ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 402
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әкем базардан келе жатқан. Үлкен әпкем мені әкемнің алдынан алып шықты. Әкем қоржынды түзулеп, ерге мені отырғызды. Жалма-жан ердің қасынан шап беріп ұстай алдым. Әкем ат тізгінін жетектеп келеді. Үйге дейін отыз шақты қадам болса да, мен ердің екі жағына алма кезек ауытқып, қоржын ішіне сырғып түсе бердім. Әкем рахаттана күліп алып қайтадан ерге отырғызады. Әпкем болса қатарласа жүріп: «Қорықпа, қорықпа! Берік отыр!» – дейді.
Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.
– Кімнің баласысың? - деп сұрайтын ол.
– Мен Момыштың ұлымын.
– Момыш кімнің баласы?
– Момыш – Имаштың баласы.
Oсылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген қонақ ең алдымен, атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін. Ел танудың басы, ең алдымен, осылай басталатынын ол кезде кім білген.
1. Б.Момышұлының әкесінің жасы
A)Сексеннің сеңгерінде B)Алпысты алқымдады C)Жетпістен асқан шағы D)Елуді еңсерді
2. Mәтіннің соңғы азатжолына сәйкес келетін мақал-мәтел
A)Әке көрген оқ жонар. B)Өнерліге өріс кең. C)Жігітке жеті өнер де аз. D)Жеті атасын білмеген жетесіз
3. Әжемнің әкеме қойған аты
A)Қара қатпа B)Молда бала C)Ұста бала D)Қара бала
4. Mәтіннің кіріспесінде автордың әке бейнесін еске түсіруде назар аударған тұсы
A)талапшылдығы B)бірбеткейлігі C)зеректігі D)алғырлығы
5. Mомыш меңгерген өнер
A)тілмаш, офицер, би B)учитель, ардагер, емші C)ұста, зергер, етікші D)саудагер, сауыншы, ақын
2-мәтін
1. Мысықтар – шынымен таңғажайып тіршілік иелері. Олар – өз қожайындарына шынайы дос қана емес, сонымен қатар үйдің жайлылық пен жылулық иесі. Көбіне олардың басты қасиеті адамдардың ауруын емдеу. Олар адамның көңіл күйі мен сырқат жерін сезіне алады.
2. Кейбір адамдар мысық терапиясы үшін (мысықтармен емдеу) үй жануарларының кейбір ерекше тұқымдары қажет деп ойлайды. Шындығында, үнемі үйде жүретін, адамдармен жақсы араласатын, өзін еркін ұстайтын кез келген мысық емдей алады. Сонымен қатар, мысықтың өзі сау болуы керек. Көп жылдық тәжірибе көрсеткендей, қара мысықтар басқа түсті мысықтарға қарағанда күшті қуат пен емдік қабілеттерге ие. Сондай-ақ, мамық жүнді мысықтар ұйқысыздықты, депрессияны және көптеген неврологиялық бұзылуларды жеңуге көмектесетін көрінеді. Сиам тұқымының өкілдері суық тиюді, қысқа жүнді мысықтар – бүйрек пен ас қорыту органдарын, ал британ тұқымды мысықтар – жүректі тиімді емдейді екен.
3. Мысықтар әдетте адам денесінің ауырсынуын сезінеді. Содан кейін олар өздері келіп, адамның ауырған жеріне келіп жайғасады. Олар ақырын келіп, табанымен ауырған жерді абайлап басады. Бұл кезде адам тыныштықты сезінеді. Ондай сәтте адам мысықты сипалап, тіпті сол сәтте емделіп жатқанын білмеуі де мүмкін. Мысықтар осылайша адам бойынан ауруды, жаман энергияны «шығарады».
4. Денсаулықтың адам өмірі үшін маңыздылығын білеміз бе? Мысықтар жүрек ауруын емдеп, қан қысымын тез қалыпқа келтіруге және ауырсынуды жеңілдетуге, тірек-қимыл аппаратының жұмысындағы бұзушылықтарды қалпына келтіруге көмектеседі.
5. Көптеген адамдар үйінде мысық ұстайды. Үй жануарларын емдік мақсатта пайдалану үшін қарапайым ережелерді есте сақтау керек. Мысық көңілі тыныш, тамағы тоқ, жақсы көңіл күйде болуы керек. Ол сізге неғұрлым жақын болса, емдік әсер соғұрлым тиімді болады. Жүректің ауырсынуын басу үшін күндіз мысықпен байланысу уақытын таңдаңыз. Тыныс алу жүйесінің жұмысындағы проблемаларды жеңу үшін таңертең бірнеше минуттық мысық терапиясын қабылдау керек. Егер сіздің үйіңізде мысық болса, оның қабілеттерін пайдаланып, әртүрлі аурулардан құтылыңыз. Осы үй жануары арқылы үлкен дерттердің алдын алуына болады.
6. Mәтін мазмұнын қорытындылайтын сөйлем
A)Ауру жүйкені бұзады, жүйке ұйқыны бұзады B)Ауру желмен кіріп, термен шығады
C)Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде D)Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ
7. Eкінші азатжол мазмұнына сай келетін ақпарат
A)Британ тұқымды мысықтардың басқа мысыққа қарағанда емдік қасиеті жоғары
B)Мысықтың емі сүйектер мен буындардың потологиясын емдейді
C)Мысықтар адам денесенің ауырсынуын тез сезінеді.
D)Депрессияны жеңуге мамық жүнді мысықтар көмектеседі.
8. "2-азатжолға атау қойыңыз
A)Сирек жануарлар түрлері B)Ауру айтып келмейді C)Асыл тұқымды мысықтар D)Үй «дәрігерлерінің» қасиеті
9. Жүректі тиімді емдейтін мысық түрі
A)қысқа жүнді мысықтар B)мамық жүнді мысықтар C)сиам тұқымды мысықтар D)британ тұқымды мысықтар
10. Берілген мәтіннің негізгі мәтін мазмұнымен ортақ байланысы
Халық емінде өсімдік және импорттық дәрілер көрнекті орын алады. Қазақстанның барлық аймақтарында емге жарамды өсімдіктер өсетінін халық ертеден білген. Халық медицинасы дәрілік шөптермен емдеуді өз тәжірибелеріне енгізіп, талай адамдарды емдеп жүр десек, қателеспейміз.
A)Адам денсаулығын мысықпен емдеу тиімді екендігі айтылады
B)Мысықтың ерекше қабілеттері мен емдік қасиеттері айтылады
C)Адам денсаулығын өсімдікпен емдеу тиімді екендігі айтылады
D)Адам денсаулығын емдеудің тиімді жолдарын қарастырады
3-мәтін
1. Психоаналитиктің айтуынша, отбасында баланың іс-әрекетінің дұрыс-бұрыстығын айтып, оны түсіндіріп беруші адам – әже. Сондықтан үйде ата-әжемен сөз таластыруға болмайды.
– Менің бала кезімде әжем қонақтан келгенде әкелген базарлығын беріп жатып, оны қайдан, не мақсатпен әкелген себебін түсіндіріп айтатын. Жеті нанның бір үзімін берсе де, қай үйде, не үшін құран оқылғанын, кімдердің жиналғанын, қандай ырыммен алып келгенін айтуға ерінбейтін. Бірде маған қонақтан бөлінген құрт әкеліпті. Мен әжеме ренжіп: "Әже, немене бүтін құрт жоқ па екен?" – дедім. Ол кісі "Балам, ол құртты мен бір жасы үлкен кісіден алдым. Үлкендер құртты тістеп бермейді. Өйткені тістері жоқ. Сондықтан бөліп береді. Ол кісі өмірінің жамандығын алып қалып, тек жақсы жақтарын берсін деп ырымдап, бөлінген құрттың екінші жартысын әдейі алып қалды", – деді. Мен сондай тәрбиені көріп өскендіктен немереме де ұлттық тәрбие беруге тырысамын.
2. Тіпті қалалы жерде тұрса да әжелерімізге немересінің бойына ұлттық тәрбиені сіңіруіне еш кедергі жоқ екеніне көзім жетті. Жақында біздің көп қабатты үйдің ауласында үстіне камзол киіп, басына орамал таққан жасы 60-тар шамасындағы әже далаға он жасар немересін ертіп шықты. Сосын қалтасынан асықтарды шығарып, өзге балаларды шақырып алып, ойын тәртібін түсіндірді. Ерінбей үш-төрт сағат бойы балаларға асық ойнауды үйретті. Он күндей уақыт өткенде балалар бір-біріне үйретіп, ойын шартын бұзбай ойнайтын болды. Мұнда бір ғана асық ойыны әр үйдің ерке баласын тәртіпке, бөлісуге, топпен ойнауға, ережеге бағынуға үйретті. Дәл қазіргі кезеңдегі ата-ананың бір кемшілігі – баланы жауапкершілікке үйретпейді, – дейді психоаналитиктер.
3. Бұрын әжелеріміз балаларын "ботам", "ботақаным", "қоңыр қозым", "құлыншағым" деп еркелетсе, "батырым", "ақылдым", "үмітім", "болашағым" деп арқаландырып отырса, бүгінде "лапочка моя", "зайчонок", "котенок" деп мысыққа да, күшікке де теңей салады. Бұл қазақ табиғатына жат теңеулер ғой. Бала тәрбиесінде мұндай рухани құлдырауға жол беруге болмайды, – дейді психоаналитиктер.
4. Осы күнгі балаға Алпамыс пен Қобыланды сынды батырлар жырын, Таусоғар мен Толағай туралы ертегінің майын тамызып айтып беретін әжелер сирек. Әжелер ертегі айтып шаршағанша, теледидарды қосып қойып, сондағы түрлі мультхикаялар мен шетелдік фильмдерді көрсеткенді оң санайды.
5. Әже – отбасының алтын қазығы. Шаңырақтағы қарым-қатынасты реттейді, балаларды мейіріммен, ақылымен өмірге бейімдейді. Әжелер үнемі "арыңды аяқ асты етпе, үлкеннің жолын кеспе, біреуді жамандама, бөтен адамның ала жібін аттама" деген сияқты адамгершілікке баулитын сөздерді қайталаудан жалықпайды. Бірақ қазір мұндай әжелер азайып барады. Өйткені бүгінгі ұрпақтың үлкендермен қарым-қатынаста өздерін ұстауы, жаман қылықтарға жақындығы әже тәрбиесінің жетіспей тұрғанының айқын дәлелі, – дейді этнограф-ғалымдар.
Әженің маңдайдан емірене сүйіп, бауырына қысып еркелеткеніне ештеңе жетпейді. Балаларымызды әже мейірімінен айырмайық.
11. 2-бөлім мазмұнына сәйкес әже асық ойыны арқылы балалардың бойына сіңіруге тырысқан қасиеттердің бірі
A)тәртіпке бағынуды B)шындықты айтуды C)шебер әңгіме айтуды D)тыңдай білуді
12. 1-бөлімдегі негізгі ой
A)Баланың іс-әрекеті B)Психоаналитиктің болжамы C)Әженің қонаққа баруы D)Ұлттық тәрбие құндылығы
13. Автордың «Немереме ұлттық тәрбие беруге тырысамын» деуінің себебі
A)Ауылды жерде өскендіктен B)Белгілі ғалым болғандықтан
C)Түрлі кітаптарды көп оқығандықтан D)Әжесінің тәрбиесін көргендіктен
14. Немерелерін ауыз әдебиеті үлгісінде тәрбиелейтін әжелер туралы айтылған бөлім
A)4 B)2 C)3 D)1
15. .. Жас баланың бойындағы ар-ұяты, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынасы, мәдениеттілігі отбасынан алынады. Сондықтан отбасы – бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы...
P.Айтжанова, Л.Батырбекова «Отбасы тәрбиесі»
Берілген ой мен негізгі мәтіннің үндестігін анықтайтын мақал-мәтел
A)Жақсы адамға жау жоқ B)Отбасы – ошақ қасы
C)Кең болсаң, кем болмайсың D)Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің
Оқу сауаттылығы
Сұрақ нөмірі | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | Балдар |
Үміткердің жауабы | D | D | A | А | C | C | D | D | D | D | A | D | D | A | D | |
Тестілеу нәтижесі | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 14 |