ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітемін: Жандоңғарова А.С
Бөлім: | 6.3С Координаталық жазықтық | | ||
Педагогтің Т.А.Ә.(болған жағдайда | Бисембаева А.Е | | ||
Күні: | 1.03.2023 | | ||
Пән/Сынып: | Математика, 6б | | | |
Сабақтың тақырыбы: | Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі | | ||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 6.3.1.1координаталық жазықтық ұғымын меңгеру; 6.3.1.2тік бұрышты координаталар жүйесін салу; 6.3.1.3 реттелген сандар жұбы тікбұрышты координаталар жүйесінде нүктені беретінін және әрбір нүктеге нүктенің координаталары деп аталатын бір ғана реттелген сандар жұбының сәйкес болатынын түсіну; 6.3.1.4 координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу; 6.3.2.3кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу; | | ||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар:
кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табады. | |
Сабақтың барысы
Уақыты | Кезең дері | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||
5 минут | Ұйым дастыру | Сәлеметсіздерме! Бүгін, Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі тақырыбын қарастырамыз Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: -координаталық жазықтық ұғымын меңгеру; -тік бұрышты координаталар жүйесін салу; Сұрақтар. а) егер екі түзу тік бұрыш жасап қиылысса, олар ... түзулер деп аталады. б) егер екі түзу қиылыспаса, олар ... түзулер деп аталады. в) … ║ деп аталады, егер олар қиылыспаса. г) … ┴ деп аталады, егер олар ∟ бұрышпен қиылысса.
| Амандасады, үй тапсырмасына жауап береді. Сұрақтарға жауап береді | | Оқулық | ||||||
10 мин | Жаңа сабақ | Координаталық жазықтықтың координаталар жүйесі берілген жазықтық екенін түсіндіру ұсынылады.) Тікбұрышты координаталар жүйесі екі сандық жүйенің тік бұрыш жасап қиылысуынан пайда болады. Горизонталь сызылған және солдан оңға қарай бағытталған координаталық түзу абсциссалар осі деп аталады. Тік сызылған және төменнен жоғары қарай бағытталған координаталық түзу ординаталар осі деп аталады. Абциссалар осі мен ординаталар осінің қиылысу нүктесін координаталар басы деп атайды. Координата– объектінің орналасқан орынын анықтайтын, деректер жинағы. Координаталар осі жазықтықты 4 бұрышқа бөледі. Оларды координаталық ширектер деп атайды. Жартылай оң осьтерден құрылған ширек (үстінгі оң жақ бұрыш) (I) ширек деп саналады. Ширектерді (немесе координаталық бұрыштарды) сағат тіліне қарсы санаймыз.
| Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады | Бағалау: тапсырмалар ды орындау барысында оқушыны ауызша марапаттау, ынталандыру. | Презентация | ||||||
25 минут | Бекіту тапсыр масы | Тапсырма. №1. 1. Координаттық жазықтықта M(4;-3), N(3;2), K(-2;2) нүктелерін белгілеңіз. MN және MK сәулереін жүргізіңіз. NMK бұрышын өлшеңіз. 2. Координаттық жазықтықта абсцисса мен ординатасы теріс емес және олардың қосындысы 5-ке тең барлық нүктелерді белгілеңіз. Қандай фигура пайда болады? Тапсырма. №2. 1. Координаталық жазықтықта белгіленген нүктенің координатасын табыңыз. a) M(1;2) b) M(1;3) c) M(2;1) 2. Жазықтықтағы нүктелердің координаталарын жазыңыз. 3. Координаттық жазықтықта M(6;6), N(-2;2), K(4;1), P(-2;4) нүктелерін белгілеңіз. MN және KP түзулерін жүргізіңіз. a) MN мен KP түзулерінің b) MN түзуінің абсцисса осімен c) KP түзуінің ордината осімен қиылысу нүктесінің координатасын анықтаңыз. Оқулықтан №1079, №1080. | Оқушы қызметі: суреттерді мұқият қарайды, сұрақтарға жауап береді (еркін жауап) Өз бетімен жұмыс. Шығармашылық тапсырма. Осы нүктелерді координаталары бойынша белгіленде жеті әріп шығу қажет. Ол нүктелерді қосқан кезде шоқ жұлдыздар пайда болады. «1 сурет» А(6;6), В(-3;5,5), С(-8;5), D(0;7,5), E(3;7), F(-5;7), G(-6;3) «2 сурет» A(-15;-7), B(-3;-6), C(5;-10), D(-6;-5,5), E(-10;-5), F(6;-6), G(-1;-10) Оқулықтан тақырыпқа қатысты есептерді шығарады. | Дескриптор: -Тікбұрышты координаталар жүйесін құрады - Координаталар осьтері мен басын көрсетеді - Координаталық ширектері таңбалары бойынша нүктені белгілейді Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі. «Басбармақ» әдісімен бағалау алады Жүргізіледі | Интернет ресурстары Жалпы білім беретін мектептің 6–сыныбына арналған оқулық. Оқулық авторлары: Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов Алматы «Атамұра» баспасы 2018 жыл | ||||||
| Жеке жұмыс | Хайролла Тілеубек тапсырмасы. №1. A, B, C, D, F, K нүктелерінің координаталарын анықтаңыз. | Тапсырманы орындайды Жауабы: A(-4;3); B(-2;0); C(3;4); D(6;5) F(0;-3); K(5;-2) | | Парақша | ||||||
5 минут | | Бүгінгі сабақта: - координаталық жазықтық ұғымын меңгере алады; -тік бұрышты координаталар жүйесін сала алады.
Үйге тапсырма. №1081. | Тақырыпты меңгергенін анықтау | Кері байланыс | Презентация |