еркін сезінеді. Оқушылардың кейбірі: мектепті басқа да сөздер қатарымен сипаттай алады, сабақта үйренген сөйлеу үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады. | ||||||
Алдыңғы тақырып | Кел, қайталайық! | ||||||
Жоспар | | | |||||
Жоспарланған уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
Басталуы | Оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындығын тексереді. «Шаттық шеңбері» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады. | Мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады. | Өзін-өзі бағалау Мадақтау | Тақта, оқулық, дәптер | |||
Сабақтың ортасы | Оқулықтағы 1-тапсырмада оқушылардың назарын суретке аударады, сурет бойынша оқушылар мектеп, сынып сөздерімен танысады. Мұғалім сөйлеу үлгілерін аудиодискіден тыңдатып, қайталатады. Тапсырмадағы cөздердің дұрыс дыбысталуына ерекше назар аударады. Сонымен бірге оқушылардың назарын әдемісөзіне аударып, оның аудармасын беріп, бірнеше рет қайталатып, есте сақтау жұмыстарын жүргізеді.
«Мектепқандай?»деген сұрақ үлгісімен және үлкен,кішкентай сөздерімен таныстырады. Мұғалім алдын ала үлкен, кішкентайсөздеріне сәйкес келетін суреттер (доп, текше, кітап, алма т.б.) дайындап қояды. «Қызықты суреттер» әдісі бойынша сол суреттермен оқушылар арасында топтық жұмыс жүргізеді. 3-тапсырмада тілдесім әрекетіне көңіл бөлінеді. Мұғалім тапсырмада берілген диалог арқылы сұрақ үлгілерін («Мынауне?»,«Мектепқандай?»,«Сыныпқандай?»)қайталатады. Оқушылардың сұрақтарға жауап беру дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі. «Естесақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларға «Меніңмектебім(сыныбым)», «Сеніңмектебің(сыныбың)» деген үлгілер арқылы тәуелдік жалғауының жекеше түрін(1-жақ, 2-жақ) түсіндіреді. 4-тапсырмада оқушылардың сұрақ қою, сұраққа жауап беру дағдыларын жетілдіре түседі. Тапсырма «Ішкіжәнесыртқышеңбер» әдісі бойынша жаттықтырылады. Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады. Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері). 1-тапсырмада берілген сызықтарды бастыру, өз бетінше аяқтап сызу тапсырмалары арқылы мұғалім оқушылардың қалам, қарындашты дұрыс ұстау, таза, ұқыпты жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі. 1-тапсырмада тыңдалым әрекеті жүзеге асырылады. (2.1.2). Мұнда оқушылар аудиодискіден ақпаратты тыңдап, сол ақпаратқа сәйкес келетін жауаптың қасына белгі () қояды. Тыңдалым: Мынаумектеп.Мынау–сынып. тапсырмада «Сенің мектебіңқандай?»деген сұраққа жауап беріп, өзінің жауабын мектептің суретін салу арқылы толықтырады. Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді. Тапсырма арқылы мұғалім оқушыларды өз бетінше жұмыс істей алуға үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады. | Сынып, мектеп сөздерімен танысады, жаңа сөздерді және сөйлеу үлгісін аудиодискіден тыңдайды, қайталайды. Сұрақ-жауап үлгілеріне бір-біріне сұрақ қою арқылы жаттығады. Әдемісөзімен танысады, жаңа сөзді тыңдайды, қайталайды. Сөйлем ішінде қолдану үлгісімен танысады. 2-Тапсырмада 2-суреттердің көмегімен мектептерді салыстырады, үлкен,кішкентайсөздерімен танысады. «Мектепқандай?»деген сұраққа жауап береді. Сондай-ақ оқушылар үлкен, кішкентай сөздерін топ ішінде суреттер бойынша жаттықтырады. Суреттердегі заттардың қандай екенін айтады. Мысалы: текшеүлкен. 4-тапсырмада берілген диалогті тыңдайды, қайталайды, соның негізінде бір-бірімен сөйлеседі. Мектеп, сынып сөздерін тәуелдік жалғауымен қолдануға жаттығады. 4-тапсырмада оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер құрып тұрады, берілген үлгі бойынша өзара сөйлеседі. «Сеніңмектебіңқандай?» деген сұраққа: «Меніңмектебімүлкен,әдемі» деп жауап береді. Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды. Оқушылар дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды. 1-тапсырмада оқушылар сызықтарды ұқыпты бастыруға, тапсырманы таза орындауға көңіл бөледі. 1-тапсырмада аудиодискіден тыңдаған ақпаратты түсінгенін тапсырмада берілген мектеп пен сыныптың суретінің қасына шартты белгі () қою арқылы көрсетеді. тапсырмада оқушылар өзінің мектебі қандай екенін «Сеніңмектебің қандай?»деген сұраққа жауап беру арқылы айтады және дәптердегі арнайы орынға мектептің суретін салады. Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды. Тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекіте түседі. | Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды. «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Жақсы!», «Нашар», «Талпын», «Жауабыңды толықтыр!» т.б. (мұғалімнің қалауы бойынша) Оқушылардың жұмысы «Қолмен белгі беру» әдісі бойынша бағаланады Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою арқылы бағаланады Орындап болған соң, қалаулары бойынша бірнеше оқушының жауаптары тыңдалады. «Бас бармақ» әдісі арқылы сынып оқушылары бағалайды. | Оқулық Ата, әже, мұғалім, оқушының суреттері №1 жұмыс дәптері Аудиодиск_ Дәптер: 1.7.3 Қосымша тапсырма: 1.7. | |||
Сабақтың соңы | Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады Үй тапсырмасын беру. | Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі | | Тақта Оқушылар мен кері байланыс орнату | |||
Рефлесия | |||||||
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? | Бүгін оқушылар сабақта не үйренді? | Сыныптағы ахуал қандай болды? | Саралау шаралары тиімді болды ма? | Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Оқу ісінің меңгерушісі _________