Файл: Химия жне биология леміне саяхат.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 54

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Б. Майлин атындағы мектеп – балабақша кешенінде 2022-2023 оқу жылының 16-27.01 аралығында өткізілген «Химия және биология әлеміне саяхат» атты химия, биология пәндерінің 7-11 сыныптар аралығында өткен апталыққа анықтама:

Әдістемелік кеңес отырысына сәйкес 16-27.01 аралығында «Химия және биология әлеміне саяхат» атты химия, биология пәндерінің 7-11 сыныптар аралығында апталығы өткізілді.

Апталықтың күндері сыныптан тыс жұмыстармен ашық сабақтармен жоспарланып, өз дәрежесінде ұйымдастырылды.

Апталықтың бірінші күні ұйымдастыру болды. Оқушыларды жоспармен таныстырып, апталықтың ашылуы болды.

Екінші күні «Көңілді үзіліс» іс-шарасы болды. Мұнда оқушылар химия және биология пәндерінен сұрақтарға жауап берді.

Үшінші күні «Зейінді зертхана» іс-шарасы өтті. Мұнда сұйықтықтардың тығыздықтары туралы «бағдаршам» тәжірибесі, крахмалды анықтау және пропанның жануы туралы қызықты тәжірибе жұмыстары көрсетілді.

Төртінші күні «Сөзжұмбақтар сайысы» өтті. Әр сынып бірігіп дайындалған сөзжұмбақтарды шешті. Нәтижесінде 3 орынды 9 сынып, 2 орынды 11 «а»,1 орынды 11 «ә» сынып алды. 8 сынып осы сайыста сөзжұмбақ дайындап,белсенді қатысты.

Бесінші күні 8-9 сынып оқушылары арасында «Айналамыздағы химбион» интелектуалды ойыны өтті. Оқушылар биология, химиядан сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинады. Жоғары ұпай жинаған 9 сынып оқушысы Кәукенова Айғаным 1 орын, Тең ұпай жинаған 8 сынып оқушылары Әшім Бекжан мен Кәкімбекова Балжан 2 орын алды.

Апта бойында биология пәнінен пән мұғалімі Шәкенова Балнұр 8 сыныппен «Тері ауруларының пайда болу себептері мен салдары (қышыма, теміреткі, безеу бөртпелері,). Белгілері мен алдын алу шаралары» тақырыбында ашық сабақ өткізіп «жақсы» деп бағаланды.

Апта бойында химия пәнінен пән мұғалімі Шәкенова Балнұр 7 сыныппен «Химиялық элементтердің жіктелуі» тақырыбында ашық сабақ өткізіп «өте жақсы» деп бағаланды.

Қорытынды: апталықта өткен шаралардың оқушылардың ізденуіне, пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға ықпалы зор болды. Әсіресе «Көңілді үзіліс», «Зейінді зертхана», «Сөзжұмбақтар сайысы» өте қызықты өтті. Апталықтың мақсаты, міндеті толық жүзеге асты. «
Химия және биология әлеміне саяхат» апталығы «Жаратылыстану» бірлестігі отырысында талқыланып, апталық жұмысы «үлгілі» деп бағаланды.

Жетістігі:

  1. Сыныптан тыс жұмыстар мен ашық сабақты өткізуге АКТ-мен жұмыстар жүргізілді;

  2. Апталықта жоспарланған шаралар уақытында, өз дәрежесінде өтіп отырды.

Таныстым:

Ахметқалиева П. С

Төлеуова І.

Нұртаева Қ. М

Анықтаманы дайындаған: Шәкенова Б. С

/Химия,биология пәні мұғалімі/