Файл: 2023 жылды 5 суір кні 911 сынып лдарымен лдар жиналысы тті. Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 01.12.2023

Просмотров: 28

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2023 жылдың 5 сәуір күні 9-11 сынып ұлдарымен ұлдар жиналысы өтті.

Мақсаты:

-ержігіттің қалай болу керектігі, ел – жұрт, үлкен – кіші, кәрі – жас алдында өзін қалай ұстау керектігі;

-қыздар мен балаларға қамқорлық жасау;

-қиын сәттерде қалай азаматтық таныту секілді істерге бағыт – бағдар беру.

Күн тәртібінде:

1. Тәрбие жөніндегі орынбасары Н.Байжуманов ұлдардың тәртібі, мектеп формасы, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі, сабаққа қатысулары, сабаққа кешігу жайында айтылды.

2. Педогог ұйымдастырушы Д.Ержанқызы «Ұл тәрбиесі. Ұлдарға кеңес» тақырыбында баяндама оқыды.

3.Мектеп инспекторы М.Байғазыұлы «Құқықбұзушылықтың алдын алу басты міндет» тақырыбында ұлдармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.



Тәрбие жөніндегі орынбасары Н.Байжуманов алғашқы сөз кезегін алып Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, құқықбұзушылықтың алдын алу, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды.

Педогог ұйымдастырушы Д.Ержанқызы «Ұл тәрбиесі. Ұлдарға кеңес» тақырыбында баяндама оқып.Ержігіттің қалай болу керектігі, ел -жұрт, үлкен кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, әйелдер  мен балаларға қалай қамқорлық жасау, отбасы мен ел-жұртына қалай  үлгі-өнеге болу, қиын сәттер мен ел басына күн туған сын сағаттарда қалай ерлік көрсетіп, қалай азаматтық таныту секілді істерге бағыт-бағдар беру керектігін айтты

Мектеп инспекторы М.Байғазыұлы «Құқықбұзушылықтың алдын алу басты міндет» тақырыбында сөз сөйлеп мектептің iшкi тәртіп ережелерін таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысуын, қарым-қатынас мәдениетін, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті.  Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстарымен жалғасты. Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсінік берілді.

Шешім етеді :

  1. Жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын-алу үшін мұғалім, оқушы және ата-анара арасындағы жүйелі жұмысты жандандыру, зорлық –зомбылық пен күш көрсетудің, тәртіпсіздіктер мен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілсін.

  2. Бөгде адамдармен қарым – қатынас жасауды басты назарда ұстау

  3. Түнгі уақытта оқушыларды себепсіз, заңды өкілдерінсіз көшеге шығармау


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Н.Байжуманов

Хатшы: А.Сакаева