Файл: Трбиелеубілім беру процесіні циклограммасы 10. 0512. 05. 2023.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.12.2023
Просмотров: 19
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ 10.05-12.05.2023 Ортаңғы «Балбала» тобы Тәрбиеші: Абилова К.К | ||||||||||
Апта күндері | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма | |||||
Күн тәртібі | | | 10.05.2023 | 11.05.2023 | 12.05.2023 | |||||
Балаларды қабылдау | Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту) | |||||||||
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | | | Алинурдың балабақшадағы дербес әрекеті жайында ата-анасымен сөйлесу. | Жантөренің анасымен баланың мінез-құлқындағы өзгерістер туралы әңгімелесу. | Аминаның анасымен баланың мінез-құлқындағы өзгерістер туралы әңгімелесу. | |||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | | | "Еңбекке баулу" Мақсат-міндеттер. Ойыншықтарды тәртіпте ұстау: жуу, кептіру, сүрту және орнына қою. | "Еңбекке баулу" Мақсат-міндеттер. Топ бөлмесінде және жатын бөлмеде терезенің ернек тақтайларын дымқыл шүберекпен сүрту. | "Еңбекке баулу" Мақсат-міндеттер. Табиғат бұрышындағы кезекшілікті ұйымдастыру: табиғат мүйісіндегі мекендеушілерді күте білу. | |||||
| | Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу "Күміс жаңбыр". Мақсат-міндеттер. Балаларды М. Мұхановтың "Күміс жаңбыр төгілді" өлеңімен таныстыра отырып, көктем мезгіліне тән құбылыстарды сипаттайтын көркем сөздерді қайталап айтуға үйрету және жаттату; табиғаттың әсемдігін сезіне білу қабілетін қалыптастыру; көркем сөздерді мәнерлеп айтуға дағдыландыру. | Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығулар "Көктем жұмбақтары сөздік жаттығулары". Мақсат-міндеттер. Балаларды затттардың мазмұнын сипаттаушы формасы, жұмбақтармен таныстыру, заттардың не құбылыстардың ерекшеліктері мен қасиеттері жөнінде білімдерінің аясын кеңейту. | Қоршаған ортамен таныстырудан ойын-жаттығу "Аялайықты бақбақты!" Мақсат-міндеттер. Балалардың көктемде өсетін гүл атаулары арқылы көзбен қабылдау мен фонематикалық есту қабілетін, есте сақтау қабілеті мен зейінін және ойлауын дамыту. | ||||||
Таңертеңгі жаттығу | | | Таңғы жаттығу кешені №1 | Таңғы жаттығу кешені №2 | Таңғы жаттығу кешені №3 | |||||
Таңғы ас | Гигиеналық дағдылар Мақсат-міндеттер. Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету. Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу. Көркем сөз Қасықтарымыз біздің, Таңқалдырар барлығын! Қасықтарым сиқырлы, Тауысады тағамды. Міне тағам, міне ас, Қасық түк те қалдырмас! Салт-дәстүр. Наурыз көже Ұлыстың ұлы күні әр үйде пісірілетін жеті дәмнентұратын қасиетті әрі дәстүрлі көже. Бұл көжеден барлық адам ауыз тиюге тиіс және оны әр үй дайындайды. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз) | |||||||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық | | | Сөйлеуді дамыту Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу. Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік! Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік! | Сөйлеуді дамыту "Өз үйіңді тап" дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттер: өз қаласы туралы, ондағы үйдің орны, әртүрлі ғимараттар туралы білімді қалыптастыру; балалардың зейінділігін, байқағыштығын, бірнеше адамның арасынан өз үйін таба білу қабілетін дамыту; балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу қабілеті; балалардың туған жеріне деген қызығушылығын арттыру. Барысы: балаларға бірнеше ғимараттан тұратын суреттер ұсынылады, олар өз үйлерін тауып, жауап іздеуі керек. | Сөйлеуді дамыту Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу. Жарық болсын күніміз, Жарқын болсын үніміз. Елін сүйіп ер жетер, Біз болашақ гүліміз. | |||||
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет | | | Дене шынықтыру Маман жоспары бойынша | | Дене шынықтыру Маман жоспары бойынша | |||||
2- таңғы ас | Тағамның атауын есте сақтауға, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды, ас болсын!" (мәдени-гигиеналық дағдылар) | |||||||||
Серуенге дайындық | Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын: өз бетінше киіну мен шешінуді, тісін тазалауды жетілдіру. Киімдерді жинау, ілу, ересектің көмегімен оларды тазалау, құрғату. Бейнелеу әрекетінен соң құтыларды, қылқаламдарды жуу, үстелді сүрту. | |||||||||
Серуен | Картотека №6 | Картотека №7 | Картотека №8 | Картотека №9 | Картотека №10 | |||||
Серуеннен оралу | Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу. (өзін-өзі басқару дағдылары) | |||||||||
Түскі ас | Гигиеналық дағдылар Мақсат-міндеттер. Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету. Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу. Көркем сөз Қасықтарымыз біздің, Таңқалдырар барлығын! Қасықтарым сиқырлы, Тауысады тағамды. Міне тағам, міне ас, Қасық түк те қалдырмас! Салт-дәстүр. Наурыз көже Ұлыстың ұлы күні әр үйде пісірілетін жеті дәмнентұратын қасиетті әрі дәстүрлі көже. Бұл көжеден барлық адам ауыз тиюге тиіс және оны әр үй дайындайды. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз) | |||||||||
Күндізгі ұйқы | «Шалқан» ертегісін оқып беріп, балаларды ұйықтату. (көркем әдебиет) | |||||||||
Бірте-бірте тұрғызу, сауықтыру шаралары | Жалпақтабандықтың алдын алу мақсатында денсаулық жолдарымен жүру; Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау. Массажды алашалардан өту. (дене шынықтыру, мәдени-гигиеналық дағдылар) | |||||||||
Бесін ас | Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар) | |||||||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | | | Математика негіздерінен ойын-жаттығу "Бау-бақшаны гүлдендірейік". Мақсат-міндеттер. Балаларды екі тең не тең емес заттар тобын саны бойынша салыстыруға және теңдестіруге жаттықтыру; заттар топтамасының біреуіне бір затты қосып немесе алып тастап, екі топтаманы өзара теңестіру, топтаманың бірін аз немесе көп ету тәсілдерін жетілдіру; салыстырудағы өзгерістерді атап айтуға үйрету; зейінді, ойлау қабілетін дамыту. | Мүсіндеуден ойын-жаттығу "Кемпірқосақ". Мақсат-міндеттер. Балалардың көктем құбылыстары туралы түсініктерін тиянақтау, кемпірқосақ түстерімен қайта таныстыру, түстер гаммасы туралы білімдерді пысықтау. | Сурет салудан ойын-жаттығу "Дала гүлдері". Мақсат-міндеттер. Балаларды дымқыл құм бетіне, алақанды батырып, гүлге ұқсас іздер қалдыруға үйрету, саусақпен гүл бүршігіне сабағын, жапырақтарын тиістіріп салуда жаттықтыру. | |||||
Балалармен жеке жұмыс | | | Сөйлеуді дамыту Көктем мезгілінің мнемотехникасына қарап әңгімелесу. | Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет "Гүл" (Тілеуғазы Бейсембеков) Өзім еккен былтырғы Ауламызда гүл тұрды. Мен күн сайын суардым, Ол күн сайын құлпырды. Қайтқанда да ойыннан, Гүл кетпеді ойымнан. Тез өсті де бойы оның, Асып кетті бойымнан. | Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет "Көбелек" тақпағын айтқызу. Бала тілін дамыту. "Көбелек" (Әбен Дәуренбеков) Сен де қудың көбелек, Мен де қудым көбелек, Жүйрік екен керемет, Ұстатпады, не керек?! | |||||
Серуенге дайындық | Мақсат-міндеттері: - киімді дұрыс бүктеп салуға, ілуге, аяқ-киімді түзу қоюға машықтандыру; - өз бетінше жылдам және дұрыс ретпен киіне (шешіне) білуді дағдыландыру; - шкафқа ілінген, қойылған бас киім, киім, аяқ-қиім сияқты заттарды өз орындарын біліп, тәртіпті сақтауды ұстануға тәрбиелеу; - ауа райына сай киінгенін қадағалай білуге, киімді, аяқ-киімді таза ұстауға баулу; - көмек көрсете білуге, алғыс айтуға тәрбиелеу. (дербес әрекет) | |||||||||
Серуен | Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) | |||||||||
Серуеннен оралу | Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу. (мәдени-гигиеналық дағдылар) | |||||||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (қарым-қатынас іс-әрекеті) Мақсат-міндеттер. Диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу. Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өз бетінше қарап, сипаттауға үйрету. Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өз бетінше қарап, сипаттауға, түрлі балалар әрекеттерінде бейнелеген суреттері, бұйымдары бойынша әңгімелер құрастыруға, шығармалардың, ертегілердің қызықты үзінділерін қайталап айтуға, бейтаныс заттар, құбылыстар, оқиғалар туралы ақпаратты талқылауға баулу. Қысқа тақпақтар мен санамақтар, жаңылтпаштарды жатқа айтуды үйрету. Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруді және мазмұнын өз бетінше қайталап айтуды үйрету. Сюжетті эмоционалды қабылдауды, кейіпкерлерге жанашырлық танытуды үйрету. Әдеби шығарма кейіпкерлерінің дауыс ырғағы мен мәнерлігін оларға еліктеп, жеткізуді үйрету. Шешендікке, сөз өнеріне баулу, халық ауыз әдебиеті шығармаларымен таныстыру, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу. Бұрыннан таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтуға, өз бетінше ретімен қайталап айтуға, өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастыруға, ойыншықтар мен заттарды 4-5 сөйлеммен сипаттауға, берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табуға баулу. Музыкалық аспаптармен ойындар. Ертеңгілікке дайындық. (музыка) Балаларды мәнерлеп ән айтуға үйрету, әнді созып, қимылдармен үйлестіріп айтуды қалыптастыру (ре-си бірінші октава шегінде). Қысқа музыкалық фразалар арасында тыныс алуды дамыту. Әуенді таза және сөздерді анық айтуға, музыканың сипатын жеткізе білуге үйрету. Аспаптың сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз ән айтуға баулу (тәрбиешіні көмегімен). Өнер бұрышында жаңа жыл тақырыбында сурет салу, жапсыру, мүсіндеу. (шығармашылық іс-әрекет, бейнелеу іс-әрекеті) Мақсат-міндеттер. Пішінін ескере отырып, ою-өрнекті орналастыру, элементтер бірізділігін, олардың арасындағы арақашықтықтарды сақтау, 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен, киіз үй оның жабдықтарымен, сандық, кебежемен, қоржынмен таныстыру. Геометриялық пішіндерден, өсімдіктерден әзірленген ою-өрнектерді жолаққа бірізділігін ескере отырып, жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына сюжеттік композициялар құру, ұжымдық жұмыстарды орындауда міндеттемелерді өзара бөлісу. Логикалық ойындар, басқатырғыштар, санамақтар, домино ойындары. Пысықтау. (танымдық іс-әрекет, зерттеушілік іс-әрекет) Мақсат-міндеттер. Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және денелерді (куб, шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету, геометриялық пішіндерді көру және сипап сезу арқылы зерттеу, сөйлеуде сын есімдерді қолданып, салыстыру нәтижелерін атау (ұзындау-қысқалау, кеңдеу-тарлау, жоғары-төмен, қалың-жұқа немесе ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы бойынша тең). Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (зерттеу іс-әрекет, қарым-қатынас іс-әрекеті) | |||||||||
Балалардың үйге қайтуы (ата-аналарға кеңес) | | | "Бүгін біз не үйрендік?" ата-аналармен сұхбат жүргізу. | Ата-аналарға балалардың тазалықтарына назар аудару, ескерту. | "Бала тәрбиесіндегі ата-әжелер рөлі" тақырыбында ата-аналармен әңгімелесу. |
Тәрбиеші:___________________ Әдіскер:____________________