Файл: за мерзімді жоспар блімі Дстр жне ауыз дебиет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 31

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Дәстүр және ауыз әдебиет

Мектеп: «Үштерек орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» кмм

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қалыбек Жансая

Сынып: 2

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әбу Насыр әл- Фараби

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.4.1 Әл -Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімелеу


Oйлay дaғдылapының деңгейі

Бiлy, түсiнy, қoлдaнy

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Әл-Фарабидың еңбектерімен танысады, ғылымға қандай еңбек жазып қалдырғанын анықтайды

Оқушылардың кейбірі: Әл-Фарабидің еңбектерінен мысал келтіріп , топқа салыстыра отырып түсіндіреді Оқушылардың басым бөлігі: Әл-Фараби туралы ақпараттар жинақтайды,әзірлейді



Бағалау критерийлері


Ғылымның мақсатын анықтайды,

Әл-Фарабидың еңбектерімен танысады, ғылымға қандай еңбек жазып қалдырғанын анықтайды.

Әл-Фараби туралы ақпараттар жинақтайды,әзірлейді



Тілдік мақсаттар



Пәнгe қaтыcты cөздiк қop мeн тepминдep
Сөздіктермен жұмыс Ғылым . Философ

Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

• Бүкіл саналы өмірін ғылымға арнады.

• Ғылымға не жатады?

• Философ, математик,музыкант осы салада көп еңбек атқарған.


Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет

Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру

Жұптық және топтық жұмыс жасауда бірігіп еңбек етеді, оқушылар жаңа идея ұсынады.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, өлең жолдары арқылы қандай ғылыммен айналысқанын анықтайды. мaтемaтика

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Тақырып бойынша қажетті ақпараттарды іздеу, өңдеу.




Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа сабақ

Сабақтың соңы

10 минут

Бағалау


Сәлемдесу. Психологиялық дайындық

Біз тамаша баламыз ,

Оқып білім аламыз .

Ашық болсын көкте күн ,

Сонда бақытты боламыз .

Жақсы болсын күніміз,

Тыныш болсын түніміз. Бүгінгі күнге сәттілік тілейміз ! Топқа бөлінеді 1 топ: «Музыкант » 2 топ: «Философ » 3 топ " Математик " 4-топ "Ұстаз" Балалар, менің қолымнан нені көріп тұрсыздар, бұл не? Ту қандай түсті? Бұл туды әрбір бала ұстай алмайды. Тек сыныптағы ең үздік оқушы ғана ұстай алады. Яғни, бүгінгі сабақта кім сабақта кім ең көп жұлдызшаға иеленеді сол оқушы алады



Ежелгі қалаларды атайық Отырар қаласы қалай аталды ? Отырар қаласында кім дүниеге келді ? Бүгінгі сабағымызда Әбу Насыр әл-Фараби туралы толық мәлімет алатын боламыз Бейнеролик көрсету Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы әңгімені оқу. Топта талдау Әбу Насыр әл - Фараби – ұлы ғалым, ұлы ақын. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ойшыл. Мың жылдан артық уақыттың қатыгез сынынан мүдірмей өткен адамзат ұлдарының бірі. Әбу Насыр әл - Фараби – қазақ халқының ежелгі мәдени орталықтарының бірі – аты әйгілі Отырарда дүниеге келген. Отырарды арабтар Фараб деп атаған. Осыдан барып Әбу Насыр әл – Фараби атанып кеткен. Әбу Насыр әл – Фараби бастауыш білімді туған қаласы Отырарда алды. Одан соң Хорасанға барады. Фараби ғылымды, көбінесе, өз бетімен оқып үйренген. Ол 150 тарта еңбек жазған. Аристотельдің ой - мақсаттарын дамытып отырған. Жұптық жұмыс.Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы Әл- Фараби кім? Ассосация әдісін қолдану



Оқулық, мәтіндер.

Сергіту сәті Оқушылар би билеп сергіп қалады



Егер сенде мүмкіндік болса, ғұлама ғалымға қандай сұрақ қояр едің?

Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік ? 1. Әбунасыр Әл-Фараби қай жерде дүниеге келген? 2. Отырар қаласы қайда орналаскан? Оның басқа атауларын айтыңыздар. 3. Әл-Фараби қандай тілдерді білді? 4.Әл-Фараби алғашқы білімді қайдан алған? Сөздер банкасы әдісін қолдану Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады

Үйге тапсырма: мазмұндау.




Қалыптастырушы бағалау : Мaдaқ сөздep aрқылы бaғaлaймын. «Өтe жaқcы», «Жaқcы», «Кepeмeт»

Стикерлер, бейнеролик

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Қалыптастырушы бағалау: Ауызша

Кері байланыс















Сабақ бойынша рефлексия

















Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз.

Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?