Файл: 1мтін. Ы. Алтынсарин Такаппарлы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.12.2023

Просмотров: 206

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тест1-мәтін. Ы.Алтынсарин «Такаппарлық»Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ болып, шығар уақытта қарт ішкергі бір есіктен шығарып салуға алып келіпті. Франклин бұл кісіге сөйлесе келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке жақындағанда қарт дауыстапты: - Еңкей, еңкей - деп. Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин маңдайымен тарс ете түсіпті. Сонда қарт күліп айтты дейді: - Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда артық неше соққылардан құтыларсың. Бұл сөзді Франклин сексен жасқа келгенше ұмытпай, "Сол қарттың ақылы маған көп пайда болды және басын жоғары көтерген тәкаппарлықтың әлек болғанынкөзіммен көрдім" деп әрдайым айтушы еді. 1. Америка жұртының даңқты білім иесі, Вениамин Франклин жас күнінде, не себепті Медера қаласына келді деп ойлайсыздар?А) Бір қарт адамға қонақ болып келді.В) Қарттың немересі болатынС) Қартты қарттар күнімен құттықтайын деген мақсатпенD) Қарт көмекке шақырған едіЕ) Америкаға қонақ болып келді.2. Франклин мен қарт сөйлесіп келе жатады, сол кезде Франклинге қарттың ескерткен сөзін мәтінге сүйене отырып себебін табыңыз.А) Ұмытпағайсың, сен жассыңВ) Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда артық неше соққылардан құтыларсың.С) Өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамаD) Басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүр3. Мәтінде қарт шал Вениямин Франклинге айтқан кеңесін дұрыс деп ойлайсыз ба?А) Иә, дұрыс, өйткені кішіпейіл болу керекВ) Жоқ, еңкейген сайын басыну көбейеді.С) Иә, себебі ол қария.D) Жоқ, келіспеймін.Е) Жоқ, әркімнің сөзін тыңдамай, алған беттен таймау керек.2-мәтін «Зор тұлға»Әр ғасырдың өзінің біртума азаматтары , аты аңызға айналған көрнекті тұлғалары болады. Солардың бірі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Есімі дүние жүзіне белгілі болған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері.Ол 1912 жылы 12 қаңтарда Верный қаласында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген.1931 жылы Д.А.Қонаев Мәскеудегі Калинин атындағы «Түсті металдар» институтына оқуға жіберілді. 1936 жылы осы институттың тау-кен факультетін бітіріп, Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кенішіне кен инженері болып барды. Мұнда Д.А.Қонаев қарапайым жұмысшыдан, кеніш директорына дейін көтеріледі.
Ұлы Отан соғысы кезеңінде Риддер кен орнының және Лениногор кен басқармасының директоры болды. Кейін Министрлікте қызметін атқарды. 1952 жылғы сәуірде Ғылым Академиясының академигі және оның президенті болып сайланды. (107 сөз)4. Сұрақ . Мәтінде қай дәуірдің кезеңі баяндалған?А) Кеңес дәуіріВ) Қазақстан Республикасының алғаш құрылған дәуіріС) Азаматтық соғыс кезеңіД) Ақ патша дәуірі5. Сұрақ . мәтіннің тақырыбы:А) Адам және оның қоршаған ортасыВ) Білім және ғылымС) Әлеуметтік қарым- қатынасД) Мемлекеттер мен қалалар6. Сұрақ. Қонаевтың зор тұлға екендігі қай тіркесте ашылып тұр?А) Біртума азаматВ) Социалистік Еңбек ЕріС) Ғылым Академиясының академигіД) Аты аңызға айналған7. сұрақ . Қонаевтың еңбек жолын ретімен көрсетА) 1912, 1931, 1936, 1952В) 1931, 1936, 1952С) 1936, 1952Д) 1912, 19313-мәтінТабиғат Табиғатты қорғау- біздің парызымыз Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген. Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады. Шалғайын шалқар маушыған Бұлт келді, көктем кір кетті. Топырлап ұрған тамшыдан, Топырақ иісі бұрқ етті. Шілде мен тамыз пышаны Шаң ғана болса, Қалдырма Терезелер құшағын Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.

8. Сұрақ .Суреттеу қай сөйлемде?А) Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесіңВ) Оның керемет көрінісі жаныңды тербетедіС) Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген.Д) Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады9. Сұрақ . Кейіптеу қай сөйлемде?А) . Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды.В) Топырлап ұрған тамшыдан, Топырақ иісі бұрқ етті.С) Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрінісД) Шілде мен тамыз пышаны Шаң ғана болса, Қалдырма Терезелер құшағын10. Сұрақ.Тіршіліктің көзі не?А) СуВ) ТабиғатС) АуаД) Жаңбыр11. сұрақ . «Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар.» Сөйлемнен ауыспалы мағынадағы тіркесті тап?А) Көлдер қойнын ашсаВ) құстар қонарС) қаңқылдап құстарД) қойнын ашса12. Сұрақ . «Шалғайын шалқар маушыған Бұлт келді, көктем кір кетті» деп жырлаған кім?А) А.ҚұнанбаевВ).Ы.АлтынсаринС) М.ЖұмабаевД) Қ.Мырзалиев13. Сұрақ. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындар нені білген?А) Табиғат сұлулығынВ) Табиғат құдіреттілігінС) Табиғат сырынД) Табиғат көркемдігін4-мәтін. МЕН «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ»1 БОЛА АЛАМЫН БА?Мен де алмасу оқушысы бола аламын ба? Бұл ой мені қорқытады, бірақ, сонымен бірге өте қызығарлық. Егер мүлде қорықпасаңыз, бұл таңданарлық болар еді. Ең бастысы - сіз мұны қалайтыныңыз және сіздің күтулеріңіз толық орындалуы. Үміткерден не талап етіледі? Оқушылар алмасумен шұғылданатын әр түрлі ұйымдардың талаптарының айырмашылығы аз ғана, бірақ олардың барлығы үміткердің жасына, бітірген сынып санына, үлгеріміне және жеке басының қасиеттеріне нақты талаптар қояды. Әдетте жас шамасы 15-тен 18-ге дейін. Оқушы негізгі мектепті (9 сынып) немесе 10 сыныпты бітіруі талап етіледі. Оқушылар алмасу жұмысының алғашқы жылдарымен салыстырғанда, қазіргі кезде, үлгерім шешуші фактор емес. Көптеген жағдайларда, «орташа үлгерім» жеткілікті болады. Үлгерімнің біршама төмен деңгейінің есесі әңгіме өткізу кезінде оқушының жақсы әсер қалдыруымен қайтарылуы мүмкін. Көп жағдайларда мектептен немесе мұғалімнен мінездеме қажет болады. Бұдан басқа, өтінішіңізге сіздің мектептегі бағаларыңыз бар көшірмені қосу керек. Тілді білу жиі жазба жұмыс (тест) арқылы және өте сирек ауызша экзамен арқылы бағаланады. Сірә, үміткерден шет тілінде жүгіртіп сөйлей білу талап етілмеуі тиіс, өйткені тіл біліктілігі мен дағдысын дамыту оның шетелге оқуға баруға әзірлену себептерінің ішінде бірінші орында тұр. Әңгімелескенде үміткерлер күнделікті өмірдегі қатынаста ең болмағанда өздерінің пікірі мен қалауын қарапайым сөздермен білдіруі және қысқаша, жеңіл-желпі сөйлесе алуы ескеріледі. Жақсы денсаулық міндетті шарт. Бірақ сізге өз еліңізде мектепке баруға ештеңе кедергі жасамаса, онда сіздің алмасу оқушысы болмайтыныңыздың себебі де жоқ. Кейбір созылмалы аурулар, мысалы, қатты аллергия, сіз бірге тұратын, лайықты отбасын іздеу уақытын көбейтуі мүмкін. Бірақ бұл сізді тоқтатпауы тиіс. Барлық ұйымдар оқушының жеке басының қасиеттеріне ерекше көңіл аударады. Әсіресе ісі мен әрекеттеріндегі сенімділік, жақсы әдеттер, көңілді мінез, қарым-қатынас жасай білу, бейімделе алу, ұжымда жұмыс істей білу, кемелдену, оқуға ынтығу және ой өрісінің кең болуы маңызды деп есептеледі. Бұл қасиеттердің барлығы үміткермен жеке әңгімелесу барысында және мұғалім немесе мектеп әкімшілігі берген мінездеменің негізінде бағаланады. 1 «Алмасу оқушысы» біраз уақыт бойы, әдетте бір жыл бойы басқа елдегі қандай да бір отбасында тұрып оқиды
14. Сұрақ : Бұл мақаланың басты ойы неде?A Оқушылар алмасатын жеке бағдарламаны жарнамалауB Алмасу бағдарламаларға қатысу қандай мүмкіндіктер беретінін түсіндіруC Алмасу бағдарламасының мақсаттарын атап шығуD Алмасу бағдарламасына қатысу талаптарын сипаттау15. Сұрақ. .Мақалада не жазылғаны туралы айтуға болады (оның мазмұны туралы).16. Сұрақ.Мақала қалай жазылғаны туралы айтуға болады (оның стилі туралы).17. Сұрақ Мақаланың авторы келешекте алмасуға қатыса алатын оқушылардың назарын аудару үшін, оны осындай мәнерде жазуға тырысты. Қалай ойлайсыңдар, бұл оның қолынан келді ме?Жауаптарыңызды растайтын мысалдар келтіріңіз. ....................................................................................................................... ....................................................................................................................... .......................................................................................................................18. Сұрақ . Оқушылар алмасу үшін, мақалаға сәйкес, қандай талап ең маңызды болып табылады?A Өте жақсы оқу жетістіктері.B Жақсы дамыған тұлғалық қасиеттер.C Шет тілін өте жақсы меңгеру.D Мықты денсаулық.19. Сұрақ. Неліктен тілді білу негізгі шарт емес?A ) себебі тілді білу жиі жазба жұмыс (тест) арқылы бағаланады.B) себебі өте сирек ауызша экзамен арқылы арқылы бағаланадыС) өйткені үміткерлер күнделікті өмірдегі қатынаста жеңіл-желпі сөйлесе алуы ескеріледі.D ) өйткені тіл біліктілігі мен дағдысын дамыту оның шетелге оқуға баруға әзірлену себептерінің ішінде бірінші орында тұр.20. Сұрақ. Жақсы денсаулық неліктен міндетті шарт?A. Басқа елдің ауа райын көтере алмауы мүмкінB. Бірге тұратын, лайықты отбасын іздеу уақытын көбейтуі мүмкін.C . Оқуында қиындық туғызуы мүмкінD. басқа елге жібермей қоюы мүмкін