Файл: Пні аза тілі Сыныбы 6сынып Блімі ылым мен технология жетістіктері Пунктуация.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 31

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 6-сынып

Бөлімі : « Ғылым мен технология жетістіктері Пунктуация »

Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Оқу мақсаты 6.2.5.1 - мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;

6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу. («келісу, келіспеу» эссесі)

Орындау уақыты Білім алушы · Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады. · Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады.

Жоғары деңгей дағдылары 20 минут

Физика және техника XX ғасыр ғылыми-техникалық революция ғасыры деп аталады. Ғылым мен техника саласындағы көптеген айтулы жетістіктер физикаға тікелей байланысты. Сондықтан да техниканың негізі - физика деген пікір берік қалыптасқан. Физика мен техниканың дамуына астрономия, математика, химия, биология сияқты жаратылыстану пәндері де игі әсерін тигізуде. Тарихтан белгілі «Әлемнің жеті кереметіне» парапар физика мен техникаға байланысты XXғасырдың төрт ғажайып жетістігін атауға болады.

Физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты. Жер қойнауындағы жағылатын отындар (көмір, мұнай, газ, шымтезек, ағаш) қоры жылдан-жылға азайып барады. Міне, сондықтан атом энергиясының көзін табу - адамзат үшін айтарлықтай оқиға болды.

· XXғасырда адамзат физика мен техника жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді.Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі Байқоңыр ғарыш айлағынан 1957 жылы ұшырылды. Адамзаттың тұңғыш ғарышкері Ю.А. Гагарин 1961 жылы Байқоңырдан ұшты. Ғарыштың адамзатқа берері мол. Сондықтан Жер бетін де, ғарыш кеңістігін де ұқыпты пайдаланып, үнемі қорғап отыру - үлкен міндет, жауапты борыш. · XX ғасырдың ғажайыптарының келесісі - лазердің өмірге келуі.

· Адамзат ақыл-ойының төртінші қол жеткен ең ірі табыстарының бірі - кибернетика және оған байланысты электрондық есептеуіш техникасы. Әлемдік деңгейдегі кибернетика мен ақпараттық (информациялық) технология салаларындағы жетістіктер таңдай қақтырады. Мысалы, «жасанды зерде» (интеллект) болып табылатын қазіргі кездегі суперкомпьютерлердің өз бетінше «ойлау» дәрежесі үш жасар баланың ойлау деңгейіне жетіп отыр. Міне, ең басты төрт ғылыми-техникалық ғажайыптар осындай.


Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы адам өмірінің жақсаруына өте үлкен әсерін тигізеді. Десек те, ғылыми техникалық революция адамзат қоғамы мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты қиындататын күштерді дүниеге әкеледі, ал олар қоршаған ортаның бүлінуіне және ластануына әкеліп соқты.

1- тапсырма

Мәтіннен алынған ақпараттарды сәйкестендіріңіз

1. техниканың негізі А. Байқоңыр ғарыш айлағы

2. атом энергиясының көзін табу Ә. суперкомпьютер

3. Тұңғыш жасанды Жер серігі Б. физика

4. жасанды зерде» В. физикамен техника саласындағы

ғажайып жетістіктер

5. «Әлемнің жеті кереметіне»

парапар

С. Жер қойнауындағы жағылатын отындарды үнемдеуге ықпал етеді

2-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып шығып, негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырыңыз.

№ Нақтылау сұрағы

1 негізгі ақпарат 2 қосымша ақпарат 3 көтерілген мәселе

3-тапсырма Мәтіннен сөз таптарын тауып жазамыз.

Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында терең, құр жар бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Жақын елге мәлім ескі ін. Жазға салымнан бері соны екі қасқыр келіп мекен етті. Бұрын итмұрын жанындағы кішкентай алаңда кеңдігі кісі сыйғандай үш үлкен ін болатын. Биыл жас топырағы жағасында дөңкиіп, тағы бір жаңа ін шыққан. Бәрінің ауданы бір, жер астынан қатынасы бар.Бұл қасқырдың ойнағы. Жас шөптер басылып, тапталып қалған. Жақындағы қарағандарда қасқырдың ақ жүндері көрінеді. Қыстан қалған түбіті қазір де әр жерде сөйтіп жұлынып қалып жүр. Ӏндердің орта жерінде екі қалың сасыр шайқалып өсіпті. Қазірде соның түбінде қысқы жүні әбден түлеп болмаған ақ қасқыр жатыр. Бауырында кішкентай көк күшіктері қыбырлайды. Жарқыраған қызулы күн бойын ерітеді. Көзі бір сығырайып ашылып, бір жұмылып қалғуға кетеді. Иіген емшектері жыбыр-жыбыр тартылады. Төбесінде сасыр шайқалып ырғалады. Маңайдағы қараған мен итмұрын бастары қозғалақтайды.Бір мезгілде бас жағынан сатыр-сұтыр, сырт-сырт сынған ши, тобылғы, қу шөпшектер дыбысы келді де, есін жиғанша бірдеме қасына тасырлатып келіп қалды. Өзі атып

тұрды... Баурындағы көп күшік шашылып-төгіліп, ұмар-жұмар домалап қалды. Тұрғанда "арс" етіп, азу тістері ақсиып, ырылдай түрегелді.
Дәл сол кезде түп қарағаннан аса бере, алдына жас, қызыл қозы топ ете түсті. Соның артынан секіріп шыққан — көк шолақ. Ентіккен, көбік аққан тұмсығымен ақ қасқырды айнала иіскеп, әр жерін жалап алды. Содан соң жерде үйелеп қалып, тыпырлап жатқан қозыны көре сала — "ырр" етіп бас салды.

1.нақтылау сұрақтарын құрастырады 1 2 Мәтіннен алынған ақпараттарды сәйкестендіреді 1 1 1 негізгі ақпараттарды нақтылау сұрақтары арқылы анықтайды; қосымша ақпараттарды нақтылау сұрақтары арқылы анықтайды; көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады.

эссесі) 3 Эссе тақырыбын ашады; Эссе құрылымын сақтайды. Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады. Нақты 2- 3мәліметті дәлел ретінде ұсынады. 1 1 1 1

Барлығы 8