Файл: аза лтты ыздар педагогикалы университеті бж мамандыыТобы 6В11102 Мденитыныу жмысы. 1 курс, 1 топ.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.12.2023
Просмотров: 31
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Мамандығы/Тобы:
6В11102 Мәдени–тынығу жұмысы. 1 курс, 1 топ
Пән:
Психология
Аты-жөні:
Маханбеткулова Аяжан
Тексерген:
Багибаева М.И.
Тақырып:
«Кәсіби маманның еріктілік қасиеттерін дамыту» кейс.
Алматы 2023
Кейс тақырыбы:«Кәсіби маманның еріктілік қасиеттерін дамыту»
КЕЙС: М есімді мектеп оқушыларына биология пәнінен сабақ беретін ұстазға басшы қалалық «Жас маман» сайысына қатысуға ұсыныс жасады. М есімді ұстаздың сайыстың дайындалуына 4 апта уақыт болды. Бірақ, ұстаз оны шын ниетпен қаламағаннан кейін, дайындалуға деген мүлдем құлқы, ерік-жігері болмады. Сайыстың уақыты жақындаған сайын, оның бойын қорқыныш, қобалжу билей бастады. Алайда мүлдем ерік-жігері жоқ. Осыны байқаған мектеп басшысы М есімді ұстазбен жеке сөйлесіп, неліктен мүлдем дайындық жоқ екенін сұрап, жауабын білгісі келді. Алайда М есімді ұстаз өзінің қолы босамай, уақыттың жетіспеушілігінен деп жеткізді. Солай, мектеп басшылығы оның сайысқа дайындалуы үшін, 1 апта сабақ беруден босатты. Алайда, М есімді ұстаздың мүлдем ерік- жігері жоқ. Сабақ беруге де, өз қызметін атқаруға ла, сайысқа дайындалуға да. Бір күні М есімді ұстаздың атынан түрлі арыздар түсе бастады. Яғни, ұстаз оқушыларға мүлдем сабақ түсіндірмей, сабақ уақыты кезінде телефондағы істерін атқарады екен. Жұмысқа кешігіп келіп, тіпті кей сабақтарына қатыспайтында секілді. Солай, мектеп басшылығы М есімді ұстазбен жиналыс ашып, сөгіс жариялауды жөн көреді. Сайыстың басталуына не бәрі 15 күн қалды. Ал, М есімді ұстаз мүлдем дайын емес, дайындалуға деген құлшынысы да, ерік- жігері де жоқ. Сонымен, мектеп басшылығы М есімді ұстазбен жиналыс ашады. Солай, ұстазға үстінен арыздар түсіп жатқандығын, егер осылай жалғаса беретін болса жұмыстан шығатындығын айтады. Солай, ұстаз ойлана келе егер жұмысынан айырылса балаларын толық керек- жабдығымен қамтамасыз ете алмайтындығы есіне түседі.Өзі сүйіп қалайтын мамандығы, неліктен жалқаулығына ерік беріп жүргендігін түсінгісі келді.Бір күн жеке өзі қалып,өз ойымен сырласты. Солай бұл іс-әрекетінің дұрыс емес екендігін түсініп, енді қайталанбайтынын мектеп басшылығынан кешірім сұрап,ерік-жігер жинайды.Солай бір аптаның ішінде сайысқа қатысып, жүлделі орын алады.
Кейс сұрақтары:
-
М есімді ұстаз неліктен өз жұмысын жасауға ерік- жігері жоқ? Неге соңғы 1 аптада үстінен арыздар жиі түсе бастады? -
Мектеп басшылары жиналыс жасаған сайын нәтиже болып отырды ма? Берілген тапсырмаға жауапкершіліктің болмауына не себеп? -
М есімді ұстаздың ерік- жігерін арттыру үшін мектеп басшылары қандай іс-шаралар қолданды? Ол өзіне ерік-жігерді қалай алды?