Файл: Кмм 20 Орта мектебі Бекітемін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 15

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

КММ «№20 Орта мектебі»

«Бекітемін»

Директордын тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

_________ Бижанова С.Б.

«­­­___»__________2022ж
Сынып сағаты

Тақырыбы:
«Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық»


Дайындаған: Ертаева С.Т

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбиесағаты

«Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Күні

01.09.2022ж.

Сынып жетекші:

Оралханова Ә.Ш.

Сынып: 5Ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы: Эпиграфтар (тақырыпмазмұнынашатын)

«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез... »

Сабақтыңмақсаты:

Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; 


Құндылықтардыдарыту

Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 

Рәсімдеу

Презентация, көрнекілік суреттер

Музыкалықжәнебейнекөркемдеу

Тақта, дыбыстағыш

Үлестірмеліматериалдар

Қалам, қарандаш

Тақырыптықкөрмелер мен ақпараттықстендтер

Презентация, көрнекілік суреттер

Дайындыққаарналғанәдебиет

Интернет материалдары, әдіс-тәсілдер

Сабақтыңбарысы





Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Мұғалімәрекеті

Оқушыәрекеті

Ресурстар

Сабақтыңтехникалыққұрал-жабдықтары

Ұйымдастырукезеңі (7 мин)


Гимн шырқалады.

Білім күнімен құттықтау.

-Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақ басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни балалар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде алғашқы қоңырау соғылады.

Сабақ эпиграфымен таныстыру
Сұрақ-жауап«Сиқырлы қорапша»

1.Қалай ойлайсың, білім не үшін қажет?

2.Білім бізді қайда жетелейді?

3.Адамға білім үшін не керек?
4.Оқу кезінде қандай қиындықтар кездеседі?

5.Болашақта қай маман иесі болғаң келеді және неге?

Гимн шырқалады.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.Эпиграфпен тансады.


Қорапша ішінен сұрақты таңдайды.Сол таңдалған сұрақтарға жауап береді.


Слайд 1, дыбыстағыш

Слайд 2

Слайд 3,


Слайд 4, сұрақтар, қорапша

Сабақ басы (13 мин)


Еліміз бойынша қызықты деректермен таныстыру.

1.Халық саны – 17 202 600 адам. Бұл әлем бойынша 62-ші орын.
2. Қазақстанда шамамен 130 ұлт өкілі бар.
3. Жылқылар алғашқы мәрте қазіргі Қазақстанның аумағында қолға үйретілді.
4. Қазақстан – тюльпан мен алманың отаны.
5. Медеу - әлемдегі ең биік орналасқан мұз айдыны.
6. Мұнай өндіруденде 8 орын алады. 
«Алақан» әдісі

-Балалар, Қазақстанымызды көркейту үшін не жасар едіңдер?


Қызықты деректермен танысады.
Балалар өздеріне керек алақан суретін таңдап, сұраққа жауап беріп тақтада тұрған жазудың айналасына жабыстырып шығады.

Слайд 5

Слайд 6, алақан мөлшерімен кесілген қағаздар, ватман, қалам

Ортасы (15 мин)


2. «Жалғасын тап» әдісі

Балаларға кез келген конвертті таңдау ұсынылады.

Мақал мәтелдер жалғасын табу,мағынасын түсіндіру

1. Еңбегі аздың (өнбегі аз.)

2. Еңбегіне қарай — құрмет,

(Жасына қарай — ізет.)

3. Еңбегімен ер сыйлы,

(Өнбегімен жер сыйлы.)

4. Білегіңе сенбе, (біліміңе сен.)

5. Жеті жұрттың тілін біл,

(Жеті түрлі білім біл.)

6.Отандысүю — (от басынанбасталады.)

7.Пәленжерде алтын бар,
(Өз  жеріңдейкайда бар)


Балалар өздеріне ұнаған конвертті таңдап,мақалдардың бас жағын конверттің ішінен алып, жалғасын тақатада тұрған көрнекіліктен іздейді. Мақалды тауып, мағынасын түсіндіреді.




Слайд 7, мақал жасырылған конверт, көрнекіліктегі мақалдың жалғасы


Соңы (5 мин)

Кері байланыс

3. «Менің саяхатым» тақырыбы бойынша

«6 жапырақша» әдісі

1.Жаз сенің есіңде несімен қалды?

2.Келесі жазды қалай елестетесің?

3.Осы жазда ойыңдағы нәрсені жүзеге асыра алдың ба?

4.Осы жазда қай жақтарға саяхаттадың немесе қыдырдың?

5.Осы жазда есіңде қалған ерекше сәтті баянда.

6.Осы жаз сені несімен қызықтырды?

7.Болашақта жазда қай жаққа саяхат жасағың келеді және неге?

Стикер таратылады, оқушылар әсерлерімен бөліседі.
Қорытынды

Сонымен балалар, еңбек етпеген адам еш нәрсеге де қол жеткізе алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау болмай еңбек етсек міне сол еңбегіміздің жемісін жейміз. Біздің ең бірінші еңбегіміз ол біліміміз. Міне көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысақ болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен. Сондықтан тек білімді болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге тырысуымыз керек.Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды.

Балалар гүлдің жапырағын таңдау арқылы, берілген сұрақтарға жауап бере отырып, өз демалысындағы қызықты сұрақтарға жауап береді.

Балалар тәрбие сағатынан алған әсерлерін стикерге жазады.

Қоштасады.

Слайд 8, 6 жапырақшамен көрнекілік

Слайд 9, стикер