ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Ақжайық ЖОББМ Экономикалық география Мұғалімнің аты-жөні: Космагулова Лаззат Әлеуметтік- экононмикалық ресурстар Зинуллиевна Күні: Қатысқандар: Қатыспағандар: Сынып: 8 | |
Тақырыбы | Экономикалық инфрақұрылым элементтері және функциялары. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес) | 8.5.2.1 Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде экономикалық инфрақұрылымның элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді |
Сабақтың мақсаты | Экономикалық инфрақұрылымның элементтері мен функцияларын сипаттап, түрлері бойынша топтайды; Көлік жүйесінің даму дәрежесі аймақтың даму деңгейін көрсететінін талдайды; Қазақстандық коипонентті қосымша қамту негізінде экономикалық инфрақұрылым элементтерінің маңыздылығына баға береді |
Бағалау критерийі | Қолдану. Экономикалық инфрақұрылым элементтерін топтастырады; Талдау. Көлік кешені дамыған көшбасшы елдерді анықтап, талдайды; Бағалау Экономикалық инфрақұрылым элементтерінің маңыздылығына баға береді; |
Тілдік мақсаттар | Оқылым: сабақ барысында оқулық мәтіні мен ресурстарды оқып, танысады,географиялық карталарды оқиды және талдайды. Айтылым: ауызша және жазбаша сөйлеу нормаларын сақтай отырып ойларын жинақы және еркін жеткізеді. : Диалогқа / жазылымға қажетті тіркестер Инфрақұрылым дегеніміз. ..... Оның элементтеріне/салаларына ...... жатады. Қазақстанда инфрақұрылымның........ түрлері дамыған. Экономикалық инфрақұрылымға қатысты географиялық терминдердің дұрыс айтылуы мен жазылуын біледі. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Инфрақұрылым, көлік жүйесі, байланыс жүйесі, «көлік дәліздері» «,контейнерлік көпірлер». |
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары,қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, ынтымақтасытық, ашықтық және өмір бойы оқып үйрену |
Пəнаралық байланыс | Физика- көлік жылдамдығы,жүк көтерімділігі,жүк және жолаушы тасымалының мөлшері, көлік жолдарының ұзындығы, Тарих- көлік және байланыс кешендерінің даму кезеңдері; Информатика- интернет жүйесі, телекоммуникациялар, компьютерлік байланыс, мультимедиа. |
Алдыңғы білім | Алдыңғы сыныпта алған біліімі бойынша «7.5.2.1. »көлік инфрақұрылымының элементтерін анықтап, маңыздылығына баға береді |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Дереккөздер, ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5мин | Ұйымдастыру бөлімі Амандасу, оқушылармен жағымды орта қалыптастыру. «Тілек айту» оқушылар бір-біріне ең жақсы тілектер айтып, мейіріммен бөліседі. Қызығушылықты ояту. «Кинометафора» әдісімен сабақ тақырыбына қатысты ақпаратты бейнематериал арқылы көрсетіп, жаңа сабақты ашу. Оқушылар бейнесюжетпен танысады.Бейнесюжетттен үзінді көру арқылы баланың өз ой-пікірлері қалыптасады.Көрсетілген бейнебаяннан сынып болып талқылайды. 1. «Дүние жүзінің көлігі» бейнебаянына шолу жасаңыз. 2. «Қазақстанның көлік кешені» бейнебаянын көргендерің бойынша Қазақстанда дамыған көлік түрлерін атап шығыңдар . Қалыптастырушы бағалау «Мадақтау сөздер» /Бұл оқушылардың белсенділігін қалыптастырады. Жарайсың!” ,“Тамаша!” Тақырыпты жариялау,сұрақ қою арқылы бұрынғы білімдерін айқындау. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылар мен бірге талқылау.
| Интербелсенді тақта www.twig-bilim.kz бейнематериал | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| Жеке жұмыс «Кестені зерделе» әдісі Тиімділігі: бұл әдіс бойынша оқушылардың жеке жұмыстану дағдылары қалыптасады.Тапсырма бойынша берілген инфрақұрылым түрлерін экономика салаларына бөледі. Кестемен жұмыс жасай отырып инфрақұрылым түрлерін ажыратып жазады. Фабрика, балабақша, ЖЭС, жолаушылар тасымалдайтын автокөлік, дәріхана, мәдени орталықтар,кітапхана, мұнай платформасы
Қалыптастырушы бағалау. «Дәптер алмасу» әдісімен бірін-бірі бағалайды.Бұл қасындағы оқушымен бірін- бірі бағалауда тиімді. Оқушылар қарым қатынасын жақсартып бір –бірімен салыстыруға мүмкіндік береді. Саралау: дереккөздер және тапсырма арқылы жүзеге асады. 2-тапсырма. «Ойлан жұптас» әдісі. ( жұптық жұмыс) Тиімділігі:бұл әдіс арқылы берілген мәтінмен танысады, оқиды, жұптасады,ой бөліседі, талқылайды. Оқушылар өз ойларын ашық айта алады. Өз пікірін білдіріп, талқылайды жұппен жұмыс жасайды. Дүниежүзінің көлік жүйесі картасын және қосымша деректерді пайдаланып , жекелеген көлік түрлерінің ұзындықтары бойынша көшбасшы елдерлі анықтаңдар ( 5-6 ел мысалында):
Оқушыларды төрт топқа бөлу. __________________________________
Қалыптастырушы бағалау «Бағдаршам» әдісімен оқушылар өзін-өзі бағалайды - Жасыл-«өте жақсы», сары-жақсы, қызыл-түсінбедім. 3 –тапсырма. Топтық жұмыс «Топтас, талқыла,бөліс» әдісі. Тиімділігі оқушылардың оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары қалыптасады, өз ойын ашық айта алады. Бұл әдіс арқылы оқушылардың бүгінгі алған білімдерінің қаншалықты деңгейде екенін білу. Оқушыға сұрақ қою арқылы ой өрісін дамытады, оқушылар өз ойын еркін жеткізеді. Түсінбеген оқушыларды анықтайды. Қазақстанның инфрақұрылымының дамуына баға беру 1-топ. Қазақстандағы дамыған көлік түрлері, олардың жүк және жолаушы тасымалындағы орны. 2-топ. Әрбір көлік түрлерінің ерекшеліктері, атқаратын қызметі. 3-топ.Маңызды көлік магистральдары, олардың ел шаруашылығындағы маңызы. 4-топ.Еліміздегі көліктің даму блашағы мен қоршаған ортаға әсері
Қалыптастырушы бағалау «Екі жұлдыз бір ұсыныс» әдісі бойынша топтар бір-бірін бағалайды. Бұл әдіс оқу туралы ойлануға және түсінуге көмектеседі, оқушыларға үздік жұмысты көруге және орын алған түсінбеушілікті шешуге, олқылықтарды анықтауға, оқушылардың ойларын бағыттауға мүмкіндік беретіндіктен таңдадым | Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 8-сынып Дүниежүзінің көлік жүйесі картасы,атлас, энциклопедия Ресурстар (1) Ресурстар( 2) | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Үйге тапсырма: Қазақстан жері арқылы өтетін көлік дәліздерінің біреуіне қысқаша хабарлама әзірлеу. Кері байланыс «Тамаша идеялар әдісі» арқылы оқушылар ақпараттар береді Мен үшін жаңа болған 3 ақпарат Назарымды аудартқан 1 мәселе Менің білгім келетін Ақпарат | Рефлексиялық парақшалар |