ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 13
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартында мектепке дейінгі ұйымдарда зияткерлік,тұлғалық,әлеуметтік және эмоционалдық дамуымен тұлға қалыптастыру басты міндет болып берілуде.Жалпы мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу мен оқыту процесінде педагогикалық білімі бар тәрбиешілер қатысады,десек те осы педагогтарға бағыт беріп,жаңашыл әдістерді таныстырып,білім сапасын арттыруда әдіскердің алатын орны зор.
Әрбір ұжым,тіпті әр педагог педагогикалық процесте инновациялық,яғни жаңашыл идея беруге құқылы.Ал,әдіскер жаңа идеяларды іздестіріп,жүзеге асыратын бірден-бір құзыретті тұлға.Республикамызда білім беруді дамыту қазіргі кезде оқытудың дәстүрлі түрінен инновациялық үрдістерге ауысатын өтпелі кезеңінде және «инновация» ұғымы соңғы жылдардың ішінде білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасауы,меңгеруі,қолдануы және таратуға байланысты бір бхөлек қызметі тұрғысынан түсіндіріледі.
Қазақстанның бүгінгі білім беру жүйесінде жаңа инновациялық бағытты игерген ,нақты тәжірибелік іс-әрекетте өзіндік даңғыл жол салуға икемді,шығармашыл ,зерттеуші педагогтар аса қажет, Осы сипаттағы педагогтың ең алдымен инновация туралы түсінігі болуы қажет.Қазіргі педагогикада инновация –білім беру,тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу,яғни жаңа әдіс-тәсілдерді амалдарды,құралдарды ,жаңа тұжырымдарды жасап,оларды қолдану ретінде анықталады.
Әдіскердің әдістемелік жұмысының сипаты.
Әдістемелік жұмыстың мақсаты ұтымды әдіс-тәсілдерді игеру,балаларды тәрбиелеу,оқыту мен дамыту,білім бееру үрдісін ұйымдастыруда педагогтардың әдістемелік дайындығын көтеру,тәжірибе алмасу,педгогикалық озық тәжірибені насихаттау.Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін нәтижелі ұйымдастыру басты міндеттердің бір,ал жалпы педагогикалық қызмет әдістемелік жұмыспен тікелей байланысты.
Әдістемелік жұмыстың өз алдына нақтыланған формалары,әдіс-тәсілдері бар.Әдістемелік жұмыстың формаларына тоқталар болсақ,ол жүйелі және эпизодтық,топтық және жеке деп жітеледі.Барлық әдістемелік жұмыс формасы педагог қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейін,теориялық білімін,тәжірибесін,еңбек тілін,санатын ескере отырып ұйымдастырылады.Ьіздің алдымыздағы мәселе балабақшадағы дәстүрлі әдістемелік жұмысты инноваиялық бағытта жаңарту,педагог мамандардың,тәрибешілердің педагогикалық кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Әдістемелік жұмыстың бағыттары бір-бірімен тығыз байланысты және педагогтардың теориялық деңгейін,біліктілігін,кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етеді.
Педагогикалық процесс тәрбиешінің келесі бағыттаушы рөлін қарастырады:
1.Ғылым мен практиканың сабақтастығы.
2.Педагогикалық процесті болжау,жобалау және құруды.
3.Педагогикалық қызмет нәтижесінің обьективті диагностикасын жүзеге асыруды көздейді.
Жалпы мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық білімі бар педагогтар жұмыс жасайтыны баршаға мәлім,бірақ осы мамандарға жаңашыл әдістерді таныстырумен қатар,оны тәрбие мен білім беруде сапалы қолдануды талап етіп,қадағалау осы жұмыстың нағыз шебері әрине әдіскер болуы керек.Әдіскер алдына лауазымдық міндет алып танысқаннан кейін,жұмыс бастамасының алғашқы күндерінен бастап алдына нақты жоспар құра білуі керек.Өз тәжірибемде әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың қыр-сырын,әдіс-тәсілдерін түсініп,бағытын алға қою болды.Бұл бағыттың жолы тек ізденіс пен шығармашылықты және тынымсыз еңбекті талап етеді.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру принциптер сапасына, кәсіптік әрекетті жетілдіру мақсатында (Л.И.Ильенко) анықтамасы бойынша:
· Өзектілік принципі,теория мен практиканың бірізділігі РК «Білім беру Заңының» жүзеге асырылуы
· Ғылыми принципі, педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесінде қазіргі ғылыми жетістіктердің сәйкес келуі
· Жүйелік және кешендік принциптері, әдістемелік жұмыстың жүзеге асыруының бірізділік жүйе ретінде қарауын,
· Бағыттылық ,бірізділік,сабақтастық,үздіксіз принциптері. Әдістемелік жұмыстың үздіксіз білім беру жүйесінің бөлігі, жыл бойы педагогтарды әдістемелік жұмыстың түрлі әдістерімен қамту
· Жұмыс жағдайының жасау принциптері - моральдық, психологиялық,гигиеналық, педагогтардың шығармашылық әрекетіне уақыт бөлуі
· Оперативті,икемді,тез әрекет жасаушы принципі, педагоготардың жеке қасиеттерін ескере отыра әдіскерлерден білім беру ақпараттарды тез қабылдау және тарату
· Педагогтардың өз білімдерін көтеру принципі, теория және практика
жағынан біліктіліктерін арттыруға көмек, педагогикалық жұмыстың нәтижесін көтеру
· Креативтілік принципі, әдістемелік жұмыстың шығармашылық мінездемесі,білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмыстың жүйесін жасау.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидалары
Әдістемелік қызметті қайта өзгертуді тәжірибе арқылы іске асыру, оның өмірмен байланысы, маңыздылығы. Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың барысында жаңа жағдайда қоғамның әлеуметтік тапсырмасын және ұстаздар ұжымына жақын мәселелерді есепке алу керек.Әдістемелік жұмыстың ғылымилығы. Аудандық деңгейдегі мұғалімдердің мамандығын көтеру жүйесі қазіргі ғылым жетістіктеріне бағыт ұстауы тиіс.
Әдістемелік жұмыстың жүйелілігі. Жүйенің тұтастығы, мақсат, міндет, мазмұн мен әдістің бірлігі тиімді нәтижеге жетудің көрсеткіші болмақ. Әдістемелік жұмыстың кешенді сипаты. Мұғалімдердің мамандығын арттырудың барлық жақтарының өзара байланысты негіздерін, бірлігін сақтау керек. (жеке әдістер, дидактика, тәрбие ілімі, психология, физиология, педагогикалық әдеп және жалпы мәдениетті дамыту мәселелері бойынша). Жүйелік, бірізділік, сабақтастық, үздіксіздік, көпшілдік. Оқу жылының барысында мұғалімдерді оқу түрлерімен толық қамту, әдістемелік жұмысты үздіксіз білім алу жүйесінің бөлігіне айналдыру қажет. Әдістемелік жұмыстың шығармашылық сипаты, мұғалімдердің зор белсенділігі. Әрбір мектепте мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстың өзіндік жеке жүйесін жасау, мұғалімдердің шығармашылық ізденісіне жағдай туғызу арқылы ынталандыру.
Әдістемелік жұмыстың нақтылығы. Мектеп пен мұғалімнің нақты ерекшеліктерін есепке алу, мұғалімдерге жекелеген амал, әдістер қолдану. Мұғалімдердің мамандығын арттыруда әдістемелік жұмыстың басты, маңызды бағыттары. Мұғалімдердің мамандығын көтеруде және олармен жұмыс жүргізу түрлерінде маңызды бағыттар мен мәселелерді іздестіру. Әдістемелік жұмыстың барлық бағытындағы ілім мен тәжірибенің бірлігі. Бұл – бір кезде екі қажетсіз, шектен шыққан мәселеге қарсылық: ілімнің мәні мен маңызын бағаламауға (ең алдымен – психология- педагогика) және әдістемелік жұмыстың орынсыз ілімдік тұрғыда баяндалуына, оқу-тәрбие жұмысында тәжірибе мәселелері мен ілім арасындағы алшақтыққа қарсы болу.Әдістемелік жұмыстың икемділігі, ептілігі, тез орындалуы. Мектеп жұмысының айқын өзгеріп отыратын жағдайын есепке ала отырып, қажетті жағдайда әдістемелік жұмысты икемді және басқаша құра білу керек.
Әдістемелік жұмыстың ұжымдық сипаты. Әдістемелік жұмыстың ұжымдық сипаты - жалпы мектептік, жекелей, міндеттілік пен еріктілік пен әдістемелік түрлері мен мұғалімдердің өз бетімен білім алуын саналы үйлестіру. Әдістемелік жұмыс пен мұғалімдердің шығармашылық ізденісінің нәтижелі болуы үшін қолайлы жағдайлар жасау. Материалдық , рухани-психологиялық , денсаулық жағдайлар мен мамандықты көтеру үшін өздігінен жұмыс істеуіне бос уақыттың болуы.