Файл: Блім Айналу денелері жне оларды элементтері Педагогті атыжні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 40
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім: | Айналу денелері және олардың элементтері | |
Педагогтің аты-жөні | Жүніс Н.Қ. | |
Күні: .02.23 | | |
Сынып: 11«А» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Қиық конус және оның элементтері. Қиық конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 11.3.7-қиық конустың бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану; | |
Сабақтың_мақсаты__Барлығы'>Сабақтың мақсаты | Барлығы: негізгі формулаларды біледі; Басым бөлігі: қиық конустың бүйір бетінің ауданын таба алады. Кейбірі: қиық конустың толық бетінің ауданын таба алады. |
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурс |
Сабақ басы | Ұйымдастыру кезені: Сәлемдесу, түгендеу. Үйге берілген тапсырманы сұрау (сұрақ ,жауап) Өткен сабақтардан сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашамыз. 1.Қиық конус дегеніміз не? Қандай фигураны бір қабырғасы арқылы айналдырғанда қиық конусты алуға болады? 2.Қиық конустың элементтерін атаңыз? 3.Қиық конустың жазбасы қандай болады? 4.Қиық конустың бүйір бетінің ауданы деп нені айтамыз? 5.Қиық конустың толық беті ауданы деп нені айтамыз? 6.Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай болады деп ойлайсыздар? Мұғалім оқушылардың жауаптарын тексеріп отырады. Есеп: Тікбұрышты трапецияның кіші бүйір қабырғасынан айландырғанда пайда болған қиық конустың бүйір беті мен толық бетінің аудандарын табыңыз. Егер трапецияның табандарының өлшемі сәйкесінше 3 см, 5 см және биіктігі 6 см болса. Жауабы:16√10 π см2; 50√10 π см2 | Амандасады, тізім айтады. Қойылған сұрақтарға жауап береді. 1.Конустың табаны мен осы табанына параллель жазықтықпен қимасының арасындағы бөлігі қиық конус деп аталады.Трапеция. 2. Екі табаны, биіктігі, жасаушысы. 3.Дөңгелек секторы және табан дөңгелегі. 4.Қиық конустың бүйір бетінің ауданы деп табан шеңберлерінің ұзындықтары қосындысының жартысы мен жасаушысының көбейтіндісін айтамыз. 5.Қиық конустың толық беті ауданы деп оның бүйір бетінің және табандары аудандарының қосындысын айтады. 6.Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты, қиық конусқа қатысты есептер қарастырып, шығару болады деп ойлаймын. Орындарында есеп шығарады.Болған соң талқылау жүргізеді. | Дескриптор: ауызша бағалау Дескриптор: 1.Сызбасын салу. 2.Берілгенін жазу. 3.Формулаларды қолдану, есептеу. Бағалау: жұптар шығарған есептерінің жауаптарын басқа жұптармен салыстырып, бір-бірін бағалайды. | Жұмыс дәптері тақта |
Сабақ ортасы | Жеке орындауға тапсырмалар. 1.Қиық конустың жасаушысы, биіктігі, үлкен табанының радиусы сәйкесінше 26 см-ге, 24 см-ге, 22 см-ге тең. Осы конустың бүйір бетінің ауданы мен толық бетінің ауданын табу керек. Жауабы: 884π см2; 1512π см2 2.Қиық конустың кіші табанының радиусы 5-ке, биіктігі 6-ға, ал кіші табанының центрінен үлкен табынының шеңберінің бойына дейінгі қашықтық 10-ға тең. Қиық конус пен толық конустың бүйір беттерінің ауданын табыңыз. Жауабы: 39√5 π см2; 64√5 π см2 Көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасайды. Жұптарға тік бұрышты параллелепипедтің, төртбұрышты пирамиданың, дұрыс конустың және қиық конустың жазбаларын дәптерлеріне салу тапсырылады. | Тақтаға бір оқушы шығады, қалғандары орындарынан шығарады. | Дескриптор: 1.Сызбасын салу. 2.Берілгенін жазу. 3.Формулаларды қолдану, есептеу. Бағалау: тақтада көрсетілген жауаптар бойынша әр оқушы өзін- өзі бағалайды Бағалау: салған сызбаларын басқа жұптармен алмастыру арқылы бірін-бірі бағалайды. | дұрыс жазба көрсетіледі |
Сабақ соңы | Бағалау. Рефлексия. «Ашық микрофон» әдісі Үйге тапсырма. 1. Қиық конустың осьтік қимасы бүйір қабырғасы 13 см, ал табандары 12 см және 22 см болатын тең бүйірлі трапеция болады. Осы конустың толық бетінің ауданын табыңыз. Жауабы: 378π 2. Қиық конустың табандарының радиусы 12 см және 9 см, ал жасаушысы табан жазықтығымен 450 бұрыш жасайды. Биіктігін табыңыз. Жауабы: 3 см 3.Қиық конустың табандарының радиустары 2:5 қатынаста. Конустың жасаушысы см және ол табан жазықтығына 45° бұрышпен көлбей орналасқан. Конустың осьтік қимасының ауданын табыңдар. Жауабы: 84 см ². | Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. | | тақта |