Файл: "математика оыту методикасы "Пнінен курс жмысы 3и курс таырып геометриялык материалдарды окыту методикасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 61

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Әдістемеде геометриялық фигураларды қою және қарама-қарсы қою тәсілдеріне ерекше орын беріледі. 1 сыныпта фигуралар жиыны ішінен шеңбер жиынын, көп бұрыш жиынын және т.б. бөліп алуға көңіл аударылса, ал 2 - 3 сыныптарда фигуралардың қасиеттерін нақтылауға және классификациялауға мән беріледі. Жазық фигуралар (шеңбер -көпбұрыш, дөңгелек -шеңбер және т.б.) кеңістік фигураларды (шаршы-текше, шеңбер, шар және т.с.с.) қою және қарама-қарсы қоюға ерекше назар аудару керек. Мысалы, текшемен таныстырғанда, оның нүктелерін, кесінділерін, көпбұрыштарын табуды көрсету қажет.

Бастауыш математика курстарында оқып үйренудегі басқа материалдармен байланысыны ерекше айтқан жөн. Бұл байланыстың негізі болып сан мен фигура арасындағы қатынасты орнату мүмкіндігі. Бұл сан түсінігін қалыптастырудағы сан қасиеті, оларға қолданылатын амалдардан фигураны қолдану керісінше, геометриялық образдарды оқып үйренуден сан ұғымын қолдану.

1 сыныпта фигура модельдерін санау үшін қолданады. Кейінірек объекті ретінде фигура элементтері пайдаланылады. Мысалы, көпбұрыштың төбелері, қабырғалары. Сонымен қатар оқушылар кесінділерді өлшеумен де танысады. Бұл кесінді мен сан арасында байланыс орнатуға септігін тигізеді. Ал 2 сыныпта кесінділер (нүктелер) және сандар арасында тікелей байланыс орнатылады. Геометриялық фигуралар оқушылардың бірлік үлестерімен танысу кезінде де қолдану қажет.

Бастауыштың әртүрлі оқу пәндерін оқыту кезінде оқушылар сабақ үстінде қоршаған орта құбылыстары туралы, оның қасиеттері жайында нақтылай түсініктер алады. Мысалы, балалар графикалық сауаттылыққа үйрену үшін, таяқшаларды салады, торкөзді белгілейді және т.б.

Геометриялық фигуралар жайлы алған білімдерін бекітуде басқа пәндердің мүмкіндіктерін де айтуға болады. Мысалы, табиғаттану сабағында оқушылар горизонт сызығы және горизонтпен танысу кезінде, оларда дөңгелек және шеңбер женінде түсінік ала алады. Геометриялық фигуралардың қасиетін оқыту болып табылады. Сондықтан да, геометриялық фигуралардың қасиетін оқыту барысында оқушылар тікелей олармен практика жүзінде танысып жұмыстар жүргізу керек. Мысалы, балалар математика сабағында өлшеу және салу жұмыстарын атқарады. Еңбек сабағында формаларын илеп жасап, модельдерін қиып, ал сурет сабағында бейнелеу жұмыстарын атқару керек.

Келтірілген мысалдардан, әртүрлі пәндерді оқи отырып, геометриялық формалар жайында білімдер жинақтайды. Олардың нақтылы және абстрактылы ойлау қабілеттері өңделеді. Сонымен қатар, геометриялық форма, геометриялық фигура, фигуралардың қасиеттері мен қатынастары туралы сапалы түрдегі түсініктері қалыптаса бастайды. Осы мәселелер түгелге жуық әдіскер A.M. Пышкалоның еңбектерінде қарастырылған.


Геометриялық материалдарды оқыту мектеп курсының барлық оқу жылына бірдей етіп бөлінеді. Қазіргі 1 сынып математика оқулығы да осылай құрылған. Геометриялық есептер мен жаттығуларға арналған. Заттардың ұзындығы, олардың кеңістікте езара орналасу мен қатынастары жайлы алғашқы түсінік беру.

Балалар мектепке дейінгі кезеңнің өзінде-ақ олар кеңістік туралы қоршаған ортадағы әртүрлі заттардың формасы, өлшемі, және өзара орналасуы жайында көп түсінік жинақтайды. Осы түсінік келешекте негізгі геометриялық түсініктерді, сосын ұғымдарды қалыптастыруда қажет негіз болып табылады. Сонымен бірге ойын үстінде, практика жүзінде заттардың формаларымен, олардың жеке бөліктерімен танысады. Мысалы, дөңгелек (цилиндр) немесе доптың ( шар ) секіретін қасиетке ие екендігін, ал қорапша да (призма) мұндай қасиет жоқтығын балалар бірден - ақ аңғарады. Осы физикалық қасиеттерде балалалар интуитивті түрде дене формасымен байланыстырады. Балалар жинақтаған тәжирбе және терминдік сөздер кездейсоқ болғандықтан оқытудың міндеттерінің бірі жинақталған түсініктерді анықтау және сәйкес терминдерді меңгеру. Осы бағытта жүйелі түрде әртүрлі жаттығулар беру керек Заттар арасындағы қатынастар: "бірдей", "әртүрлі", "үлкен", "кем", және т.б. сөздер нақты заттармен (қағаз белігі, таяқша, доп, және т.б.) немесе солардың кескінімен (сурет, сызба) орнатылады. Осы қатынастарды түсіндірудегі мысалдарда негізгі белгілер "дәл" көрініс табуы қажет.

Салыстыру, мысалы, берілгені екі таяқшаның қайсысы "үлкен" деген сұрақты қойғанда, екі таяқшаның да қалындығы бірдей болу керек (немесе ұзындығы бірдей). Барлық кезде де екі затты салыстырғанда "салыстыру белгісі" айқын көріну қажет немсе оқушылар бірден ажарататындай болуы керек. Диаметрі мен түсі әртүрлі шарларды салыстыру оңай, ал шарлардың диаметрі әртүрлі болып түсі бірдей болған жағдайда қиын соғады (бірінші кезде). Бұл жағдайда оқушылар "Шарлар бірдей "(түсіне қарап) деп жауап береді. Оқыту барысында заттың геометриялық қасиетін оқыту барысында ол заттың қандай материалдан жасалғандығы, түсі ескерілмейді, оның өлшемі, элементтерінің өзара орналасуы, формасы ескеріледі.

Геометриялық фигура - бұл нүктелер жиыны, геометриялық фигураға жеке бір нүктеде, және шекті, шексіз алынған нүктелер жиыны да жатады. Сондықтан да, біз оларды абстрактылы дейміз.

Практикада біз, реальды заттардан жасалған фигуралардың модельдерін қарастырамыз. Мысалы, қаламсаптың ұшы нүкте болады және т.б. Заттардың формасы, қасиеті, өлшемі массасын ескермей, оны геометриялық фигура туралы түсінік аламыз.



Геометрия негіздерін оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін оқушылардың кеңістік түсінігін қалыптастыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажет. Геометриялық оқыту бұл оқушылардың ғылыми - дүние танымдық қабілетін артырудың бірден - бір жолы.

Бастауыш сыныптың математика пәнінде геометриялық материалдарды оқыту ерекшеліктер. Геометриялық материал бастауыш сыныптарда бөлек тақырып болып қарастырылмайды. Геометриялық материал арифметикалық және алгебралық материалдармен тығыз байланыста қарастырылады. Геометриялық материалдардан бастауыш сыныпта: «кеңістік турады түсінік», «нақты фигура туралы ұғым», «геометриялық фигуралармен байланысты қарапайым ұғымдар,оларды ажырату», «геометриялық шамаларды өлшеу», «фигураларды салудың бастама білігін қалыптастыру», «әр түрлі геометриялық шамалармен таныстыру» және т.б. қарастырылады.

Геометриялық фигуралардың 1-сыныпта бұрын беріліп жүргеннен гөрі біршама кеңейтіліп берілу себебі пәнішіндік мұқтаждықтан және қажеттіліктен туындайды. Өйткені олар алдағы уақытта көрнекілік ретінде жиі қолданылады, сондайақ дамытушылық сипаттағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда тірек білім болып табылады; ал олардың ішіндегі шығармашылықпен байланыстылары, көбінесе геометриялық фигураларды бөліктерге бөлу және бөліктерден құрастыруды көздейді. Геометриялық фигуралар жайындағы түсініктерде біртіндеп тиянақталып, дами түседі. Осы уақытқа дейін геометриялық фигуралар «бір тұтас» деп түсіндіріліп келсе, енді олардың элементтерімен таныстыру жүзеге асырылады. Осыған орай үшбұрыштың және шаршының қабырғалары-кесінділер, ал бұрыштың қабырғалары-сәулелер, олардың төбелері-нүктелер болып табылатынына назар аударылады. Сонымен бірге үшбұрыштың, төртбұрыштың (бес, алты бұрыштың) элементтері (бұрыштары, төбелері, қабырғалары) аталу сандарымен (3,4,5,6) сәйкестендіріледі. Геометриялық фигуралардан бастуыш сыныпта: сызықтар (түзу, қисық, тұйықталған және тұйықталмаған қисық сызықтар) нүкте, сәуле, бұрыштар қарастырылады.

Сондай-ақ, көпбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы, тік, сүйір, доғал бұрыштар, текше, шеңбер, дөңгелек, параллелепипед, параллель, перпендикуляр түзулер оқытылады.

Жалпы геометриялық материалдар жайлы оқушыларда берік білім қалыптастыру үшін мынадай геометриялық мағынада тапсырмалар қарастырылады:

1. Геометриялық фигураларды санау материалдары ретінде пайдалана алады.

2. Геометриялық шамалар (ұзындық, аудан) және оларды өлшеу жайлы түсінік қалыптастырылатын есептер.


3. Көпбұрыштың периметрін,ауданын табуға арналған есептер.

4. Салу есептері.

5. Геометриялық фигураларды саралауға арналған тапсырмалар. (Бір топ фигуралар ішінен «үшбұрыштарды теріп жаз»деген сияқты).

6. Фигураны бөліктерге бөлу немесе керісінше элементтері бойынша фигура құрастыру.

7. Әріпті пайдалана отрырып геометриялық сызбаларды оқу, жазу.

8. Нәрселердің немесе оның қандай да бөлігінің геометриялық формасын анықтау.

Бастауыш сыныптың математика пәнінде геометриялық материалдарды оқыту әдістемесі. Нүктемен танысу әдістемесі. Мақсаты: геометриялық фигуралармен таныстыру (нүкте,сәуле,бұрыш) және оларды бір бірінен ажыратуға үйрету.

Қарындаштың немесе қаламның ұшы және олардың қағаз бетіне қалдыратын іздері-нүкте жайында түсінік беріледі. Түзу сызықпен танысудан кейін балалар нүктені түзуге қоюды, берілген 1,2,3 нүктелер арқылы түзу сызықтар жүргізуге, оған қатысты нүктенің орнын анықтауға үйренеді. 3-сыныптың 3-тоқсанында оқушылар нүктенін латынның бас әріптерімен белгіленетінін үйренеді. Мысалы К,М,О,А,Е және т.б. Олар нүктенің қасына жазылады. Балалар нүктелерді әріптермен белгілеуге және белгіленген нүктелерді оқуға жаттығады.

Сызықпен таныстыру әдістемесі. 1-сынып оқушыларының түзу сызық туралы түсініктері әр түрлі машықтық жаттығуларды орындау арқылы қалыптасады. Мұндайда түзу сызықты қисықпен сәйкестендіреді. Мысалы,жіпті созып қарайды, салынған суретін қарайды, қағазды сызық бойынша қияды, әрбіреуінде сызық-қисық немесе түзу қалай пайда болғанын айтып отырады. Балалар жазықтықта кез келген бағытта сызылған түзу сызықты тануы,оны қисықтан айыра білуі, сызғыш көмегімен түзу сыза білу керек. Осы мақсатта оқушылар түзу және қисық сызықтар жүргізеді. Оларды айналадағы заттардан,тақтада сызылған сызықтар ішінен табады және көрсетеді. Мысалы, нүкте арқылы түзу жүргізуге жаттығуда балалар бір нүкте арқылы бірнеше түзу немесе қисық, ал екі нүкте арқылы тек қана бір түзу, бірнеше қисықты жүргізуге болатынын бақылайды. Егер нүкте қағаз бетімен қозғалатын болса сызық пайда болады. Сызық сызғыш арқылы жүргізілген болса түзу болады. Ол қисық бола алады. Түзу сызықтың бөліктерінен тұратын сызық сынық деп аталады. Сызықтардың ұзындығы болады. Қисық сызықтардың бұрыштық нүктелері болады. Сызықтар тұйық және тұйық емес болады.

Тұйық сызық жазықтықта ішіне шексіз түзу, тіпті сәуле жүргізуге мүмкін емес шектелген фигураны бейнелейді. Егер сызық сызғышпен ешқандай бөлігінде сәйкес келмесе, онда оның қисық болғаны. Қисықтар тұйықталған және тұйықталмаған болады. Егер кейбір бөліктері сызғышпен сәйкес келіп, бірақ түгел сәйкес келмесе одна ол-сынық болады. Сынықтың сыну нүктесі оның төбесі деп аталады. Тұйықталған және тұйықталмаған сынықтар болады. Сынықты құрайтын кесінділер оның бөліктері болып табылады.


ABCD-СЫНЫҚ

A,B,C,D-ТӨБЕЛЕРІ

AB, DC, CD, DE-БӨЛІКТЕРІ

Кесіндімен таныстыру әдістемесі. Мақсаты: кесінді жайында түсінік беру және оларды басқа фигуралардан ажыратуды үйрету,кесінді салудың ерекшелігімен таныстыру. Сымның қиындысын алып, басымен ұшын көрсетіп немесе тақтаны жиектеп керілген жіптін үстінен борды жүргізіп, жіпті тартып, жіберіп қалса, тақта бетіне із түседі. Оның екі ұшын нүктемен тұйықтап, бұл кесінді деп түсіндіреміз.

Сәулемен таныстыру әдістемесі.Нүктемен түзу туралы білімді пайдаланып, оқушыларды сәуле туралы ұғымды түсіндіруге болады. Сәулемен танысу машықтық жұмысты орындау процессінде өтеді:

1) нүкте саламыз

2) нүктеге оңға қарай түзу сызық жүргіземіз (бұл сәуле екенін айтамыз. Нүкте-сәуленің басы,сәуле оңға бағытталған).

3) латын әрпімен сәуленің басын белгілейміз

4) әр түрлі бағытта сәулелер салу.

Сәуле деп текке аталмаған. Ол күн сәулесін немесе жарық түсіргішті еске түсіреді. Солар сияқты математикалық сәуленің басы бар да,соңы жоқ болады. Сәуле латынның екі бас әрпімен белгіленеді, оның алғашқысы сәуленің басын, ал екіншісі-сәуленің кез келген ішкі нүктесін белгілейдіі. Сәуле-MN, M-сәуле басы
Бұрышпен танысу әдістемесі. Бұрышты қағазды бүктеп шығарып алуға немесе әр түрлі құралдармен бұйымдардан көрсетуге болады.

Мақсаты: геометриялық фигуралармен таныстыру (нүкте,сәуле,бұрыш) және оларды бір бірінен ажыратуға үйрету.

1) сәулелер арасындағы жазықтық бөлігін басқа түспен бояймыз (бұрыш)

2) қағаз бетіне бұрыш саламыз да оны қиып аламыз. Бұрыш үлгісі (моделі) бойынша бұрыштың төбелерімен қабырғаларын таныстыру.

3) айналадағы заттардын бұрышты табу, шама бойынша бұрыштарды салыстыру. Балаларды бұрышпен бірге оның ішкі облысы жөнінде түсінік қалыптастыру үшін алғашқы кезеңдерде бұрыштардың қағаздық үлгілерімен жұмыс жасайды. (ермексазбен жұмыс жасату). Бұрыштың өлшемі оның қабырғаларының ұзындықтарына тәуелді емес, қабырғаларының бір — біріне қатысты өзара орналасуына байланысты-қабырғалары неғұрлым жақын болса, бұрыш аз, ал қабырғаларының арасы қашық болса, бұрыш үлкен болады .

Басы ортақ екі сәуле жазықтықты екі бөлікке бөледі. Осының кіші бөлігі бұрыш деп аталады. Сәулелер бұрыштың қабырғалары деп аталады,ал олардың ортақ бастаулары бұрыш төбесі деп аталады.

Бұрыш үш нүктемен белгіленеді: біреуі бір қабырғасында, екіншісі-төбесінде, үшіншісі-екінші қабырғасында. Бұрышты белгілеуде таңбасы пайдаланылады. Мысалы ABC-ABC бұрышы. Бас нүктесі ортақ екі сәуле жазықтықты екігебөледі. Осының кішісі бұрыш деп аталады. Сәулелердің өздері бұрыш қабырғалары, ал олардың ортақ нүктесі бұрыш төбесі деп аталады.