ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ «АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ
БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» ММ
|
| РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
АКИМАТ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ ГУ «УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ»
|
030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы, 40
тел: 8(7132) 98-11-41, кеңсе: 98-11-17 2022 жылғы «____»_____________ №___________
Қалалық, аудандық білім бөлімдеріМамандандырылған білім беру ұйымдарыАқтөбе облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 18.11.2022 жылғы №5-15-02/1247-И хатына сәйкес халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында «Қазақстандағы код сағаты» акциясының (бұдан әрі - акция) өтетіні туралы хабарлайды.Іс-шараның мақсаты - оқушылардың ақпараттық технологияларға, соның ішінде қолданбалы бағдарламалауға қызығушылығын арттыру.Акция шеңберінде барлық білім беру ұйымдарында 3-11 сынып оқушылары үшін тақырыптық сабақ (бұдан әрі - Сабақ) өткізу ұсынады.Сабақ ағымдағы жылдың
5-11 желтоқсаны аралығында 3-4 сынып оқушыларына сынып сағаты, ал 5-11 сынып оқушыларына информатика сабағы шеңберінде өтуі тиіс.Мұғалімге көмек ретінде Сабақты өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар дайындалды.Қажетті іс-әрекет:1) Сабақты өткізу бойынша әдістемелік және ақпараттық материалдармен
studycs.kz/hourofcode сайтында танысып, оларды зерделеу;2) 5-11 желтоқсан аралығында өңірлердің барлық мектептерінде 3-11 сынып оқушылары үшін Сабақ өткізу;3) Сабақты өткізу бойынша есепті
(форма сайтта қолжетімді) 15 желтоқсаннан кешіктірмей тапсыру;4) Сабақ өткізуге жауапты мұғалімдерге, мұғалімдер үшін
https://t.me/+Q5tWKWRqO9FkNTAy сілтеме бойынша орналасқан Telegram-каналға қосылу.
Басқарма басшысы Ж.БатырханОрындаған: Қ.Имангалиев8(7132)981148, 8705 480 83 86