Файл: халыаралы отбасы кНІ аясында бастауа апарар жол атты облысты ашыТЫтан ткізу байауды ережесі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ» АЯСЫНДА

«БАСТАУҒА АПАРАР ЖОЛ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАШЫҚТЫҚТАН ӨТКІЗУ БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ


    1. Байқаудың мақсаты – өз туған жерінің, отбасының тарихын зерттеу арқылы білім алушылардың танымдық қызығушылығы мен ізденушілік-зерттеушілік шығармашылығын дамыту.

    2. Байқау міндеттері: жеке тұлғалық, отбасылық және ұлттық рухани құндылықтарға қызығушылығын қалыптастыру; отбасылық құндылықтарды, дәстүрлерді бекіту және дамыту; туған жерінің, отбасылық дәстүрлерге деген сүйіспеншілік және сыйластық сезімін тәрбиелеу; дарынды балаларды анықтау және қолдау.

«Бастауға апарар жол» (бұдан әрі – Байқау) мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарыныңбілім алушылары арасында ұйымдастыру және қашықтықтан өткізу ережелері байқауды өткізудің мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.

2.Байқауды ұйымдастырушылар:

2.1. «Оқушылар сарайы» КМҚК, «Сарыарқа дарыны» БҚББ АҒПО қолдауымен өткізіледі.

Байқаудың ұйымдастырушылары ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамын қалыптастырады.

3. Байқаудың қатысушылары:

3.1. Байқауға 4 мен 17 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Байқау келесі жас санаты бойынша жүзеге асады:

  • 4 - 6 жас аралығы;

  • 7 - 10 жас аралығы;

  • 11 - 14 жас аралығы;

  • 15 - 17 жас аралығы;

4. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

  • 4-6 жас аралығы бойынша:

  • «Менің бақытты отбасым» сурет;

  • «Отбасында менің қызметім» фотоколлаж;

  • 7-17 жас аралығы бойынша:

  • «Менің отбасымның тарихы» зерттеу жобасы;

  • «Отбасы және оның дәстүрлері» үздік презентация;

  • «Адам өміріндегі отбасының рөлі» эссе;

  • «Туған жерімнің өлкесі» бейнетаспа.

  • Байқауға мектеп турында жеңіске жеткен үздік жұмыстар ғана ұсынылады;

  • Ұйым бір номинация бойынша үштен көп емес жұмыс ұсына алады. (Мысалы: бірінші жас санатында – бір білім беру ұйымынан 3 – тен аспайтын жұмыс және екінші жас санатында-ұйымнан 4-тен аспайтын жұмыс жібереіледі);

  • Конкурстық жұмыстың ғылыми жетекшісі тек 1 педагог бола алады;


5. Келесі талаптарға сәйкес байқау жұмыстары қабылданады.

1. «Менің отбасымның тарихы» номинациясы бойынша материалдар зерттеу жобалар түрінде қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Жұмыстар компьютерлік терімнің негізгі талаптарына сәйкес А4 форматында, 14 шрифтімен, жоларалық интервалы –бір жол. Ұсынылған электронды материалдың (қосымшасыз) көлемі 5 баспа беттен аспауы тиіс. Олардың нақтылығын растайтын (фотолар, мұрағат құжаттарының көшірмелері және т.б.) материалдар қосымша ретінде ұсынылады.

2. «Отбасы және оның дәстүрлері» үздік презентация» номинациясы бойынша байқау жұмысы Microsoft Office PowerPoint (кез келген нұсқасы) форматында орындалады, (фотосуреттерден, суреттерден, кестелерден) құралған 6 слайдтан артық болмауы керек. Слайд-презентация дикторлық мәтiн немесе музыкамен сүйемелдене алады.

3. «Адам өміріндегі отбасының рөлі»номинациясы бойынша эссенің көлемі А 4 форматындағы 1 беттен аспауы тиіс, аралық жол – 1,5, қаріп – Times New Roman 14.

4. «Туған жерімнің өлкесі» бейнетаспасы 5-минут аралығында болу керек.

5. «Менің бақытты отбасым», «Отбасында менің қызметім» номинациялары бойынша жұмыстар тақырыпқа сай А 4 форматында орындалу керек.

6. Өткізу тәртібі мен шарттары

6.1. Байқау жұмыстары 27.03 мен 09.04.2023 жыл аралағында қабылданады. Қарағанды қаласы ОС – ның №308 кабинетінде өтінім мен жұмыстар қабылданады. (қосымша №1) Сараптамалық қорытындылар қатысушыларға берілмейді. Байқаудың қорытындысы 02.05.2023 жылы белгілі болады.

Қатысушылардың назарына! Барлық өтінімдер мен жұмыстар тек электронды түрде қабылданады.Ұйымдастыру комитеті марапаттау материалдарын электрондық форматта қатысушылардың электрондық поштасына жібереді.

Байқауға қатысу жұмыстарының электрондық нұсқасы ұйымдастыру комитетінің gulshat3361774@mail.ru эл. поштасына жібріледі. Қатысушының жұмысы 1 папкада (архивталған) болуы қажет (жеке –жеке жұмыстарыңызды жібермеңіздер, жоғалып кетуі мүмкін).

6.1 Байқаудың жалпы талаптары:

Басқа адамның және интернет желісінен алынған материалдарды қолдануға қатаң тыйым салынады. Байқауға ұсынылған жұмыстарда: қатыгездік және зорлық-зомбылық көріністерінің суреттері, адамның немесе бір топ адамдардың кез келген түрде қадір-қасиетін кемсітетін ақпарат болмауы қажет. Байқаудың мақсаты мен міндеттеріне сай келетін бір немесе екі номинациядағы жұмыстар қабылданады, бірақ қатысушыдан әр номинацияда бір жұмыстан артық болмауы тиіс.Ұжымдық жұмыстар қабылданбайды.



6.2.Бағалау өлшемдері

6.1.Берілген байқаудың тақырыбы, мақсаты мен міндеттеріне жұмыстың сәйкес келуі тиіс;

- жұмыстың ерекшелігі,

даралығы;

- қызықты,

еліктіргіш

сюжет;

- түсірілімнің сапасы (ашықтық, қарама-қарсылық, фонды анықтап алу немесе оның жайылып кетпеуі);

- жалпы көркемдік қабылдау;

- жұмыста денсаулық сақтау тақырыбының көрсетілуі.

7. Байқауды қорытындылау

7.1.Әр номинация бойынша үш дипломант анықталады.

7.2.Әділқазылар алқасы сараптамалық бағалауда алынған баллдар бірдей болған жағдайда дипломанттар санын арттыра алады.

7.3.Байқау қатысушыларға сертификат берілмейді, тек 1,2,3 орын алған жеңімпаздардың дипломдарын эл.почтаға жіберіледі.

Байланыс телефондары: 8(7212) 567545 E-mail: gulshat3361774@mail.ru

Назар аударыңыз! Байқауға қатысу ерікті түрде жүргізіледі. Қазылар шешімі талқыланбайды!

Қосымша №1

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ» АЯСЫНДА

«БАСТАУҒА АПАРАР ЖОЛ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНА

ҚАШЫҚТЫҚТАН ҚАТЫСУҒА

ӨТІНІМ

Номинация




Автор

(яғни баланың аты-жөні міндетті түрде толық жазылу керек)




Автордың жас мөлшері, сыныбы




Мектептің атауы ( міндетті түрде толық жазылу керек)




Педагогтің (аты-жөні міндетті түрде толық жазылу керек)




Ұйымның мекен-жайы, индексі




Ұйымның телефоны, факсы, e-mail




Педагогтің телефоны, факсы, e-mail