Файл: Магнит рісі бліміне арналан жиынты баалау жмысы і нса 1. Магнит индукциясыны лшем бірлігі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.12.2023
Просмотров: 83
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Магнит өрісі» бөліміне арналған жиынтық бағалау жұмысы
І нұсқа
№1.Магнит индукциясының өлшем бірлігі:
A)Дж B) Вб С)Н/м D) [1]
№2.Суретте өткізгіш бойымен жүріп жатқан ток бағыты көрсетілген. С нүктесіндегі осы өткізгіш тудыратын магнит өрісінің бағытын анықтаңыз.
A. Сурет жазықтығында жоғары қарай
B. Сурет жазықтығында төмен қарай
C. Сурет жазықтығына перпендикуляр бізден ары қарай
D. Сурет жазықтығына перпендикуляр бізге қарай
[1]
№3.Ұзындығы 1см түзу өткізгіш біртекті өрістің индукциялық күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан. Магнит индукциясы 10мТл болғанда, өткізгіш арқылы 1А ток өтеді. Онда ол өткізгішке қандай күшпен әрекет етеді? [2]
№4. Дұрыс жауабын жазыңыз [3]
№ | Тұжырым | Дұрыс жауабы |
1 | Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтайтын ереже: | |
2 | Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке күштік әсерін сипатттайтын шама | |
3 | Магниттік өрісте қозғалатын зарядталған бөлшекке әсер ететін күш | |
№5
Электрон индукциясы 2 мТл болатын магнит өрісінде радиусы 2 см бұрандалы сызық бойымен қозғалады.Бұранда қадамы 5 см.Электронның жылдамдығын табыңдар. [4]
№6
а) Магнетиктер дегеніміз не? [1]
ә) Берілген заттарды парамагнетиктер мен диамагентиктерге бөліп жазыңыз
алюминий, платина,мыс, мырыш,вольфрам, сутек [3]
Парамагнетиктер | Диамагентиктер |
| |
Барлығы-15 балл
«Магнит өрісі» бөліміне арналған жиынтық бағалау жұмысы
ІІ нұсқа
№1 Заттардың магнит өтімділігі қалай анықталады?
A) B) С)
D) [1]
№2.Суретте өткізгіш бойымен жүріп жатқан ток бағыты көрсетілген. С нүктесіндегі осы өткізгіш тудыратын магнит өрісінің бағытын анықтаңыз.
A. Сурет жазықтығында жоғары қарай
B. Сурет жазықтығында төмен қарай
C. Сурет жазықтығына перпендикуляр бізден ары қарай
D. Сурет жазықтығына перпендикуляр бізге қарай
[1]
№3. Өткізгіштің белсенді бөлігінің 5 см ұзындығына 50 мН күш әсер ететін болса,магнит өрісінің индукциясын есептеңдер.Өткізгіш магнит өрісі индукциясы векторына перпендикуляр орналасқан. [2]
№4. Дұрыс жауабын жазыңыз [3]
№ | Тұжырым | Дұрыс жауабы |
1 | Ампер күшінің бағытын анықтайтын ереже | |
2 | Магнит өрісінің сипаттамасы болатын шама | |
3 | Тоғы бар өткізгішке әсер ететін күш | |
№5
Заряды 3,2 *10-19 болатын бөлшек индукциясы 0,1 Тл біртекті магнит өрісін тудыратын циклотронда үдетілген. Бөлшекті ұдету жиілігі 6 МГц.Бөлшектердің радиусы 2 м шеңбер бойымен қозғала бастаған мезеттегі кинетикалық энергиясын табыңдар. [4]
№6
а) Ферромагнетиктер дегеніміз не? [1]
ә) Берілген заттарды парамагнетиктер мен диамагентиктерге бөліп жазыңыз
азот, оттек, платина, висмут, шыны, вольфрам, инертті газдар [3]
Парамагнетиктер | Диамагентиктер |
| |
Барлығы-15 балл