Файл: ант диабетімен ауыратын жкті йелді назарын келесіге аударамыз ра печенье.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 2151
Скачиваний: 30
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
164. Бала жолдасын қарап тексергенде оның бүтiндiгi күмән туғызады, жатыры тығыз. Дәрiгер тактикасы:
1. Араласу қажет емес
2. Жатыр қуысын қыру
3. (+) Жатыр қуысын қолмен тексеру
4. Бала жолдасы қалдықтарын қолмен алып тастау
5. Бала жолдасы қалдықтарын қолмен бөлу және алу
165. Нәрестенiң көлденең жатуында оның жүрек соғысы қай жерден естiледi:
1. Кiндiктен жоғары сол жақтан
2. Кiндiктен төмен сол жақтан
3. Кiндiктен төмен оң жақтан
4. (+) Кiндiк деңгейiнде
5. Кiндiктен жоғары оң жақтан
166. Нәрестенiң дұрыс емес орналасуы кiмдерде жиi кездеседi:
1. Тұңғыш босанушыларда
2. (+) Көп босанушыларда
3. Жас тұңғыш босанушыларда
4. Үлкен жастағы алғаш босанушыларда
5. Тар жамбаста
167. Нәрестенің орналасуын анықтау әдiсi:
1. Пельвиометрия
2. Кардиотокография
3. Амниоцентез
4. Допплерометрия
5. (+) Сыртқы акушерлiк тексеру
168. Нәрестенiң дұрыс емес орналасуы кезiндегi жиi асқынуы:
1. Қан кету
2. Мерзiмiнен ерте босану
3. Нәресте гипоксиясы
4. (+) Қағанақ суының мезгiлiнен бұрын кетуi
5. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын бөлiнуi
169. Нәрестенiң дұрыс емес орналасуына тән емес:
1. Қағанақ суының ерте кетуi
2. Кiндiктiң түсуi
3. Нәрестенiң көлденең орналасуы
4. (+) Хориоамнионит
5. Босану әрекетiнiң ауытқуы
170. Мерзiмiне жеткен жүктiлiктiң ұзақтығы (күн):
1. 180
2. 240
3. 210
4. (+) 280
5. 300
171. Босану әрекетiнiң басталғанының шарты:
1. Жатыр түбiнiң биiк тұруы
2. Жыныс жолдарынан шырыштың бөлiнуi
3. (+) Реттi толғақтардың пайда болуы
4. Кiшi жамбас кiреберiсiне нәресте басының қондырылуы
5. Қағанақ суының мезгiлiнен бұрын кетуi
172. Мерзiмiнен өткен жүктiлiктiң белгiсi:
1. Уыздың пайда болуы
2. Жыныс жолдарынан шырыштың бөлiнуi
3. (+) Іш айналымы 100 см және одан да көп
4. Нәресте басының кiшi жамбас кiреберiсiне қондырылуы
5. Сүт безiнен уыз денешiктерiнiң бөлiнуiнiң жоғарылауы
173. Бала жолдасының негiзгi қызметi:
1. Репродуктивтi
2. Гемопоэтикалық
3. Гемопоэз
4. Иммуномодулдеушi
5. (+) Трофикалық
174. Амниоскопияға көрсеткiш:
1. Нәрестенiң даму ақауы
2. Бала жолдасының бекiнуiнiң ауытқуы
3. Көп нәрестелi жүктiлiк
4. Ірi нәресте
5. (+) Ана мен нәресте қанының изосерологиялық сәйкессiздiгi
175. Нәрестенiң физиологиялық сарғаюының себебi:
1. Нәрестенiң гемолитикалық ауруы
2. Резус-қайшылықты жүктiлiк
3. Туа пайда болған гепатит
4. Өт шығару жолдарының механикалық бiтелуi
5. (+) Бауырдың ферментативтi белсендiлiгiнiң жетiспеушiлiгi
176. Жүктiлiктiң қай мерзiмiнде нәрестенiң жүрек тондарының аускультациясын тыңдауға болады:
1. 14 апта
2. 16 апта
3. (+) 20 апта
4. 25 апта
5. 28 апта
177. Етеккiр циклының орташа ұзақтығы:
1. 8 күн
2. 18 күн
3. (+) 28 күн
4. 38 күн
5. 48 күн.
178. Нәресте туылғаннан кейiн бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару
операциясына көрсеткiш:
1. (+) 30 минут iшiнде плацентаның бөлiну белгiлерi болмаған кезде
2. Плацентаның бөлiну белгiлерi жоқ және қан шығыны 100,0
3. Плацентаның бөлiну белгiлерi бар және қан шығын 200,0
4. Қан ағудың пайда болуы 100,0 артық
5. Мерзiмiнен бұрын босануда.
179. Босанғаннан кейiнгi қан ағумен күресу қанша қадамнан тұрады:
1. Екi
2. Үш
3. Төрт
4. (+) Бес
5. Алты
180. Бала жолдасының бүтiндiгiне күмән туғанда дәрігер тактикасы:
1. 30 минут iшiнде күту тактикасы
2. Плацентаның қалған қалдықтарын қолмен бөлу және оны шығару
3. (+) Жатыр қуысын қолмен тексеру
4. Жатырды ультрадыбыстық тексеру
5. Жатырды диагностикалық қыру.
181. Нәрестенiң антенаталдық өлiм себебi:
1. Гипотониялық қан ағудың
2. Жатырдың даму ақауының
3. Плацентаның шынайы бiтiсiп өсуiнiң
4. (+) Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
5. ТШҚҰ-синдромының.
182. Жатыр қуысында плацента қалдықтарының қалуының негiзгi белгiлері:
1. Жалған күшенудiң болуы
2. Іштiң төменгi бөлiгiндегi толғақ тәрiздi ауру сезiмi
3. (+) Жыныс жолдарынан қан ағу
4. Жатыр тонусының төмендеуi
5. Жатыр түбi кiндiктен жоғары.
183. Коагулопатиялық қан ағудың жиi себептерi:
1. Плацентаның жатуы
2. (+) Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
3. Басталған мерзiмiнен бұрын босану
4. Босану жолдарының жыртылуы
5. Қынаптың варикозды кеңейген веналарының жарылуы
184. Кеш түсiктiң жиi себептерi:
1. (+) Истмикалық-цервикалдық жетiспеушiлiк
2. Көпсулық
3. Экстрагениталдық патологиялар
4. Жатырдың даму ақаулары
5. Ерте токсикоз.
185. Ірі нәрестемен босануда кездесетін жиі асқыну:
1. Ананың экстрагениталдық аурулары
2. Нәрестенiң туа бiткен даму ақаулары
3. (+) Жатырдың шамадан тыс созылуы
4. Нәрестенiң жедел гипоксиясы
5. Тар жамбас.
186. Плацентаның бөлiну белгiлерiн қанша уақыт күтеміз:
1. 10 минут
2. 20 минут
3. (+) 30 минут
4. 40 минут
5. 50 минут
187. Бала жолдасы кезеңiнде плацентаның толық шынайы сіресуінің белгілері:
1. (+) Қанды бөлiндiлердiң болмауы
2. Аздаған қанды бөлiндiлер
3. Көп мөлшердегi қанды бөлiндiлер
4. Жағынды түрiндегi қанды бөлiндiлер
5. Өте аз қанды бөлiндiлер.
188. Плацентаның жартылай тығыз бекуiнде дәрігер тактикасы:
1. Бiрмезетте көктамырға окситоцин енгiзу
2. Көктамырға тамшылатып метилэргометрин енгiзу
3. Бұлшықетке питуитрин енгiзу
4. (+) Бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару
5. Жатыр қуысын қолмен тексеру
189. Босанғаннан кейiнгi кеш қан ағу уақыты:
1. 30 минутта
2. 1-2 сағатта
3. 2-3 сағатта
4. 5-7 сағатта
5. (+) 24 сағатта.
190. 30 минут бойы плацентаның бөлiну белгiлерi жоқ. Дәрігер тактикасы:
1. (+) Бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару
2. Креде - Лазаревич бойынша бала жолдасын шығару
3. Абуладзе бойынша бала жолдасын шығару
4. Жатырдың сыртқы массажын жасау
5. Көктамырға метилэргометрин енгiзу
191. Қағанақ суының мекониймен боялуы тән:
1. Құрсақ iшiлiк сепсиске
2. Нәрестенiң гемолитикалық ауруларына
3. (+) Нәрестенiң гипоксиясына
4. Асқазан- iшек жолдарының туа бiткен ақаулары
5. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын сылынуы.
192. Нәресте қанағаттанарлық жағдайда туылғанда ұсынылады:
1. Жаңа туылған баланы педиатрға беру
2. Нәрестенi бөлеу
3. (+) Ана мен нәрестеге "терiге терi" қатынасын қамтамасыз ету
4. Реанимациялық үстелге жатқызу
5. Салмағын өлшеу
193. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының ұсынысына сәйкес жаңа туылған нәрестені емiзу жүргiзiледі:
1. 2 сағат сайын
2. 3 сағат сайын
3. 4 сағат сайын
4. (+) Нәрестенiң қалауы бойынша
5. 5 сағат сайын
194. Мерзімінде туылған нәрестеде босану бөлмесiнiң температурасы тең:
1. 18°С
2. 20°С
3. 22°С
4. (+) 25°С
5. 30°С
195. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының деректерi бойынша босанғаннан кейiнгi ерте кезеңнiң ұзақтығы (сағат):
1. 5
2. 4
3. 8
4. 12
5. (+) 2
196. Босанғаннан кейiнгi ерте кезеңде босанушы әйелдердi бақылауға жатады:
1. Көз түбiн тексеру
2. (+) Жатыр тонусын анықтау
3. Өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығын анықтау
4. Тыныс алу жиiлiгiн есептеу
5. Гормондық статусты анықтау
197. Босануды қоздыруға қарсы көрсеткiш:
1. Преэклампсия
2. Көпсулық
3. (+) Нәрестенiң көлденең жатуы
4. Азсулық
5. Мерзiмiнен асқан жүктiлiк.
198. Босанғаннан кейiнгi маститке әкелетін факторлар:
1. Ретсiз емiзу
2. Кесар тілігі арқылы босандыру
3. (+) Патологиялық лактостаз, емшек ұштарының жарылуы
4. Босану әрекетiнiң әлсiздiгi
5. Преэклампсия
199. Босанғаннан кейiнгi маститтiң ауыр түрi:
1. Лактостаз
2. Емiзiктiң жарылуы
3. Инфильтративтi
4. Серозды
5. (+) Ірiңдi.