Файл: "математика оыту методикасы "Пнінен курс жмысы 3и курс таырып геометриялык материалдарды окыту методикасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 180

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ӘЖНИЯЗ АТЫНДАҒЫ НӨКІС МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫБАСТАУЫШ ТӘЛІМ КАФЕДРАСЫ"МАТЕМАТИКА ОҚЫТУ МЕТОДИКАСЫ "ПӘНІНЕНКУРС ЖҰМЫСЫ3-И КУРСТАҚЫРЫП:ГЕОМЕТРИЯЛЫК МАТЕРИАЛДАРДЫ ОКЫТУ МЕТОДИКАСЫҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: Т.БАЙНАЗАРОВОРЫНДАҒАН: Л.САБИРОВАНУКУС-2023Тақырып:Геометриялык материалдарды окыту методикасыЖоспарI.КіріспеII.Негізгі бөлім1. Геометрияның шығуы туралы қысқаша мәліметтер2 Бастауыш мектеп математикасындағы геометриялық түсініктер3. Бастауыш сыныпта геометриялық материалдарды оқыту4.Бастауыш сыныпта геометриялық материалдарды оқыту ерекшеліктері5. Бастауыш сыныпта геометриялық материалдарды оқыту әдістемесі.III.ҚорытындыӘдебиеттер тізіміГеометриялық материал бастауыш сыныптарда бөлек тақырып болып қарастырылмайды. Геометриялық материал арифметикалық және алгебралық материалдармен тығыз байланыста қарастырылады. Геометриялық материалдардан бастауыш сыныпта: «кеңістік туралы түсінік», «нақты фигура туралыұғым», «геометриялық фигуралармен байланысты қарапайым ұғымдар , оларды ажырату», «геометриялық шамаларды өлшеу», «фигураларды салудың бастама білігін қалыптастыру», « әр түрлі геометриялық шамалармен таныстыру » және т.б. қарастырылады. Геометриялық фигуралардың 1-сыныпта бұрын беріліп жүргеннен гөрі біршама кеңейтіліп берілу себебі пәнішіндік мұқтаждықтан және қажеттіліктен туындайды. Өйткені олар алдағы уақытта көрнекілік ретінде жиі қолданылады, сондай-ақ дамытушылық сипаттағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауға тірек білім болып табылады; ал олардың ішіндегі шығармашылықпен байланыстылары, көбінесе геометриялықфигураларды бөліктерге бөлу және бөліктерден құрастыруды көздейді. Геометриялық фигуралар жайында түсініктер де біртіндеп тиянақталып, дами түседі. Осы уақытқа дейін геометриялық фигуралар «бір тұтас» деп түсіндіріліп келсе, енді олардың элементтерімен таныстыру жүзеге асырылады. Осыған орай үшбұрыштың және шаршының қабырғалары – кесінділер, ал бұрыштың қабырғалары – сәулелер, олардың төбелері- нүктелер болып табылатынына назар аударылады. Сонымен бірге үшбұрыштың , төртбұрыштың (бес, алты бұрыштың) элементтері ( бұрыштың төбелері, қабырғалары )аталу сандарымен (3,4,5,6) сәйкестендіріледі. Геометриялық фигуралардан бастауыш сыныпта : сызықтар (түзу , қисық, тұйықталған және тұйықталмаған қисық сызықтар); нүкте; сәуле; бұрыштар қарастырылады.
Математиканы оқыту әдістемесі психологиялық-педагогикалық пәндерді, сонымен бірге математиканың теориялық негіздерін оқып болған соң қарастырылады. Психология, педагогика және математика курстарын оқып- үйрену барысында математиканы оқыту әдістемесі енгізілгенге дейін қажетті дайындықтан өтті. Олар математикалық ұғымдар, заңдар, қасиеттер, фактілер мен іс-әрекет тәсілдерін, дидактикалық ұстанымдарды және оқыту мен тәрбиелеу барысын құрудың әр түрлі тәсілдерінде көрініс табатын заңдылықтарды, бала дамуының және білім, білік, дағдыны меңгертудің психологиялық заңдылыктарын, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістерін игерген болатын. Ал математиканы оқыту әдістемесі мен бастауыш мектептегі басқа да оқу пәндері бойынша дербес-әдістемелік пәндерді оқытып-үйрету барысында тек кіріктірілген құзыреттіліктерді (коммуникативтік, ақпараттық және проблеманы шешу және т.б.) ғана емес, бастауыш мектептегі математиканы оқытуда практикалық құзыреттіліктерді де калыптастыру көзделеді.Пәнді оқытып-үйретудің нәтижесі сабақ беріп көру және өндірістік практиканы өткізуге, шағын жинақты бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі, математикадан көрнекі құралдарды дайындау технологиясы, бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің тарихы пәндерін енгізуге база болып табылады.Оқу пәні ретінде бастауыш математика курсы оқушылардың белгілі бір білім көлемін игеруіне көздейді. Атап айтқанда: натурал сан туралы қарапайым түсінік қалыптастырады; қарапайым есептеулер жүргізудің тәсілін игереді; шамалар мен оларды өлшеудің тәсілдерімен және прктикалық іс әрекет үстінде олардың арасындағы байланыспен, геометриялық фигуралар мен олардың қасиеттері туралы қарапайым түсініктермен байланысты ұғымдарды оқып - үйрену өмірден алынған нақты материялдар мен мысалдар арқылы жүзеге асырылды.Сондықтан өздерінің ережелері, тәсілдері, заңдылықтары өмірдің қажетілігінен туындап отырғанын, іс-әрекетте тұрмыс-тіршілікте аңғартады, яғни құбылыстар арасындағы себеп- салдардың байланысын түсінеді және теория мен практиканың өзара байланысын сезіне бастайды.Математиканы оқытып – үйрету барысында әр алуан қиыншылықтарды жеңуге де тура келеді, байқанпаздыққа, ойлауға, талдау және талқылауға жүргізуге, қортынды жасауға, салыстыруға және т.с.с. машықтанады, адамның ақыл-ойының жетілуіне көмектееседі.

Әлі адамдар ештеңе білмейтін , ештеңе қолдарынан келмейтін ертедегі алғашқы заманарда да олар өздеріне әр түрлі пішінде үйлер салып , құнарлы жерлерді өлшеп , оларды учаскелерге бөлді. Біртіндеп өлшеумен және тұрғызумен байланысты дағдылар, әр түрлі ережелер пайда болды. Осылайша геометрия ғылымы пайда болды. Осылайша геометрия ғылымы пайда болды, ол грек тілінен аударғанда «жер өлшеу» деген мағынаны білдіреді.Геометриялық фигуралардың 1-сыныпта бұрын беріліп жүргеннен гөрі біршама кеңейтіліп берілу себебі пәнішіндік мұқтаждықтан және қажеттіліктен туындайды. Өйткені олар алдағы уақытта көрнекілік ретінже жиі қолданылады, сондайақ дамытушылық сипаттағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда тірек білім болып табылады; ал олардың ішіндегі шығармашылықпен байланыстылары, көбінесе геометриялық фигураларды бөліктерге бөлу және бөліктерден құрастыруды көздейді. Геометриялық фигуралар жайындағы түсініктерде біртіндеп тиянақталып, дами түседі. Осы уақытқа дейін геометриялық фигуралар «бір тұтас» деп түсіндіріліп келсе, енді олардың элементтерімен таныстыру жүзеге асырылады. Осыған орай үшбұрыштың және шаршының қабырғалары-кесінділер, ал бұрыштың қабырғалары-сәулелер, олардың төбелері-нүктелер болып табылатынына назар аударылады. Сонымен бірге үшбұрыштың,төртбұрышты (бес,алты бұрыштың) элементтері(бұрыштары,төбелері,қабырғалары) аталу сандарымен (3,4,5,6) сәйкестендіріледі. Геометриялық фигуралардан бастуыш сыныпта:сызықтар (түзу,қисық,тұйықталған және тұйықталмаған қисық сызықтар); нүкте;сәуле;бұрыштар қарастырылады. Сондай-ақ,көпбұрыш; тіктөртбұрыш, шаршы, тік, сүйір, доғал бұрыштар, текше, шеңбер, дөңгелек, параллелепипед, параллель, перпендикуляр түзулер оқытылады.Түзу сызықпен танысудан кейін балалар нүктені латынның бас әріптерімен белгілейтінін үйренеді. Мысалы: D,K,M,O,E,A және т.б. Олар нүктенің қасына жазылады( үлгісі тақтаға жазылады). Балалар нүктелерді әріптермен белгілеуге және белгіленген нүктелерді оқуға жаттығады.Жалпы геометриялық метериалдар жайлы оқушыларда берік білім қалыптастыру үшін мынадай геометриялық мағынада тапсырмалар қарастырылады:1. Геометриялық фигураларды санау метериалдары ретінде пайдалана алады.2. Геометриялық шамалар (ұзындық, аудан) және оларды өлшеу жайлы түсінік қалыптастырылатын есептер.3. Көпбұрыштың периметрін,ауданын табуға арналған есептер.4. Салу есептері.5.Геометриялық фигураларды саралауға (классификациялау) арналған тапсырмалар. (Бір топ фигуралар ішінен «үшбұрыштарды теріп жаз»деген сияқты).
6. Фигураны бөліктерге бөлу немесе керісінше элементтері бойынша фигура құрастыру.7. Әріпті пайдалана отрырып геометриялық сызбаларды оқу,жазу.8. Нәрселердің немесе оның қандай да бөлігінің геометриялық формасын анықтау.1.3. Сызықпен , кесіндімен таныстыру әдістемесі1- Сынып оқушыларының түзу сызық туралы түсініктері әр түрлі машықтық жаттығуларды орындау арқылы қалыптасады. Мұндайда түзу сызықты қисықпен сәйкестендіреді. Мысалы, жіпті созып қарайды, салынған суретін қарайды, қағазды сызық бойынша қияды, әрбіреуінде сызық қисық немеес түзу қалай пайда болғанвн айтып отырады.Балалар жазықтықта кез келген бағытта сызылған түзу сызықты тануы, оны қисықтан айыра білуі, сызғыш көмегімен түзу сыза білуі керек. Осы мақсатта оқушылар түзу және қисық сызықтар жүргіжеді. Оларды айналадағы заттардан, тақтада сызылған сызықтар ішінен табады және көрсетеді.Жаттығуларды орындау барысында балалар түзудің кейбір қасиеттерімен танысады. Мысалы, нүкте арқылы түзу немесе қисық, ал екі түкте арқылы тек қана бір түзу, бірнеше қисықты жүргізуге юолатынын бақылайды.Егер нүкте қағаз бетімен қозғалатын болса сызық пайда болады. Сызық сызғыш арқылы жүргізілген болса түзу болады.Ол қисық бола алады. Түзу сызықтың бөліктерінен тұратын сызық сынық деп аталады.Сызықтардың да нүктелер сияқты түсі, иісі, қалыңдығы, ені болмайды. Бірақ олардың ұзындығы болады және ол шексіз болуы мүмкін. Қисық сызықтардың бұрыштық нүктерелері болады. Сызықтар тұйық және тұйық емес болады. Тұйық сызық жазықтықта ішішне шексіз түзу, тіпті сәуле жүргізіге мүмкін емес шектелеген фигураны бейлейді. Егер сызық сызғышпен ешқандай бөлігінде сәйкес келмесе , онда оның қисық болғаны. Қисықтар тұйықталған және тұйықталмаған болады.Егер кейбір бөліктері сызғышпен сәйкес келіп, бірақ түгел сәйкес келмесе онда ол –сынық болады. Сфнфқтфң сыну нүктесі оның төбесі деп аталады. Тұйықталған және тұйықталмаған сынықтар болады. Сынықты құрайтын кесінділер оның бөліктері болып табылады.АВСD- СЫНЫҚА,В,С,D –төбелеріАВ, DС, СD, DЕ- бөліктеріКесіндімен таныстыру әдістемесі.Мақсаты: кесінді жайында түсінік беру және оларды басқа фигуралардан ажыратуды үйрету,кесінді салудың ерекшелігімен таныстыру. М-1-сынып 13 бет.Сымның қиындысын алып,басымен ұшын көрсетіп немесе тақтаны жиектеп керілген жіптін үстінен борды жүргізіп, жіпті тартып, жіберіп қалса,тақта бетіне із түседі. Оның екі ұшын нүктемен тұйықтап,бұл кесінді деп түсіндіреміз.
1.4.Сәулемен , бұрышпен таныстыру әдістемесіНүктемен түзу туралы білімді пайдаланып, оқушыларды сәуле туралы ұғымды түсіндіруге болады. Сәулемен танысу машықтық жұмысты орындау процессінде отеді:1) нүкте саламыз2)нүктеге оңға қарай түзу сызық жүргіземіз (бұл сәуле екенін айтамыз. Нүкте-сәуленің басы,сәуле оңға бағытталған).3)латын әрпімен сәуленің басын белгілейміз4)әр түрлі бағытта сәулелер салу.Сәуле деп текке аталмаған. Ол күн сәулесін немесе жарық түсіргішті еске түсіреді. Солар сияқты математикалық сәуленің басы бар да,соңы жоқ болады. Сәуле латынның екі бас әрпімен белгіленеді, оның алғашқысы сәуленің басын, ал екіншісі-сәуленің кез келген ішкі нүктесін белгілейді.Сәуле-MN, M-сәуле басыБұрышпен танысу әдістемесі.Бұрышты қағазды бүктеп шығарып алуға немесе әр түрлі құралдармен бұйымдардан көрсетуге болады.Мақсаты: геометриялық фигуралармен таныстыру (нүкте,сәуле,бұрыш) және оларды бір бірінен ажыратуға үйрету.1)сәулелер арасындағы жазықтық бөлігін басқа түспен бояймыз (бұрыш)2)қағаз бетіне бұрыш саламыз да оны қиып аламыз. Бұрыш үлгісі (моделі) бойынша бұрыштың төбелерімен қабырғаларын таныстыру.3)айналадағы заттардын бұрышты табу, шама бойынша бұрыштарды салыстыру. Балаларды бұрышпен бірге оның ішкі облысы жөнінде түсінік қалыптастыру үшін алғашқы кезеңдерде бұрыштардың қағаздық үлгілерімен жұмыс жасайды. (ермексазбен жұмыс жасату). Бұрыштың өлшемі оның қабырғаларының ұзындықтарына тәуелді емес, қабырғаларының бір — біріне қатысты өзара орналасуына байланысты-қабырғалары неғұрлым бжақын болса, бұрыш аз,ал қабырғаларының арасы қашық болса,бұрыш үлкен боладыБасы ортақ екі сәуле жазықтықты екі бөлікке бөледі. Осының кіші бөлігі бұрыш деп аталады. Сәулелер бұрыштың қабырғалары деп аталады,ал олардың ортақ бастаулары бұрыш төбесі деп аталады.Бұрыш үш нүктемен бнлгіленеді: ьіреуі бір қабырғасында, екіншісі-төбесінде, үшіншісі-екінші қабырғасында. Бұрышты белгілеуде таңбасы пайдаланылады. Мысалы ABC-ABC бұрышы. Бас нүктесі ортақ екі сәуле жазықтықты екігебөледі. Осының кішісі бұрыш деп аталады. Сәулелердің өздері бұрыш қабырғалары, ал олардың ортақ нүктесі бұрыш төбесі деп аталады. Оқушы өзін қоршаған ортадағы заттардың ішінен текше, тік бұрышты параллелепипед, пирамида, конус, призма, цилиндр пішінді заттарды оңай таба алады.Бұлар – көлемді фигуралар немесе геометриялық денелер.Математикалық білімнің мазмұны дұрыс анықтауда әр түрлі мәселелердің ерекше маңызы бар: