Файл: ТЫдаушыны Жмыс дптері математика Пні оытушыларыны шыармашылы шеберханасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 18
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Колледжде математиканы оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы
ТЫҢДАУШЫНЫҢ
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ
«МАТЕМАТИКА» ПӘНІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРХАНАСЫ
«Математика» пәні бойынша оқу сабағын жоспарлау. Өзара бағалау.
Талқылау:
-
Оқу сабағын жоспарлау неден басталады? -
Оқу сабағын жоспарлағанда нені басшылыққа алу керек? -
Сабаққа дейін қалай рефлексия жасау керек? Оқытушы сабаққа дейін өзіне қандай сұрақтар қояды? -
Оқытушы сабақтан кейін қалай рефлексия жасайды? Өзіне қандай сұрақтар қояды?
|
«Математика» пәні бойынша оқу сабағын жоспарлау.
Сабақ жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары» № 130 бұйрығы бұйрығының 8-қосымшасында ұсынылған үлгі негізінде әзірленеді.
________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) Оқу сабағының жоспары
Оқу сабағының осы тармақтары міндетті болып табылады. Қосымша элементтерді енгізу тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын сақтай отырып және пәннің немесе модульдің ерекшеліктері мен білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып айқындалады. |
Оқу сабағы жоспарын бағалау критерийлері:
Мақсаты | оқу нәтижелері оқу бағдарламасына сәйкес келеді |
оқу сабағының мақсаты оқу нәтижелеріне сәйкес келеді | |
оқу сабағының мақсаты SMART форматында тұжырымдалған | |
Оқыту әдістері | оқу нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал етеді |
барлық білім алушыларды оқу процесіне тартуға ықпал етеді | |
білім алушылардың жеке оқу қажеттіліктеріне сәйкес оқытуды қолдайды | |
Тапсырмалар | оқу нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау критерийлеріне сәйкес келеді |
функционалдық сауаттылықты дамытуға ықпал етеді | |
білім алушылардың жеке оқу қажеттіліктеріне сәйкес келеді |
|
Рефлексия
Мен білгенмін | Мен жаңадан білдім | Өз тәжірибемде нені /қалай пайдаланамын? |
| | |
| | |
| | |
Оқу барысында талқыланған тақырыптардың негізінде өз тәжірибеме енгізгім келетін өзгерістер | Өзгерісті жүзеге асыру үшін қолданатын әдіс-тәсілдерім |
| |
| |
| |
Логикалық деңгейлер пирамидасы (Дилтс пирамидасы)
Роберт Дилтс (Robert B. Dilts)
Коуч құралы ретіндегі Дилтс пирамидасын өзіңнің мақсатыңды жан-жақты саралап, бағалау үшін қолдануға болады.
Ол үшін өзіңе-өзің пирамиданың сұрақтарын қойып, жауап беруің керек – алдымен төменнен жоғарыға қарай, содан соң керісінше, жоғарыдан төмен қарай.
Пирамида барлығы 6 логикалық деңгейден тұрады (төменнен бастап):
1 деңгей — қоршаған орта. Сұрағы — қайда?
Мақсатыңа қашан қол жеткізгің келеді, бұл қайда болады, сенің жаныңда кімдер болады? (жақындарың, әріптестерің, т.б.)
2-деңгей— әрекет. Сұрағы — не істеу керек?
Мақсатыңа қол жеткізгенде не істейсің (қандай қадамдар жасайсың)? Алдында айтылған ортада не жасайсың?
3-деңгей— қабілеттілік. Сұрағы — қалай?
Мақсатыңа қол жеткізу үшін саған қандай дағдылар мен қабілет, қасиет керек? Олардың қайсысы сенің бойыңда бар және саған қайсысын дамыту керек?
4-деңгей — құндылықтар. Сұрағы — бұл неге маңызды?
Мақсатыңа қол жеткізгенде сен не ұтасың? Ол несімен бағалы болады? Алған дағдылар мен тәжірибең сенің өміріңе қандай мағына береді? Несімен құнды? Мақсатыңа қол жеткізгенде сенің өмірің қалай өзгереді?
5-деңгей — ұқсату, бірегейлік. Сұрағы — МЕН кіммін?
Мақсатыңа жеткенде кім боласың? Өзің межелеген құндылықтарды иеленгенде сен қандай боласың? Мақсатыңа қол жеткізген сәтте өзіңе не айтасың?
6-деңгей— миссия. Сұрағы— кім үшін?
Сен мұны не үшін жасайсың? Сенің осы мақсатқа қол жеткізуің тағы кімдер үшін маңызды? Ол тағы кімдерге пайдалы? Кім оған қуанады?
Осы сұрақтарға жауап беріп болған соң, сол деңгейлермен сатылап төмен түсеміз…
Осының барлығын арнап жасағанда сол адамдар маған риза бола ма?
Мақсатым орындалғанда мен не ұтамын?
Мен қандай қасиеттерге ие боламын?
Мен не істеймін?
Осының барлығы қашан, кіммен бірге орындалады?
Сілтеме: http://prosto-coach.ru/instrumenty-kouchinga-2/piramida-logicheskix-urovnej/