ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 21
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | Тюлюмбаева А.М. | |
Күні: | 02.12.2022 | |
Сынып: 7 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие тақырыбы | 1 желтоқсан дүниежүзілік СПИДке қарсы күні | |
Мақсаттары | 1 Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. 2 Салауатты өмір салтың қалыптастыра отырып, оқушылардың рухани ой-өрісін дамыту, сөйлеу шеберлектерін жетілдіру, білімді де тапқырлыда болу. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір - түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде - бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн. Болашақта біз СПИД - ті жұқтырған адамдармен кездесуіміз мүмкін. Ол туған бауырларың, дос - жарандарың да болуы мүмкін. Біз сол кезде оларға қол ұшымызды беріп, көмек қылуымыз керек. Олардан бас тарту немесе қарым - қатынасты үзуге болмайды. Себебі олар жәбірленушілер. Көп адамдар бұл ауруды білмегендіктен душар болады. Ал біздер осы ауру туралы білеміз бе? - 1 желтоқсан қандай күн? - Иә, дұрыс 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД - ке қарсы күн. | Оқушыларға презентация көрсетіледі | | презентация |
Сабақтың ортасы | Спид туралы не білесіздер? | 1 СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны туралы. СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ - 1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан - жақты тексеріп жариялады. 2 СПИД-тің алғашқы белгісі. Бірден адамда суық тиген синдромы байқалады. Жөтеледі, дене қызуы көтеріледі, басы айналып, тәбеті болмай ариды. Күретамырлары білеуленіп кетіп, 3 аптадан соң қайта басылады. СПИДтің соңғы сатысы - өлім. Ол адам ауруға тез шалдыққыш келеді. Қандай болсын ауруға төзе алмағандықтан, өліп кетуі де бар. 3 СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді? Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің - күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД - ті тарата береді. 4 СПИД-тің жуғу жолдары СПИД - ол вирус арқылы жұғады. Ол вирустар көзге көрінбесе де, адамның қанындағы антиденелерді өлтіреді. Егер антиденелер өлсе, онда адамның иммундық жүйесі бұзылады. Ондай адамдар ауруға тез шалдығады. Жұқтырылған вирус өзін үш айға дейін ұстатпайды. Сондықтан оны тек дәрігер қанды толық зерттеген кезде ғана тауып алады. СПИД вирусы тек қан және жыныстық қатынас арқылы жұғады. Оның мынандай жолдары бар: 1. Біреуге қан құйса 2. Бірінші адамнан вирусы бар шприцты екінші адамға қолданса 3. Вирусты инемен денеге сурет салса немесе құлақ тессе 4. Жыныстық қатынас 5. Жұқтырған ананың баласына 5 СПИД - жұқпайды? 1. Амандасқанда, құшақтағанда, иіскегенде 2. Тамақты бір ыдыстан ішкенде 3. Бірге жуынып, орамалмен сүртінгенде 4. Ауа, су, ойыншық арқылы 5. Жәндіктер шаққанда 6. Есік, машина тұтқасын ұстағанда Бірақ, сонда да әр адам өзінің жеке бас гигиенасын сақтауы керек. СПИД - ке шалдыққан адам 10 - 15 жыл ғана өмір сүре алады. Осындай жағдайға душар болған адамдарға көмек беріп, қолдауымыз керек. Ауыратын екен деп бас тартпауымыз керек. 6 СПИД - тен сақтану үшін не істеу керек? | | Интербелсенді тақта/ компьютер |
Сабақтың соңы | Карточкалар үлестіріледі. (мақал - мәтелдердің екінші бір бөлігі жазылған). Бірінші бөлігін жүргізуші оқиды, екінші бөлігін тауып оқу керек. 1. Ішпеген, шылым шекпеген Жасайды жылдар көптеген 2. Ұзартқың келсе ғұмырды, Таста арақ пен шылымды. 3. Темекінің кермегі - Еріккеннің ермегі. 4. Шарап - арақ ішіңе көшеді, Ақыл шөлмек ішіне түседі. 5. Жабылады шарабыңды ішерде, Бәле төнсе, жоқ араша түсерге. 6. Жасында темекісін будақтатқан, Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан. 7. Адам арақты ішеді. Ақыл арақты ішеді. 8. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр, Одан кейін өзгелерді сақтандыр. | Оқушылар жауап береді | | презентация |