Файл: Реферат орындаан абылдаан Алматы 2023 Оушыларды физиологиялы дамуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 27

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

МФжИ институт кафедрасы

РЕФЕРАТ

Орындаған:

Қабылдаған:

Алматы 2023

Оқушылардың физиологиялық дамуы

Витаминдер және олардың физиологиялық маңызы. Авитаминоздар. Гипо- және гипервитаминоздар
Витаминдер – ерекше органикалық заттар. Адам  олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің  организміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер организмнің  тіршілік  қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, организмнің жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдығады. Витаминдер өсімдік  пен жануар өнімдерінен алынатын азық – түліктерде  болады. Адам әр түрлі тағам ішу  арқылы  өзіне қажетті  витаминді  алып отырады.

Витаминдер латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленіп,физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай 2 топқа бөледі:

  1. Суда еритіндер (С, Р, РР және В тобының витаминдері);

  2. майда еритіндер (А, Д, К, Е).

А - витамині (ретинол) организмнің өсуіне және дамып, жетілуіне әсерін  тигізеді. А витамині жетіспесе,адам қараңғыда көзі көрмейтін ақшам соқыр ауруына шалдығады. Ол организмнің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А витамині – балық  бауырында, теңіз  алабұғасында, сары майда, сәбізде, қызанда, т.б. болады.

В - витаминінің түрлері өте көп: В1, В2, В6, В12. Сондықтан оларды В витаминдер тобы деп атайды. В тобының  витаминдері зат алмасу,көптеген ферменттік реакцияларды реттейді. В1 витаминінің(тиамин) жетіспеуі сал ауруы (бери-бери ),жүрек ауруына шалдықтырады. В2 (рибофлавин)  жасушаның энергия алмасуын реттейді.Егер жетіспесе көз жанарының бұзылуына әкеліп соқтырады. В6 (пиридоксин)нәруызбен майлар алмасуына қажет.В 12  (цианокобаламин)  витамині жілік майында қызыл қан түйіршіктерінің жетіліп, қанға түсуіне және оттекті тасымалдауға әсер етеді. Бұл витамин жеткіліксіз болса,  қаназдық ауруы пайда болады. В15  витамині – жүрек қан тамырларының  жұмысына әсер етеді.


С - витамині (аскорбин қышқылы) организмнің түрлі жұқпалы ауруларға  қарсы тұруын  арттырады, сүйек  пен тістің  мықтылығын жақсартады. Ол организмге  қыста және көктемде  көбірек қажет. Бұл витамин организмде  жеткілікті болу үшін – көкөніс  пен  жеміс-жидектерді, ашыған қырыққабатты  тағамға көбірек  пайдаланған  жөн.

Д - витамині  (кальциферол)организмде  күн сәулесінің әсерінен  түзіледі. Бұл витаминнің  жетіспеуінен жас нәрестелер  мешел ауруымен  ауырады. Мешел ауруымен ауырғанда – баланың ұйқысы  нашарлап , қаңқасы  дұрыс қалыптаспайды, аяқ  сүйектері  қисайып, басы мен іші  үлкен  болады. Бұл аурудан сақтану  үшін  бала таза ауада, күншуақта көбірек  серуендеу керек.

К - витамині  қанның  құрамындағы  қан  ұюға  қатысатын  заттарға әсерін тигізеді. Сондықтан бұл  витамин  жетіспегенде – жарақаттанған  адамның қаны  ұйымай , қан  көп кетеді. К витамині қырыққабатта, қызанда  және  бауырда  болады. Оны ішектегі  микроорганизмдер  түзеді.

Авитаминоз - әлдебір дәруменнің ағзаға жетіспеушілігінен туындайтын ауру. Көктем келгенде біздің ағзамыз тез шаршап, ұйқыға жата кеткісі келіп тұрады, депрессияға тез берілеміз, кейбір жағдайда шашымыз түсіп, ерніміз жарық-жарық болып кетеді. Міне, осы жағдайлар авитаминоз ауруының тууынан болады. 

Көбіне көктем кірген бойда әлсіздікті сезінсек, "Болды, мен авитаминозбын" деген қорытынды шығарамыз. Әлбетте, дұрыс емес. Шын мәнінде авитаминоз өте жаман аурулардың қатарына кіреді. Қазақ ауруларды дауыстап айтудың өзін жаман ырым деп білген. Аурудың алғашқы белгілері білінген бойда, оны бірден жоюға тырысыңыз.

Ағзама қандай дәрумен жетіспейтінін қалай білемін?

Егер ұйқыңыз қашып, тәбетіңіз жоғалса, басыңыз солқылдап ауыра бастаса, ағзаға В1 мен В9 дәрумендері жетіспейді деген сөз.

Есте сақтау қабілетінің нашарлауы, іштің ауруы В12 дәруменінің жетіспеушілігінен туады.

D мен Е дәрумендері жетіспесе, ол бірден байқалмайды. Тез арықтау, терлей беру осы дәрумендердің азаюынан хабар береді. Сондай-ақ, В15, К, РР дәрумендердің аздығын да өздігімізден анықтау қиынға түседі. 

 Авитаминоздан қалай емделемін?

Алтын қағида. Дұрыс тамақтану. Құрамында дәрумендері көп тамақтарды талғап жеңіз. Мысалы С дәруменін  жеткілікті мөлшерде алу үшін күніне 25 стақан таза алма шырынын немесе 4 стақан апельсин не шабдалы шырынын ішу керек. Ал ағзаңызға В1 дәрумені жетіспейтін болса, күн сайын бір келі қара нан мен жарты келі майсыз ет жеген дұрыс. Кальцийдің жетіспеушілігін жойғыңыз келсе, күн сайын 1,5 литр сүт ішкен жөн немесе 300 г. ірімшік жеңіз. 



 Дұрысы - кәдімгі көкөністерден бастаңыз. Әрі оларды сатып алуды қалтаңыз да көтереді. Пияздың құрамында темір, калий басқа да микроэлементтер бар, дәрігерлер ай сайын тамаққа 600-700 грамм пияз қосуы керек дейд.

Сәбіз - ең пайдалы көкөніс. Оның құрамында  В1, В2, В6, С, Е, РР, К дәрумендерімен қатар минералды тұз да бар. Сәбіз көздің көруін жақсартып, терінің жақсаруына әсер ете алады. 

Қызылшаны да көбірек жеңіз. Оның шаршауды басып, депрессиядан құтқаратынын көбіміз біле бермейміз. 

 Дегенмен, авитаминоздың белгілері біліне бастағанда дәрігердің нұсқаулығынсыз көкөністер мен тамақтарды қалай-солай жей беруге болмайды. 

Гиповитаминоз немесе витамин жеткіліксіздігі – түршігерлік ауру, бұл ағзадағы ауыр бұзылуларға әкелуі мүмкін. Бақытқа орай, дамыған елдерде гиповитаминоз соңғы жылдары өте оңай болып келеді, ең аз белгілері бар. Дегенмен, дер кезінде емделместен, бұл жағдай витамин жетіспеушілігіне айналуы мүмкін – белгілі бір дәрумендердің болмауы, бұл мүгедектікке әкелуі мүмкін, кейде науқастың өлімі. Біздің елімізде қарттар мен балалар көбінесе гиповитаминозбен ауырады, ал В1 витаминінің жиі кездесетін тапшылығы бар, B6, С. Гиповитаминозбен кездеседі, есте сақтау керек, бұл мемлекеттің өздігінен емделуіне жол берілмейді, өйткені маман тек нақты анықтай алады, дәрумені жетіспеушілігі дамыған, және тиісті емдеуді тағайындаңыз. Белгілі бір витаминді рұқсатсыз қабылдау арқылы гипервитаминоз пайда болуы мүмкін, бұл сондай-ақ денсаулығының ауыр проблемаларына алып келеді.

Ас қорыту бездері қызметін нейрогуморальды реттелудің жас ерекшеліктері
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.

Асқорыту бездеріне үш жұп сілекйлі бездері, бауыр және ұйқыбез жатады. Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлінетін сөлді арнайы өзектер арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлінетін сөлінің өз атауы бар. Бауырдан-өт, сілекей безінен-сілекей. Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл салада еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі таңда эндоскопия әдісі қолданады.


Адамда асқорыту жолының ұзындығы шамамен 8 - 10 м. Асқорыту жолының қабырғасы Сыртқы қабаты Ортаңғы қабат Ішкі қабат Дәнекер ұлпадан Бұлшықет қабаты Эпителий ұлпасынан тұратын сірқабат түзілген Ішкі қабаты эпителий ұлпасынан тұратын сілемейлі қабықша болып табылады. Сілемейлі қабықшаның жасушалары ішек арнасына сілекей бөледі, ал оның астындағы төменірек орналасқан ұсақ бездер асқорыту сөлін бөліп шығарады. Ішкі қабатта қан тамырлары мен лимфа тамырлары көп. Ортаңғы қабат тамақтың асқорыту жолымен қозғалысын қамтамасыз ететін бірыңғай салалы бұлшық еттен тұрады.

Ауыз қуысындағы ас қорыту, оның маңызы. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақ талады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дәрежесіне сай болады. Егер ас жеткіліксіз шайналса, онның құрамындағы қоректік заттар толық қорытылмайды, сіңуі де нашар болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Сондықтан тамақты мұқият ұзақ шайнайтын адамдарға азғантай тамақ жеткілікті болады да, шала шайнайтын кісіге ондай мөлшер жеткіліксіз болады. Тамақты шайнап, ұсату — ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және үрт қатысады. Тістер тамақты шайнап ұсақтайды, тіл шайналған асты қозғалтып, сілекеймен араластырады да, жұтқыншаққа қарай жылжытады. Нәрестеде тіс болмайды. 4-6 айда баланың алғашқы уақытша, яғни сүт тістері шыға бастайды да, 3 жаста 20 сүт тісі түгел шығады. Сүт тістер ұсақ және борпылдақ келеді. 5 жастан аса баланың сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына тұрақты тістері шыға бастайды. Тұрақты лары 32 тіс, 28 тіс 15-16 жаста, ең соңғы 4 ақыл тісі 20-25 жаста шығады, кей адамдарда одан да кеш шығуы мүмкін.

Жұту. Жұту кезінде арнайы тетіктер ас қоймалжыңының тыныс жолдарына (мұрын қуысы мен кеңірдекке) бармай, өңешке өтуін қамтамасыз етеді. Ауыз қуысында шайналып жұмсарған, жылытылған, сілекеймен араластырылған ас қоймалжыңын тіл көтеріп таңдайға тақап қысады. Ал таңдай доғасы оны жұтқыншаққа қарай ысырады. Бұл кезде жұмсақ таңдай мен тілшік жұтқыншаққа қарай көтеріліп, оның қуысының мұрын бөлімін ауыз бөлімінен бөліп тастайды. Сонда жүтылған ас мұрын қуысына кетпей, өңешке бағытталады. Бұған көмекейдің көтерілуі де көмектеседі. Тілдің түбірі көмей қақпақшасын үстінен басып, көмейді жауып тастайды. Ас қоймалжыңы өңешке қарай қозғалады. Жұтқыншақ көтеріліп, өңештің кіре берісіндегі сфинктер еті босап, өңеш жолы ашылады да, жұтқан ас өңешке кіреді. Өңештің қабырға еттері жиырылып асты қарынға ысырады. Бұл кезде қарынның кіре берісіндегі сфинктер ашылып, асты қарынға өткізеді.


Өңеш. Ауыз қуысында ұсақ талып, сілекеймен араласқан ас қоймалжыңы жұтқыншаққа, одан өңешке өтеді. Өңеш ұзын дығы 22-27 см шамасындағы ұзын түтік. Оның ішкі кілегей қабаты, қатпарланып ас қоймалжыңы өткен сәтте кеңейіп, оны өткізуге бейімделген. Мұнда ас қорытыл майды. Өңештегі ас қоймалжыңы қарынға барып жеткеннен кейін қарындағы астың қорытылуы басталады. Бұл жерде ас қоймалжыңына қарын сөлі әсер етеді. Қарын сөлінің құрамында 0,35-0,5 %-дық тұз қ ы ш қ ы л ы, органикалық заттар мен хлордың, фосфордың натрийдің және күкірттің тұздары болады. Қарын сөлінің 98,5-99 % -су, 0,2- 0,3 % органикалық заттар, қалғандары — тұздар . Қарын сөлінің белсенді рН реакциясы — қышқыл болады. Қарын сөлінің реакциясы тамақтың түріне байланысты, мысалы, ет жегенде сөлдің қышқылы 0,56 %, сүт ішкенде 1,48-0,50 %, нанға 0,45-0,49 % болады. Органикалық заттарға ферменттер, азотты қосылыстар жатады.

Дұрыс тамақтанудың жасқа сай ерекшеліктері. Тұздар мен су алмасуының жас ерекшеліктері
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Дұрыс тамақтану ережелері:

• Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;

• Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;

• Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:

1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.

2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.

4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.

5. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек. 
Кез келген жасуша құрамындағы химиялық қосылыстар арасында мөлшері жағынан алдыңғы орынды су алады. Оның үлесі организм ерекшелігі мен оның мекендеу ортасына, жасушаның сипаты мен оның функционалдық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, сүйек ұлпасының жасушаларында оның үлесі 20%, май ұлпасында — 30%, бұлшық етте — 75%, мидың сұр затында, бүйректе, өкпеде, бауырда, дөнекер ұлпада — 80-85%, даму үстіндегі ұрық жасушаларында — 90%-дан астам, тіпті тіс кіреукесінің құрамында — 0,2% құрайды. Жасуша мен организмнің функционалдық белсенділігі неғүрлым зор болса, соғырлым оның құрамында су мол болады, сондықтан жас үлғая келе организмдегі су мөлшері азая түседі.