Файл: за мерзімді жоспар блімі 1в рационал сандар жне олара амалдар олдану Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп: НЗМ ХББ Атырау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.4

координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу;

6.1.1.7

қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу;

Сабақ

мақсаттары

Оқушылар:

  • қарама-қарсы сандарды білу;

  • координаталық түзу анықтамасын білу;

  • координаталық түзуді салады, координаталық түзуде санақ басын және бірлік кесіндіні анықтай алу;

  • координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандарды кескіндеп білу.

Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • қарама-қарсы сандарды біледі.

  • координаталық түзуді салады, координаталық түзуде санақ басын және бірлік кесіндіні анықтайды;

  • координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандарды кескіндеп біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • берілген бөлімнің математикалық терминологиясын қолданады;

  • координатасы рационал сан түрінде берілген нүктелерді координаталық түзуде кескіндеуін стипаттайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • оң сан;

  • теріс сан;

  • бүтін сан;

  • қарама-қарсы сандар;

  • рационал сан;

  • бүтін сандар жиыны;

  • рационал сандар жиыны;

  • координаталық түзу;

  • санақ басы;

  • бірлік кесінді;

  • оң бағыт;

  • нүкте координатасы;

  • оң/теріс жарты ось;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • A(-3) жазуын «координатасы минус 3 болатын А нүктесі» деп оқимыз;

  • C(2,6) жазуын «С нүктесінің координатасы екі бүтін оннан алтыға тең» деп оқимыз.

Құндылықтарды

дарыту

Бейбітшілік проблемаларын ескере отырып, жаһандық азаматтық сезімін дамыту. Өзіне және басқаларға құрметпен қарауды, ынтымақтастықты жұптық және топтық жұмыстар арқылы дарыту.

Пәнаралық

байланыстар

Бұл сабақта жаратылыстану-математика бағытындағы сабақтарда әртүрлі есептеулер үшін қажетті түсініктер қарастырылады.

АКТ қолдану

дағдылары

Сызба жұмыстарын орындауда Active Board тақтасын қолдану.

Бастапқы білім

Координаталық сәуле туралы ұғым. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды орындай алу. Жай және ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
0 – 3 мин



Ұйымдастыру кезені

Бірлескен оқу ортасын құру.

Алған білімдерін жүйелеу.

Үй тапсырмасын тексеру.

Проблемалық оқыту

Тиін ағаш бұтасындағы ұясынан шығып жоғары, төмен жүгіре берді. Егер тиін ұясынан 3 м қашықтықта болса, қай жерде болады?

  • Бұл сұраққа қанша жауап беруге болады?

  • Тиіннің орнын анықтау үшін не білуіміз керек?

  • Ұяға дейінгі қашықтықты анықтасақ жеткілікті ме?


Қосымша 1
Слайд 4

Сабақтың ортасы
3 – 13 мин

13 – 18 мин

18 -20 мин

20 – 27 мин

27 - 29 мин

29 – 31 мин


31 – 37 мин

Жаңа сабақ

Оқыту практикалық жұмысы 1.

  • Горизонталь түзу жүргізіңіз;

  • О нүктесін белгілеңіз – бұл нүктені санақ басы деп атаймыз;

  • Бірлік кесінді алыңыз, оны санақ басының оң жағына, сол жағына бір-бірімен жалғастырыла, қажетінше бірнеше рет салыңыз;

Координаталық түзу туралы түсінік беру. Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу.

  • Әр нүктеге сәйкес келетін санды жазыңыз;



Оң бағыт – оң сандар, теріс бағыт – теріс сандарды кескіндеу туралы түсінік беру.



  • Координаталық түзуде А(-3) және В(3) нүктелерін белгілеңіз;



А және В нүктелері О нүктесінен бірдей қашықтықта, бірақ қарама – қарсы бағытта орналасқан, айырмашылығы тек таңбасында, мұндай сандарды қарама –қарсы сандар деп атайды.

Қарама –қарсы сандар туралы түсінік беру.

  • Теріс санға қарама – қарсы сан оң сан болады.



Мысалы: -2 және 2; -0,6 және 0,6; және ...

  • Оң санға қарама – қарсы сан теріс сан болады.



Мысалы: 2 және -2; 0,6 және -0,6; және ...

Жеке тапсырма

№1.



№2.

а) А; В; С нүктелерінің координаталарын табыңыз;

в) координаталары осы нүктелердің координаталарына қарама – қарсы сан болатынE; F; K нүктелерін белгілеңіз.



Дескриптор: Білім алушы:

  • Қарама – қарсы сандарды сәйкестендіреді;

  • А; В; С нүктелерінің координаталарын дұрыс тапқан;

  • Е; F; K нүктелерінің координаталарын дұрыс тауып белгілеген.

Дескриптор бойынша оқушылар өзін – өзі бағалайды.
Жұптық жұмыс

1.

Саяхатшылар жорыққа шығып, К, М, Р пункттерінде болды. Бұл пункттер лагерьден қандай қашықтықта?



Жауабы: К – батыс бағытта 5км, М – шығыс бағытта 3км, Р – батыс бағытта 7км.

2.

а санын координиталық түзуде нүктемен кескіндеңіз:

а) а = -6; +3; -5; -8; +10;-2; +7.

в) а = 2; -1; 4; -7; 8; -10; -9; +9.

3.

Үшбұрышты жалауша тұрған нүктенің координатасы -2, төртбұрышты жалауша тұрған нүктенің координатасы +2. Санақ басын, бірлік кесіндіні белгілей отырып, В, С, D нүктелерінің координаталарын жазыңыз.



Жауабы: D(1), В(-1,5), С(-4).

Дескриптор: Білім алушы:

  • сурет бойынша қашықтықты анықтайды;

  • координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандарды кескіндеп біледі;

  • координаталық түзуде санақ басын және бірлік кесіндіні анықтайды, нүктелердің координатасын жазады.

Дескриптор бойынша бірін – бірі бағалайды.
Көзге жаттығу жүргізу


Зерттеу (шығармашылық) тапсырма

7, 8, 3 және 5 цифрларынан 7 - ге аяқталып, 3 – ке бөлінетіндей әр түрлі төрт сан құрастырыңыз.

Өз қалауыңмен бірлік кесіндіні таңдап алып, кез келген екі санды координаталық түзуде кескіндеңіз.

Жауабы: 357, 387, 537, 837.

Мұғалімнің бағалауы және өзін – өзі бағалау.



Қосымша 2
Слайд 5 - 6
Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6


Қосымша 3

Слайд 7

Қосымша 4

Слайд 8


Қосымша 5


Слайд 9

Қосымша 6
Слайд 10

Сабақтың соңы
37 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  1. Координаталық түзу дегеніміз не?

  2. Санақ басы болатын О нүкесінің координатасы неге тең?

  3. Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің оң жағындағы нүктелердің координаталары қандай сандар?

  4. Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің сол жағындағы нүктелердің координаталары қандай сандар?

Рефлексия

Мен бүгінгі сабақта не білдім:

Мен не білдім




Мен не үйрендім




Мен нені түсінбедім




Мен не білуім керек




Үйге тапсырма: № 308

Координаталық түзу бойында А(2) және В(-3) нүктелері берілген.



  1. Сызғышты пайдаланып, санақ басын табңдар.

  2. Бірлік кесінді неше сантиметрге тең?

  3. С, D, және Е нүктелерінің координаталарын жазыңдар.

  4. А және В нүктелерінің арасында неше бірлік кесінді бар?

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6


Слайд 11 - 12

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар біртіндеп күрделеген. Оқушының ойлау қабілетін шыңдау барысында зерттеу тапсырмасы ұсынылады.


Жұптық жұмыста бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру.

Дұрыс отыруын қадағалау, жұмыстану кезінде емін еркін қозғалыста болу, көзге жаттығу орындау.