ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 36
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мұғалімнің аты-жөні: | Комекова Ж.С | ||||
Пән/Сынып: | 5 В сынып | ||||
Күні: | 4.10.2022 | ||||
Тарау немесе бөлім атауы: | 5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу | ||||
Оқу мақсаты: | 5.1.2.7 құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу; | ||||
Бағалау критерийі: | Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей алады | ||||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: Оқушылардың құрама сандарды жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жаза білу дағдылары қалыптасады. Оқушылардың басым бөлігі: Ізденімпаздылық қабілеттері артады, көбейткіштерді анықтауға пайдаланады. Кейбір оқушылар: Тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өздігінен жұмыс істеу, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамытады. | ||||
Уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Сабақтың басы 2 минут | Сәлеметсіздерме! Бүгін,Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу тақырыбын қарастырамыз. Үй тапсырмасын тексеру: (диалогтық оқыту технологиясы бойынша) 1. 2 санына бөлінгіштік белгісі 2. 5 санына бөлінгіштік белгісі 3. 10 санына бөлінгіштік белгісі 4. Натурал сандардың 3-ке бөлінгіштік белгісі 5. 9-ға бөлінгіштік белгісі 6. Қандай сандар жай сандар деп аталады? 7. Жай санға мысал келтір. 8. Қандай сандар құрама сандар деп аталады? 9. Мысал келтір 10. 12-нің бөлгіштерін ата | | | | |
8 мин | Жаңа сабақ Сұрақтар: 1. Жай сандар деп қандай сандарды айтады? 2. Құрама сандар деп қандай сандарды айтады? 3. 1 саны қандай сан? 4. Жұп жай сан бар ма? Болса, нешеу? 5. Неше жай сан бар? 6. 32 саны жай сан болып табылады ма? 7. 0 цифрасымен аяқталатын сан жай сан болады ма? | Сұрақтарға жауап береді Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады | | Слайд | |
Сабақтың ортасы 15 минут | Тапсырма. 1. Адамның таза ауамен дем алуы үшін 45 см2 жерге өсімдік өсіруі керек. Ол үшін өлшемдері 1- ден өзге қандай натурал сандармен өрнектелетін тік төртбұрыш пішінді жерді көгалдандыру керек? 2. Тік бұрышты параллелепипедтің өлшемдері жай сандармен өрнектелген. Оның бір төбесі ортақ үш жағының аудандары: 35 см2 , 21 см2, 15 см2.
2- тапсырма 1. Берілген сандарды жай көбейткіштерге жіктеңіздер: а) 75, 36, 18, 28, 63, 8, 16, 48; б) 20,45,50,12,98,40,80,112. Жеке жұмыс. 3-тапсырма Мына сандардың ішінен 1; 2; 5; 18; 29; 42; 59; 64; 104: а) жай сандарды теріп жазыңыз; b) құрама сандарды теріп жазыңыз. Дескриптор: Білім алушы берілген сандардың ішінен жай сандарды жазады; берілген сандардың ішінен құрама сандарды жазады. 4-тапсырма Сандарды жай көбейткіштерге жіктеңіз: a) 510; b) 1092; c) 8645. Дескриптор: Білім алушы -берілген сандарды жай көбейткіштерге жіктейді. | | Дескриптор
Дескриптор
Дескриптор
| Слайд | |
10мин | Оқулықтан №269 | Тапсырманы орындайды | | | |
Сабақтың соңы 5 минут | Бүгінгі сабақта: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей алады Сабақты қорытындылау. 1. Құрама санды жай көбейткішке жіктеу деген не? 2. Натурал санды жай көбейткішке жіктегенде қандай реттілікті сақтау қажет? 3. Егер натурал санның жіктелген жай көбейткіштері белгілі болса, сан қалай табылады? 4. Егер берілген құрама сан әр түрлі тәсілдермен жай көбейткіштерге жіктелсе, олардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Үйге тапсырма: №270, №273 | Тақырыпты меңгергенін анықтау | | Презентация |