Файл: Ашы электр тартылымды монтаждау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ашық электр тартылымды монтаждау


Электр тартылымдарын монтаждау жұмыстары екі сатыдан тұрады:

1.Монтаждау аймағынан тыс жердегі және тікелей монтаждау нысанындағы алдын – ала дайындау жұмыстары;

2.Алдын ала дайындалған арналар мен электр сымдарын өткізу

Ғимаратты жылыту жүйесиндегі электр тартылымдарына ең қолайлы және көп қолданылатыны мыс сымдары.

Жалпы электр тартылымдарына тоқталып кетсек,

Электр тартылым – бұл тартылған сымдар мен кабельдердің жиындығы, оларды бекітетін, ұстап тұратын және қорғайтын конструкциялар мен бөлшектер.

Электр тартылымға күштік, жарықтандыру және оқшауланған орнату сымдарының барлық қимасының қолданылуымен айнымалы және тұрақты токтың екінші реттік тораптары, сондай-ақ, фазалық тарам қимасы 16мм2 дейінгі металл, резина немесе пластмасса қабықшадағы резиналы немесе пластмассалы оқшауламасымен брондалмаған күштік кабельдер жатады. Электр тартылымы электр қондырғыларының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол сымдардан және кабельге қатысты бекітпелерден, ұстаушы және қорғау құрылғылардан тұрады. Ашық электр тартымдарда сымдар кабельдер ғимараттар мен құрылыстардың қабырғаларының, жабындарының және басқа құрылыстық құралмаларының бетімен мынадай тәсілдермен тартылады: ішектерге, тілімдерге, арқан сымдарға, шығырларға, изоляторға бекітілініп, металл не бей металл түтіктердің ішімен; науалардың үстімен; қораптардың, иілгіші металл шлангтердің, электр техникалық іргеліктердің және маңдай- шалардың ішімен және т. б.

Изоляциялайтын тіректер пайдаланылатын электр тартымдарда сымдарды ғимараттың ішкі қабырғалары мен төбелерінде орнатылған шығырлар мен изоляторға, сыртқы қабырғаларына және құрылыстық құралмаларына орнатылған изоляторға бекітеді. Бұл тәсілмен жүргізілетін электр тартым еңбекті көп сіңдіруді керек қылады, ал оның жұмыс істеу мерзімі аз келеді.

Осы себептен кең қолданылмайды.Арқан сымдық электр тартым негізінде өндірістік ғимараттарда және мал қораларында пайдаланылады. Бұл тартымда сымдар және көлденең қимасының ауданы 16 мм2 -ге дейін сауытсыз кабельдар, сондай-ақ көтеріп тұратын арқан сымы бар резенқе не пластмасса изоляциялы арнайы сымдар қолданылады. Арқан сымды арнайы тартқыш не анкерлік құрылғылардың көмегімен құрылыстың не ғимараттың құрылыстық құралмаларына тартып бекітеді. Арқан сымдық электр тартым монтаждық блоктар және түйінділер түрінде зауытта не арнайы шеберханада дайындалып жиналады. Ішектік электр тартым кернеуі 380 В-ке дейін жарықтандырулық және күштік тораптардың магистральдық, таратулық және топтық желілерін жүргізуге қолданылады. Бұл тәсілде сымдар мен кабельдер құрылыстық құралмаларға ұштық және аралық құрылғылармен бекітілген ішекке (болат сымға) ілінеді.


1. Кабельдер мен қорғанышты сымдарды ғимараттардың қабырғалары мен ішкі төбелерінің бетіне тікелей бекітіп, электр тартым жүргізуге болады. Сымдар мен кабельдерді бекітуге бір не екі табанды қапсырмалар пайдаланылады. Қапсырмалар бұрандалы шегелермен, дюбельдермен және т. б. тәсілдермен бекітіледі. Сымдар мен кабельдерді тарамдау және бір-біріне жалғау арнайы қорапшаларда орындалады.

2. Айналаны қоршаған ортаның температурасы 600С-тан аспайтын жағдайда электр тартымды пластмасса (винипласт, полиэтелен, полипропилен) түтіктердің ішімен жүргізуге болады. Түтіктер ашық және жабық тартылады. Түтіктер бір-бірімен муфталардың көмегімен жалғанады. Электр тартымда тармақтау және жалғау жұмыстары арнайы тарамдық қорапшаларда орындалады.

3. Болат түтіктер ішімен жүргізілетін электр тартымдар тек «Электр қондырғыларын құру ережелерінің» талаптарына және жобалық шешімдерге сәйкес жағдайларда қолданылады. Құрғақ және ылғалды үй-жайларда қалыңдығы жұқа, ал басқа үй-жайларда қалыңдығы әдеттегідей болат түтіктер пайдала нылады.