Файл: ант диабетімен ауыратын жкті йелді назарын келесіге аударамыз ра печенье.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 2166
Скачиваний: 30
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
144. Бала жолдасы дефекті анықталғанда дәрігер тактикасы:
1. Жатыр мойнын айнамен қарау, жалпы қан анализі
2. Бала жолдасы қалдықтарын қолмен бөлу және шығару+
3. Креде-Лазеревич әдісімен бала жолдасының қалдықтарын алу
4. Бала жолдасының қалдықтарын инструментальді алу
5. 10 минут күту тактикасы
145. Босанудан кейінгі ерте кезеңдегі гипотониялық қан кету кезінде хирургиялық гемостаздың нұсқасы:
Жатырдың қынап үстілік ампутациясы
Жатыр экстирпациясы
Аналық без, жатыр, ішкі мықын артерияларын байлау
Б Линч бойынша компрессионды тігіс салу
Қан шығынына байланысты әрбір нұсқа орынды+
146. Нәресте туылғаннан кейін босанған әйелде 30 минутқа дейін бала жолдасының бөліну белгілері жоқ, жыныс жолдары арқылы қан бөліну белгілері жоқ . Болжам диагноз:
1. Физиологиялық босанудан кейінгі кезең
2. Жатырдың айналуы
3. Бала жолдасының толық емес шынайы өсуі
4. Бала жолдасының жартылай тығыз жабысуы
5. Бала жолдасының толық тығыз жабысуы+
147. Босанған әйел, босанудың ерте кезеңінде жыныс жолдарынан бөлінген қан көлемі 900,0 мл. Жатыры жұмсақ, айнада: босану жолдары бүтін. Артериалдық қан қысымы 90/50 мм.сп.бб., пульсі 100 рет минутына, гемоглобин 90г/л, гемотокрит 30%, дене салмағы 70кг. Диагнозы:
1.Босанудан кейінгі ерте кезең. Геморрагиялық шоктың I сатысы.
2. Босанудан кейінгі ерте кезең. Геморрагиялық шоктың II сатысы.+
3. Босанудан кейінгі ерте кезең. Геморрагиялық шоктың III сатысы
4.Босанудан кейінгі ерте кезең. Гипотониялық қан кету. Геморрагиялық шоктың I сатысы.
5. Босанудан кейінгі ерте кезең. Коагулопатиялық қан кету.
148. Нәресте туылғаннан кейін босанған әйелде 30 минутқа дейін бала жолдасының бөліну белгілері жоқ, жыныс жолдары арқылы қан бөліну белгілері жоқ . Болжам диагноз:
1. Бала жолдасының толық емес бекуі
2. Бала жолдасының қысылуы
3. Бала жолдасының толық емес шынайы өсуі
4. Жатыр атониясы
209. Науқас 29 жаста, ішінің төменгі жағының ауруына, жүрегінің айнуына, құсуға, ішінің кебуіне, жел мен үлкен дәретінің кідіруіне шағымданады. Анамнезінде аналық безінің кистасы. Объективті: тері жабындылары бозғылт, тілі құрғақ, дене температурасы 380С, АҚҚ 110/70 мм с.б.б. пульсі минутына 96 рет, іші кепкен, ауырсынады, Щеткина-Блюмберг симптомы оң. Қынаптық зерттеуде: жатыр қалыпты көлемде, оң жағынан 5*5 см козғалғыштығы шектелген, ауырсынатын түзілім пальпацияланады. Сіздің диагнозыңыз:
1.Миоматозды түйін
2.Созылмалы аднексит
3.Аналық без ісігі аяқшасының айналуы+
4.Аналық без поликистозы
5.Жатыр эндометриозы
210. Науқас 29 жаста, оң жақ аналық безінің ісігінің аяқшасының айналуы диагностикаланды, оперативті емнің көлемі:
1.Оң жақ аналық безін алып тастау
2. Аналық безінің кистасын сылу
3. Аналық без кистасының құрамын аспирациялау
4.Аналық бездің резекциясы
5.Оң жақ жатыр қосалқыларын алып тастау+
211. Алынған аналық безі ісігінің ішкі капсуласының беткейін макроскопиялық зерттеу кезінде емізікше тәрізді өсінділер табылды. Сіздің диагнозыңыз:
1.Аналық безінің фибромасы
2.Дермоидты киста
3.Папиллярлы кистома+
4. Жай кистома
5. Аналық безінің кистасы
212. Науқас 28 жаста, құрсақ қуысына қан кетуге байланысты лапароскопия жүргізіліп, оң жақ сары дененің кистасының жарылуы анықталды. Хирургиялық емнің көлемі:
1. Оң жақ аналық безінің резекциясы +
2. Оң жақтық цистэктомия
3.Оң жақтық овариоэктомия
4. Оң жақтық аднексэктомия
5. Құрсақ қуысын дренаждау
firstbyte.ru
РЕКЛАМА
VDS,VPS сервер
213. Науқас құрсақ қуысына қан кету симптомдарымен жедел гинекология бөлімшесіне келіп түсті. Етеккірі 2 күнге кідірген. Қойылған диагноз: Жатырдан тыс жүктілік. Дәрігердің тактикасы:
1.Динамикалық бақылау
2.Қынаптың артқы күмбезі арқылы құрсақ қуысының пункциясы
3.Жедел лапаротомия+
4.Жедел лапароскопия
5.Жатыр қуысын қыру
214. Лапароскопия кезінде оң жақ аналық безінің 4,0*5,0 см өлшемді кистасы анықталды. Сіздің тактикаңыз:
1.Оң жақтық цистэктомия +
2.Овариолизис
3.Аналық без кистасының құрамын аспирациялау
4.Аналық бездің резекциясы
5.Оң жақ жатыр қосалқыларын алып тастау
215. Дисфункционалды жатырдан қан кетуі бар репродуктивті жастағы науқасқа көрсетіледі:
1.Гормональді гемостаз
2.Гемостатикалық терапия
3.Циклды витаминотерапия
4.Утеротоникалық терапия
5.Жатыр қуысын қыру диагностикалық қыру+
216. 15 жастағы науқаста 3 ай етеккірінің кідіруінен кейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділер 10 күнге созылған. Жыныстық қатынаста жоқ. Ректо-абдоминальді зерттеу кезінде патологиялар анықталмайды. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:
1.Аналық безінің ісігі
2.Үзілген жатырдан тыс жүктілік
3.Жатыр фибромиомасы, қан кету
4.Ювенильді дисфункциональді жатырдан қан кету+
5.Өзіндік ерте түсік
217. Науқас 50 жаста, бір жыл бойы менструальды циклы 2-3 ай кідіргенін, бұзылуын байқайды. Екі апта бұрын жыныс жолдарынан қанды бөлінділер пайда болып, жалғасуда. Гинекологиялық статус: жатыр мойны таза, жатыр және қосалқылары ауытқусыз, кіші жамбас қуысында инфильтраттар жоқ.
Сіздің болжама диагнозыңыз:
1. Жатыр денесінің эндометриозы
2. Дисфункциональды жатырдан қан кету +
3. Жатыр фибромиомасы, қан кету
4. Жатыр денесінің қатерлі ісігі
5. Жатыр мойнының қатерлі ісінгі
218. Науқас 50 жаста, бір жыл бойы менструальды циклдың 2-3 ай кідіргенін, бұзылуын байқайды. Екі апта бұрын жыныс жолдарынан қанды бөлінділер пайда болып, жалғасуда. Алдын-ала қойылған диагноз –климактериялық дисфункциональды жатырдан қан кету
Дәрігер тактикасы:
1. Жатыр мойнының биопсиясы және гистологиялық зерттеу
2. Цервикальды канал мен жатыр қуысын бөлек-бөлек қыру және гистологиялық зерттеу +
3. Гемостатикалық, утеротоникалық терапия
4. Қосалқыларымен бірге жатыр ампутациясы, гистологиялық зерттеу
5. Қосалқыларымен бірге жатыр экстирпация, гистологиялық зерттеу
219. Субмукозды миоманың бір белгісі:
1. Гиперполименорея +
2. Аменорея
3. Диспареуния
4. Жанаспалы қанды бөліністер
5. Көп мөлшерде ақ бөлінділер
220. Эндометриоздың кіші формаларына жатады:
1. Аденомиоз
2. Жатыр мойнының эндометриозы
3. Кіші жамбас гетеротопиясы+
4. Кіндік маңы эндометриозы
5. Аналық бездерінің эндометриозы
221. Ішкі эндометриозға жатады:
1. Құрсақ, жатыр түтіктерінің ампулярлы және истмикалық бөлімдерінің эндометриозы
2. Ішек, несепағар эндометриозы
3. Аденомиоз, жатыр түтіктерінің интерстициальдыбөлімдерініңэндометриозы+
4. Жатыр мойнының эндометриозы, ретроцервикальды эндометриоз
5. Аналық бездерінің эндометриозы
222. Экстрагенитальды эндометриозға жатады:
1. Жатыр түтіктерінің ампулярлы және истмикалық бөлімдерінің эндометриозы
2. Ішек, кіндік эндометриозы +
3. Аденомиоз, жатыр түтіктерінің интерстициальді бөлімдерінің эндометриозы
4. Жатыр мойнының эндометриозы, ретроцервикальды эндометриоз
5. Аналық бездерінің эндометриозы
223. Жатыр денесінің эндометриозын диагностикалауда ең тиімді әдіс:
1. Ультрадыбыстық зерттеу
2. Гистероскопия +
3. Лапароскопия
4. Кульдоскопия
5. Кольпоскопия
224.Құрсақ қуысы ағзаларының эндометриозын диагностикалауда «Алтын» стандарт болып табылады:
1. Ультрадыбыстық зерттеу
2. Гистероскопия
3. Лапароскопия+
4. Кульдоскопия
5. Кольпоскопия
225. Жатыр мойнының эндометриозын диагностикалауда ең тиімді әдіс:
1. Кольпоскопия +
2. Цервикография
3. Ультрадыбыстық зерттеу
4. Лапароскопия
5. Кульдоскопия
226. Жатыр денесінің эндометриозын дәлелдеу үшін менструальды циклдың қай күнінде гистероскопия жүргізеді:
1. 7-8 +
2. 9-10
3. 11-12
4. 14-15
5. 16-17
227. Науқас 37 жаста, гинекологиялық бөлімшеге ішінің төменгі жағының ауру сезіміне, әлсіздікке, тене температурасының жоғарылауына, ішінің кебуіне шағымданып келді. Анамнезінде: аналық безі ісігінің оперативті емінен бас тарту. Объективті: дене температурасы 37,8˚С, тілі құрғақ, АҚҚ 90/60 мм с.б.б., пульс 90 рет минутына, іші кепкен, ауырсынады. Қынаптық зерттеуде: жатыр қалыпты мөлшерде, оң жақта 15х12 см түзіліс анықталады, тығыз эластикалық консистенцияда, беті тегіс, қозғалысы шектелген, ауырсынады. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде: оң жақ аналық безі 12*15 см мөлшердегі түзіліске айналған, іші сұйықтыққа толы және кедергілері бар. Сіздің болжама диагнозыңыз:
1. Аналық безі кистасының аяқшасының бұралуы
2. Тубоовариальды түзілістің перфорациясы
3. Құрсақ асты миоматозды түйін аяқшасының бұралуы
4. Жатырдан тыс жүктіліктің үзілуі
5. Кистома аяқшасының бұралуы+
228. 37 жастағы науқаста оң жақ кистома аяқшасының бұралуы диагностикаланды. Оперативті емнің көлемі:
1. Оң жақ аналық безін алып тастау
2. Кистоманы сылу
3. Кистома құрамын аспирациялау
4. Аналық безінің резекциясы
5. Оң жақ жатыр қосалқыларын алып тастау+
229. Жатырдан тыс жүктілік кезінде эндометрийдегі өзгерістер:
1. Атрофия
2. Пролиферация
3. Безді-кистозды гиперплазия
4. Децидуальды трансформация +
5. Хорион бүрлері
230. Жатыр түтігін гистологиялық зерттеу кезінде түтіктік жүктілікке тән:
1. Атрофия
2. Пролиферация
3. Безді-кистозды гиперплазия
4. Децидуальды трансформация
5. Хорион бүрлері+
231. Жатырдан тыс жүктілікті диагностикалау әдістерінің бірі:
1. Жатыр қуысын диагностикалық қыру
2. Қынаптың артқы күмбезі арқылы құрсақ қуысының пункциясы+
3. Кольпоскопия
4. Гистероскопия
5. Бағытталған биопсия
232. 29 жастағы пациент медициналық түсіктен кейін дене қызуының жоғарылауына, ішінің төменгі жағының ауруын байқаған. Обьективті: температурасы 38,2 0С, пульсі минутына 96 рет, тілі ылғал, ақ жабындымен қапталған, іші жұмсақ, төменгі бөлігі пальпация кезінде ауырсынады, құрсақтың тітіркену симптомы жоқ. Айнамен қарағанда: цервикальды каналдан көп мөлшерде іріңді бөліністер. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны жабық, жатыр денесінің өлшемдері қалыптыдан үлкендеу, консистенциясы жұмсақ, пальпация кезінде ауырсынады, жатыр қосалқылары анықталмайды, күмбездер терең. Сіздің диагнозыңыз?
1. Метроэндометрит+
2. Эндоцервицит
3. Сальпингоофорит
4. Параметрит
5. Пельвиоперитонит
233. 23 жастағы пациент жыныс жолдарынан көп мөлшерде ақ бөлінділерге, қышынуға, қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін аралықтың қышуына шағымданады. Дене қызуы 36,5, 0С, пульс минутына 76 рет, артериалдық қан қысымы 120/80 мм с.б.б. Айнамен қарағанда: қынаптың шырышты қабаты қатты қызарған, сары-жасыл түсті бөлінділер көп мөлшерде, көпіршікті. Қынаптық тексеруде: жатыр мен қосалқылар ерекшеліксіз.
Сіздің алдын ала диагнозыңыз:
1. Кольпит+
2. Пельвиоперитонит
3. Сальпингоофорит
4. Эндометрит
5. Эндоцервицит
234. 23 жастағы пациент көп мөлшерде ақ бөлінділердің бөлінуіне, қышынуға, қорғанбаған жыныстық қатынастан кейін қынаптың күйдіру сезіміне шағымданады. Айнамен қарағанда: қынаптың шырышты қабаты қатты қызарған, сары-жасыл түсті бөлінділер көп мөлшерде, көпіршікті. Алдын ала қойылған диагноз: трихомонадты кольпит. Қабынудың этиологиясын анықтау үшін келесі зерттеулерді жүргізу керек: