Файл: азастан Республикасы Оуаарту министріні 2022 жылы 30 желтосандаы 533 бйрыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 270

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      59. Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне (әдіскерлеріне) диплом бойынша немесе атқаратын лауазымы ескеріле отырып біліктілік санаттары беріледі.

      60. Білім беру ұйымынан тиісті пән бойынша әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдарға немесе білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдардан ауысқан кезде педагогтің бар "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады (теңестіріледі).

      61. Әдістемелік кабинеттердің (білім беруді басқару органдарының құрылымдық бөлімшелерінің) басшыларына (меңгерушісіне), әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), "Дарын" орталығының, ақпараттандыру, мектепке дейінгі, арнайы және қосымша білім беру орталықтарының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне білім беру ұйымдарына ауысу немесе қоса атқару шарттарында оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде қолда бар біліктілік санат сақталады.

      Педагог (оқытушы) лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты әдіскер лауазымына қолданылады.

      Әдіскер лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты педагог (оқытушы) лауазымына қолданылады.

      62. Бейіннен тыс педагогикалық білімі бар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне тиісті бейін бойынша қайта даярлау туралы құжат немесе біліктілікті арттыру курстары туралы құжат болған кезде біліктілік санаты беріледі.

      63. "Көркем еңбек" пәні бойынша сабақ беретін педагогтер "Технология", "Бейнелеу өнері", "Сызу" мамандықтары бойынша дипломмен аттестаттаудан өтеді; "Графика және жобалау" пәні бойынша – "Бейнелеу өнері", "Сызу", "Информатика" мамандықтары бойынша диплом, сондай-ақ бұрын берілген біліктілік санатын ескере отырып кәсіптік оқыту ескеріледі.

      64. Арнайы білім беру ұйымдарында немесе арнайы сыныптарда (топтарда) білім туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша емес қызмет жүргізген жағдайда, біліктілік санатын кезекті беру тиісті бейіні бойынша қайта даярлау туралы құжаттың негізінде атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.

      65. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептерде сабақ беретін педагогтер дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес кезекті біліктілік санатын беруден өтеді, бұл ретте портфолиода ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жөніндегі материалдар көрсетіледі.



2-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру тәртібі

      66. Бiлiктiлiк санатын мерзiмiнен бұрын беруге кезектi аттестаттаудан кейiн екi жыл өткен соң жол берiледi. Педагог мерзімінен бұрын аттестаттауға өтінішті осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен соңғы екі жылдан кем емес қызметтің тиісті нәтижелері болған кезде береді.

      67. "Педагог-модератор" біліктілік санатын мерзімінен бұрын беруге педагогтер кемінде мынадай екі талапқа сәйкес болған жағдайда қатысады:

      пәнді ағылшын тілінде оқыту құқығымен жоғары оқу орнын бітірген, ағылшын тілін С1 деңгейінен төмен емес (сефр (CEFR) шкаласы бойынша) білетіндігін растайтын сертификаты (куәлігі) бар немесе ғылыми-педагогикалық бейіні бойынша "магистр" академиялық дәрежесі берілген дипломы бар адамдар;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық/республикалық маңызы бар қала) деңгейінде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын адамдар;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық деңгейде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар.

      68. "Педагог-сарапшы" біліктілік санатын мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде төртеуіне сәйкес келетін педагогтер қатысады:

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлерде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын адамдар;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар;

      аудандық/қалалық деңгейдегі "Үздік педагог" атағына ие болған адамдар;

      Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін адамдар;


      ағылшын тілін С1 (сефр (CEFR) шкаласы бойынша) деңгейінен төмен емес деңгейде меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын адамдар;

      жоғары оқу орнынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде екі жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар;

      бейіндік пән бойынша халықаралық дәрежедегі кандидат немесе спорт шебері болып табылатын адамдар;

      бейіні бойынша ең жоғары біліктілік разряды бар өндірістік оқыту шеберлері;

      Уорлд скилс (WorldSkills) облыстық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар;

      69. "Педагог-зерттеуші" біліктілік санатын мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде бесеуіне сәйкес келетін педагогтер қатысады (осы тармақтың бесінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейлерде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын адамдар;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар;

      Уорлд скилс (WorldSkills) республикалық немесе халықаралық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген, басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторлары (тең авторлары) болып табылатын адамдар;

      облыстық деңгейдегі "Үздік педагог" атағына ие болған адамдар;

      Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін адамдар;

      ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;

      70. "Педагог-шебер" біліктілік санатын мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде алтауына сәйкес келетін педагогтер қатысады:

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық деңгейде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар;


      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болып табылатын тұлғалар;

      Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте, Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданып, білім беру ұйымдарында іске асырылған бағдарламалар немесе әзірлемелер мен үздік педагогикалық тәжірибелер енгізген тұлғалар;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторлары (тең авторлары) болып табылатындар;

      Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін адамдар;

      ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде бес жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;

      Қазақстан Республикасының "Үздік педагог" атағына ие болған адамдар;

      Уорлд скилс (WorldSkills) халықаралық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар.

      71. Мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде Комиссия "өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді" деген шешім қабылдаған жағдайда, қолданыстағы біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

3-параграф. Педагогтерге оңайлатылған тәртіп бойынша біліктілік санатын беру тәртібі

      72. Президенттің кадр резервіне кірген тұлғаларға, Nazarbayev University түлектеріне, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылған шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмысқа орналасу кезінде жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін бес жылдан кешіктірілмей біліктілік санатын беру рәсімінсіз Комиссия шешімімен "педагог-модератор" біліктілік санаты беріледі. Кезекті аттестаттау осы Қағидаларда белгіленген мерзімде өткізіледі.

      73. "Педагог-модератор" біліктілік санаты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына жұмысқа орналасу кезінде тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдарға жеке өтініші негізінде аттестаттаудан өтпей беріледі.