ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.12.2023
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығына сәйкес
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пайыз
Бөлім: | 5.4А Пайыз |
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты | Айтжанов Жамбыл Мажитович |
Күні: | 27.03.23 |
Сынып: | 5 |
Сабақтың тақырыбы | Пайыз |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 5.1.1.16 пайыз ұғымын меңгеру; 5.1.2.33 бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру ; |
Сабақтың мақсаты | - пайыз ұғымын меңгеру - бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыруды үйрену |
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 7 мин | 1. Амандасу. 2. Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен , бағалау критерийлерімен таныстыру. - Үй тапсырмасын тексеру. «Мен саған , сен маған» | - Оқушылар мұғаліммен амандасады, сабақ мақсатымен танысады, Үй тапсырмасын тексереді. | Үй тапсырмасын дұрыс орындаған оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | Оқулық 5 – сынып А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова, «Мектеп», 2017 ж. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 10 мин 10 мин 8 мин | Өткен тақырыптарды пысықтау және жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Жасырын сөз» жаттығуын орындатамын. Сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі сөзді анықтайды. Жауаптар дұрыс болғанда жаңа сабақтың тақырыбы шығатынын айтамын.
1. Ежелгі грек математигі (Пифагор) 2. Статистикалық шама (медиана) 3. Арифметикалық амал (азайту) 4. Бөлшек сызығының үстіндегі өрнек (алым) 5. Онның квадраты (жүз) Жаңа сабақ. Ой қозғау «3 сұрақ» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар қоямын. 1 Не? Пайыз деген сөзді естігендерің бар ма? 2. Не үшін? Пайыз ұғымы не үшін қолданылады деп ойлайсыңдар? 3. Қайда? Күнделікті өмірде пайыз ұғымы қай жерде қолданылады? Оқушылар өз айналасындағы, күнделікті тұрмыста кездесіп жатқан пайызға байланысты мысалдарды атайды. Атап айтқанда, «күнделікті тұтынатын өнім құрамындағы қоспалардың пайызын, дүкендерде заттарға берілген пайыздық жеңілдіктерді, ұялы телефондағы қуаттың пайыздық көрсеткішін, қаржыға байланысты жеке кәсіпкерлік істерде көп қолданылуы» туралы және тағы басқа мысалдар келтіреді. Оқушылардың жауаптарын құптап, пайыз ұғымына түсінік беремін. Кез келген шаманың (санның ) жүзден бір бөлігін «бір пайыз» деп атау қабылданған. Мысалы 1 метрде қанша сантиметр бар? Сонда 1 см 1метрдің қанша қанша пайызын құрайды? 5 см ше? 1%=????/???????????? немесе 1%=0,01 5% оқылуы « бес пайыз» 1% шаманың ????/???????????? бөлігіне тең болғандықтан ,толық шама 100% тең болады. Пайызды бөлшекпен немесе натурал санмен жазу үшін,пайыз белгісі (%)алдындағы пайыз санын 100ге бөлу керек. Оқулықпен жұмыс. Оқушылар жұптасып отырып орындайды. №1087 Пайызды ондық бөлшекпен жазу №1088 Бөлшектерді пайызбен жазу тапсырмаларын орындайды. Жеке жұмыс. 1-тапсырма Сөйлемдерді жалғастырыңыз: а) санның жүзден бір бөлігі... деп аталады. ә) пайыз ... белгісі арқылы жазылады б) 100% деп ... алынады в) санның жартысы санның ... пайызына тең. Топтық жұмыс 2-тапсырма Кестені толтыру тапсырмасын орындатамын.
| Жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Жасырын сөз» жаттығуын сынып болып дәптерлеріне орындайды. Оқушылар 1 Не? Пайыз деген сөзді естігендерің бар ма? 2. Не үшін? Пайыз ұғымы не үшін қолданылады деп ойлайсыңдар? 3. Қайда? Күнделікті өмірде пайыз ұғымы қай жерде қолданылады? Сұрақтарына жауап жазады. Бір-бірлерімен талқылайды. Жаңа сабақты дәптерлеріне қысқаша жазып алады. Оқушылар жұптасып оқулықтағы есептердегі пайызды ондық бөлшекпен жазуды, бөлшектерді пайызбен жазу тапсырмаларын орындайды. 1-тапсырмадағы сөйлемдерді жалғастырады Оқушылар топтасып оқулықтағы есептердегі пайызды ондық бөлшекпен жазуды, бөлшектерді пайызбен жазу тапсырмаларын орындайды. | Дескриптор: - Ежелгі грек математигін біледі. 2 балл - бөлшек сызығының үстіндегі өрнекті біледі. 2 балл - онның квадратын біледі. 3 балл Жалпы балл – 7 балл Дескриптор: - сұрақтарға жауап жазады. 7 балл Бағалау критерийі: Білім алушы пайыз ұғымын орындайды Дескриптор : «Пайыз» ұғымын түсіндіретін сөйлемді жалғастырады. 7 балл Дескриптор: - пайызды ондық бөлшекке айналдырады -пайызды жәй бөлшекке айналдырады. | Оқулық 5 – сынып А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова, «Мектеп», 2017 ж. Оқулық 5 – сынып А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова, «Мектеп», 2017 ж. Оқулық 5 – сынып А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова, «Мектеп», 2017 ж. Оқулық 5 – сынып А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова, «Мектеп», 2017 ж. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Қорытынды жасаймын. Тақырыптың түйіні бір пайыз дегеніміз... Пайызды жай бөлшек немесе ондық бөлшек түрінде жазу үшін... Жай бөлшекті немесе ондық бөлшекті пайызбен жазу үшін.... -Келесі сабаққа жоспар құру үшін оқушылардан БББ кестесі арқылы кері байланыс аламын. | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. БББ кестесін толтырады. | Сөйлемді толық жалғастырған оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. | Ақ қағаз | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы | Үйге тапсырма №1549,1551 Қабілетті оқушыларға №1098,1099,1100 -Үй тапсырмасына бағыт-бағдар беремін |