ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.12.2023
Просмотров: 28
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспары
Бөлімі: | Электромагниттік өріс. Электромагниттік толқындар | |
Педагогтің аты-жөні: | Бейсенбай Нұрбақыт Алпысбайұлы | |
Күні: | 22.11.2022 | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Электромагниттік өріс. Электромагниттік толқындар | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 11.5.2.1 - электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсіндіру және олардың қасиеттерін сипаттау | |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар істей алады: электрмагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсіндіре алады және олардың қасиеттерін сипаттай алады. Көптеген оқушылар істей алады: Электромагниттік толқындардың қасиеттерін біледі; Кейбір оқушылар істей алады: Сабақты түсініп есептер шығара алады. | |
Бағалау критерийлері |
| |
Құндылықтарға баулу | Тақырып бойынша меңгерген білімдерін өмірдегі қолдану аймағын, қайда қолданылатындығы және дамытатындығы туралы түсіндіру арқылы өмір бойы білім алу құндылығы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 2 мин. 6мин | Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу арқылы сыныпта жайлы атмосфера орнату. Ол үшін мысалы мұғалім мынадай сұрақ қоюы мүмкін: «Бүгінгі көңіл күйің қалай?» Оқушылар жауаптарын жабысқақ дәптерге жазады және апта сайын оқушылардың көңіл-күйіне бақылау жасалады. Өтілген тақырыпты еске түсіру: Жұптық жұмыс • Оқушылар электр және магнит құбылысына қатысты кем дегенде 10 сөз/терминді табады. • Оқушылар өздері анықтаған сөздер мен терминдерді басқа оқушылармен салыстырады. • Оқушылар өз тізімінде жоқ сөздер мен терминдерді жаттайды. -Мұғалім оқу мақсатымен таныстырады, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар жетістік критерийі және сабақ соңында күтілетін нәтижемен таныстырады. | Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіреді. | Дискриптор: Электромагниттік индукция құбылысын біледі: Жалпы балл -3 | Оқулық 11 – сынып |
Сабақтың ортасы 13 мин | AM (амплитудалық модуляция) нені білдіретінін түсіндіріңіз. Ақпараттар аналогтық немесе сандық түрде берілуі мүмкін. а) Сұрақтарға жауап беріңіз (i) сандық сигнал деген не? …………………………………………………………………… аналогтық берумен салыстырғанда деректерді сандық берудің екі артықшылығы. 1. ……………………………………………………………… 2. ……………………………………………………………… | Оқушылар сұраққа кітап көмегімен жауап береді. | Дескриптор -Дыбыс және электромагниттік толқындарды сипаттады Жалпы балл -2 | Презентация Оқулық 11 – сынып |
Топтық жұмыс 16 мин | 2-тапсырма
Атын атаңыз Y деп белгіленген блоктар, ……………………………………………………………….. Х деп белгіленген блок, …………………………………………………………………… Параллельді-тізбекті түрлендіргіштің қызметін сипаттаңыз. | Оқушылар қатар бойынша топқа бөлініп тапсырманы орындайды. | Дескриптор: •Екі толқынның қасиеттерін біледі Жалпы балл -5 | ДК экраны Жұмыс парағы ДМ |
Сабақтың соңы. Рефлексия 3мин Үй апсырмасы | Оқушыларға нұсқаулық Төмендегі сұрақтарды жұбыңмен пікір алмасып жауап бер: A. Бүгінгі сабақтан қандай маңызды мәлімет алдыңыз? B. Бүгінгі сабақтан алған білімді күнделікті тұрмыста қалай қолданған болар едіңіз? C. Қай тақырыпт игеру оңай болды? D. Егер сізде қиындық тудырған, игерілмей қалған ақпарат болса оны игеруді қалай жүзеге асырар едіңіз? | Нәтижені талдайды. | Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтау әдісі арқылы бағаланады. | ДК экраны Тапсырма орындауға қажетті құралдар. |
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлімі: | 9.2А Жазықтықтағы түрлендірулер |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 9 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Гомотетия және оның қасиеттерін пайдаланып есептер шығару. |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: | 9.1.4.11 гомотетияның анықтамасын және қасиеттерін білу; 9.1.4.12 гомотетия кезінде әртүрлі фигуралардың бейнелерін салу. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар істей алады: Гомотетияның анықтамасын сипаттайтын шамалардың мағынасын түсінеді. Көптеген оқушылар істей алады: Гомотетияның анықтамасын және қасиеттерін біледі. Кейбір оқушылар істей алады: Гомотетия кезінде әртүрлі фигуралардың бейнелерін салады. |
Бағалау критерийлері | - Гомотетияның анықтамасының ұғымына сипаттама береді; - Гомотетияның анықтамасын және қасиеттерін біледі. - Гомотетия кезінде әртүрлі фигуралардың бейнелерін салады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 мин. Өткен сабақты тексеру 5мин. Топпен жұмыс | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау. Ынтымақтастықты қалыптастыру, оқушылардың сенімділігін арттыру. Шаттық шеңбер "Жақсы тілек- жан жылуы " Өткен сабақты тексеру Сұрақтарға жауап беру Өткен сабақтар бойынша сұрақ-жауап жүргіземіз. 1.Гомотетия дегеніміз не? 2.Гомотетияның қасиеттері қандай? 3.Гомотетияның кезінде әртүрлі фигуралардың бейнесін қалай салуға болады? Одан кейін оқушыларды тағы да топтармен орындарын ауыстырып, яғни 1, 2 сандарға бөлу. Жаңа тақырыпты топқа бөлінген оқушыларға абзац арқылы оқытады. Мазмұнын түсіндіріп, кері байланыс береді. | «Жақсы тілек- жан жылуы» оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтып, жақсы көңіл күймен сабақты бастайды. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мысалдар келтіреді. Әр топ өз міндеттерін орындайды. Әр топ өздерінің абзацтарын оқиды, бір-бірімен, жұппен, топпен өзара талқылайды. | Дескриптор: -Өткен сабақтағы ережелерді қайталайды. Жалпы балл-2 Дескриптор: -Тақырыпты оқиды, топта талқылайды - Флипчартқа түсіреді , топта қорғайды. Жалпы балл-3 | Қағаз қиындылары Үлестірме ДК экран Сұрақтар Әр топқа флипчарт , маркер, түрлі түсті фломастер беріледі. | |||
Сабақтың ортасы. 10 мин. | Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар: 1-тапсырма: АВС және А1 В1 С1 үшбұрыштарында АВ = 75 см, ВС = 60 см, АС = 72 см. А1 В1 = 25 мм, В1 С1 = 20 мм, А1 С1 = 24 мм. Осы үшбұрыштар ұқсас па? 2-тапсырма: Қабырғалары 14м,12 м,10 м болатын және гомотетия центрі оның медианаларының қиылысу нүктесі болатын үшбұрыш берілген. Гомотетия коэффиценті 0,5 болатын, гомотетиялы үшбұрыш сал. | Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмаларға оқушылар жауап жазады. | Дескриптор: -Тапсырмаларды орындайды. -Осы тапсырмаларға ұқсас сұрақтар қояды.. Жалпы балл -3 | Слайд Кітап Дәптер | |||
Сабақтың соңы. 5 мин Синтез «Ойлан, тап!» (сабақты бекіту) 5мин Рефлекция Бағалау Үй тапсырмасы | «Ойлан, тап!» (сабақты бекіту) С бұрышы тік , АС=4 см, ВС=3 см АВС үшбұрышы берілген. Бір сызбаға берілген AВС үшбұрышына ұқсас, ұқсастық коэффиценті 2-ге және 3-ке тең болатын үшбұрыштарды сыз. «Менің көңіл-күйім баспалдағы» Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады. Әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша 10 баллдық жүйемен бағалау Үй тапсырмасы: | Оқушылар тапсырмамен жұмыс жасайды Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. | Дескриптор -Тапсырманы орындайды. -Дәптерге жазады. Жалпы балл-2 Жалпы тапсырмалар бойынша 10 балл | Дк экран Дәптер Стикерлер смайликтер | |||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||
Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | | Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады. | |||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |